Ќабылдау туралы жалпы ±ѓым



бет15/16
Дата18.05.2020
өлшемі1,27 Mb.
#69294
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
КЖ Кабылдау

ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда айтқанымыздай, түйсіктер қарапайым бейнелеудің жеке формаларының шеңберінен шыға алмайды. Ал сыртқы дүниені бейнелеудің шындықты процесі бұл формалардан бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъекті нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне деп таниды. Бұл бейнелерді қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Біріктірудің мұндай түрі бір сезімдік қызмет аймағында да (суретке қарай, біз әртүрлі көру әсерлерін бір, бүтін бейнеге келтіреміз), сондай-ақ, бірнеше сезімдік қызмет ауытқуымен (апельсинді тану үшін біз көру, сипап сезу, дәм, бұларға қоса жеміс жөніндегі білімдерімізді байланыстырамыз) орындалуы мүмкін. Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз.

Бұрыннан белгілі заттарды (кітап, үй) танудың ешбір қиындығы жоқ – қажетті пікірге келу үшін адам қабылданатын объектінің бір-екі белгісін біріктірсе, жетіп жатыр. Ал жаңа немесе бейтаныс заттардың қабылданып, танылуы әлдеқайда күрделірек әрі көптеген формалардың бір-біріне қатынасын ұғу негізінде орындалады. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру сияқты күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.

Қабылдау – аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Бұл күрделірек пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Ең алдымен, ақпарат ағымы – бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу, дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуендеп не күбірлей қайталау).

Сондықтан да, психикалық қабылдау процесін субъектінің зөатты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті деп қарастырған жөн.

Сонымен бірге, қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъекті өзіне келіп жеткен ақпараттыбұрыннан бар біліктермен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпаратттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызу жөнінде ұйғарым қабылдайды. Былайша айтқанда, субъектінің танымдық іс-әрекеті көрнекілік пен ойластыру негізінде өтіп, қабылданатын объекті неғұрлым бейтаныс әрі күрделі болса, ондағы көрнекілік басымдау келеді.

Міне сондықтан да, қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашанда бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Және бір, маңызы жағдаят. Заттың санада қабылдануы еш уақытта қарапайым, жәй деңгейде орындалуы мүмкін емес, ол психикалық іс-әрекеттің ең жоғарғы сатысы – тілмен тікелей байланысты. Осының бәрі субъектінің қабылдау іс-әркеті өзінің психоллогиялық құрылымы бойынша бейнелі ой ісіне жақын дәлелдейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет