Ќабылдау туралы жалпы ±ѓым


Қабылдаудағы иллюзия мен апперцепция



бет12/16
Дата18.05.2020
өлшемі1,27 Mb.
#69294
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
КЖ Кабылдау

2.5. Қабылдаудағы иллюзия мен апперцепция

Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бсрмейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептергс байланысты пайда болады. Мысалы, шай қүйылған стаканға салынған қасықтың «сынған» құсап тұруы физикалық қасиеттерімен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ пікірлер адамның әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты.

Иллюзияның табиғаты ғылымда әлі де толық зерттелмеген.



Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде көру қабылдауында иллюзиялар жиі кездеседі. Бұл көбінесе заттардың кеңістікке орналасу жағдайын адамның жөнді білмеуінен туады. Көру (оптика) иллюзияларына: контраст, перспектива, қашықтық, затгың жоғары жағын артық бағалау, түзу кесіндінің ығысу иллюзиясы т. б. жатады. Мәселен, перспектива иллюзиясын алайық. Айталық үш бағананың биіктігі бірдей дейік. Ал көріп түрған кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты болып көрінеді. Мүның себебі – нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында тұрса -үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса - кішірейіп көрінеді. Осы мысалдағы ортадағы дөңгелектер шынында, өзара тең, бірақ көзге әр түрлі болып көрінеді, өйткені бірі үлкен дөңгелектердің, екіншісі - кішкентай дөңгелектердің қоршауында тұр. Тәжірибе арқылы тексеріп көру — қабылдаудың дұрыстығының бірден-бір өлшемі. Мәселен, стакандағы шайдан қасықты алып, оның сынбағандығын байқау — осындай тәжірибенің қарапайым түрі. Иллюзия заңдылықтарын дұрыс түсінудің тәжірибелік мәні зор.

Белгілі ғұлама Ә. Бөкейханов шығармаларында иллюзия жөнінде қызықты фактілер келтірген. Ол былай дейді; сұқ қолымен ортан қолды бір-бірінен артылтып сальш, екеуі бірдей тиетін қылып, астына бытырадай домалақ қамырды салып, екеуінің арасымен домалатып, көзіңді жұмшы. Жалғыз домалақ қамыр екені көрінеді. Қол алданды, көз түзетті. Жақындап келіп, айнаға қарашы: терезе не есік болып, аржағында бір нәрсе түрғандай көрінеді. Қолыңмен сипасаң анықтала кетеді. Көз адасты, саусақ ссзімді түзетті (жетпіс жеті мысал, жинақ, М.. 1925, 15 бет). Мәселен, иллюзиялар архитектура мен бейнелеу өнсріндс. әскери маскировкада, баспахана әріптерін жасауда, сахнаны безендіруде жиі қолданылады. Иллиюзияның заңдылықтарын білу адам ойлауындағы сыншылдықты дамыта түседі. Иллиюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заггардың жалған, теріс бейнелері — галлюцинациялардан ажырату қажет. Мұндай науқасқа ұшыраған адамның ұғыну қабілеті кемиді де, есі кіресілі- шығасылы болады. Мәселен, оған ешкім дауыстамаса да ол бір дауыс естігендей, денесінде қайдағы бір жоқ жорғалап жүргендей көрінеді. Бұл көбінесе шизофрения, инфекция ауруларының негізінде пайда болып отырады. Бұл аурулардан психиатр-дәрігерлердің көмегімен айығуға болады. Ми қабығында қозу процесі тежелумен алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай (бүл Жүйкенің патологиясы) галлюцинациялық бейнелер пайда болады.

Апперцепция

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дсйді. Апперцепция тұрақты жәпе уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мсн дүниетанымына байланысты болып отырады. Мәселен, «түбір» деген сөзді әр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Тіл маманы осы сөзді ести салысымен сөздің түбірі жайлы айтқысы келеді. Ал ботаник болса, шөптің түбірін, математик санның түбірін айтып беретіндігі белгілі. Апперцепция затгы түрлі жағынан бағалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше көзқарасын білдіре алуы. Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты. Білім адамның ойын терендетіп, оның мазмұнын кеңітіп қана қоймайды, дүниені жан-жағынан терең түсіне білуге жағдай туғызады. Адам есейген сайын оның білімі, тәжірибесі молая түседі, дүниетанымы қалыптасады. Бұл оның апперцепциясының өзгеруіне әсер етеді. Балалардың оқу материалын жақсы қабылдай алуы олардың апперцепциясына (яғни түсінік қорына) байланысты болып отырады. Оқушыны жаңа сабаққа даярлау бұл, біржағынан, оның апперцепциясын тудырып отыру деген сөз.

Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мұны уақытша апперцепция дейді. Апперцепцияның уақытша түріне А. С. Пушкиннің «Вурдалак» деген өлеңі жақсы мысал бола алады. Осы өлеңінде Ваня деген қорқақ бала түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол қорықканынан қара тергс түседі, сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан өлікке балайды. Өйткені оның һзі осындай кереметтердің «болатындығына» сенетін.



М. Әуезов «Қыр әңгімелерінде» Жортар қарттың басынан кешкен бір оқиғаны былайша суреттейді: «Бейіттің іші әлгіден де жарық болып кетіп, артынаи бәсеңдегендей болды... құдай көрсетпесін – көзіме өзінің бұрын түсін көрмеген, атын естімеген бір пәле көрінді.



Алғашқы көргсн кездс «жалмауыз» дедім. Нобайы адамға ұқсамайды. Қап-қара, тырдай жалаңаш. Бойы еңгезердей, үлкен, биіктігі кісі бойы — қол сұғымдай шашы бұрқырап тұр. Көзіме түскен, әсіресе, қорқынышты жері — аузы. Ырсиып, от болып, тістері ақсиып сойдиып тұр екен. Аузынан кәдімгідей от бүркіп тұр... өзге еш жері көрінбейді. Қараңғы бұрышта қып-қызыл от болып жанып түрған ырсиған ауыз, ақсиған тіс қана көрінгендей болды... тұрайын десем, буынымды баса алатын емеспін... қозғаларға шамам жоқ... құр сүлдем отыр... Бір мезгілде... ақырын келіп, иығымнан бас салды...»

Жын-шайтан, пері, албасты дейтін ұғымдарға қатты сенетін адамға бейіт ішінде осындай «керемет» көріністерді туғызған жауыннан паналап жүрген екінші бір адамның әлсін-әлі жағып жүрген сіріңкесі екен. «Қорыққанға қос көрінеді» деген мәтел осындай адамдардың психологиясын өте жақсы көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет