2.4. Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы)
Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы) деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағаналарының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз. Өйткені олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр. Мәселен, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып қабылдана береді. Жарықтың түрлі әсерінен көмір: бірде қара, бірде сұрғылт, болып қабылдана береді. Мұның бәрі кру анализаторында түрліше бейнеленеді. Осы заңдылық тұрмыста, еңбек процесінде түрлі заттарды тез, оңай тануға мүмкіндік береді. Қабылдаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастың арасында қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен тәжірибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғарғы психикалық функция – сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір тұрақты түрге енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |