Қабірде қойылатын үш негізгі сұРАҚ


أَوَلَمْ يَنْظُرُوا فِي مَلَكُوتِ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَمَا خَلَقَ اللَّهُ مِنْ شَيْءٍ



бет4/10
Дата31.12.2019
өлшемі12,1 Mb.
#55210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

أَوَلَمْ يَنْظُرُوا فِي مَلَكُوتِ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَمَا خَلَقَ اللَّهُ مِنْ شَيْءٍ

«Олар көктер мен жердегі Аллаһтың мүліктеріне және Аллаһ жаратқан нәрселеріне ... үңіліп қарамайды ма?» («әл-Әғраф» сүресі, 185-аят). Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ сондай-ақ былай деді:

قُلْ إِنَّمَا أَعِظُكُمْ بِوَاحِدَةٍ أَنْ تَقُومُوا لِلَّهِ مَثْنَى وَفُرَادَى ثُمَّ تَتَفَكَّرُوا مَا بِصَاحِبِكُمْ مِنْ جِنَّةٍ إِنْ هُوَ إِلا نَذِيرٌ لَكُمْ بَيْنَ يَدَيْ عَذَابٍ شَدِيدٍ (٤٦)

(Мухаммад,) оларға: «Шын мәнінде, сендерге бір үгіт беремін; Аллаһ үшін екі-екіден және бір-бірден тұрыңдар да, сосын ойланыңдар...», - де” («әс-Саба» сүресі, 46-аят). Аллаһ сондай-ақ былай деді:

إِنَّ فِي خَلْقِ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَاخْتِلافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ لآيَاتٍ لأولِي الألْبَابِ (١٩٠)

«Шәксіз, көктердің және жердің жаратылуында, түннің және күндіздің өзгеруінде, әлбетте, ақыл иелері үшін дәлелдер бар» («Әли Имран» сүресі, 190-аят). Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ сондай-ақ былай деді:

إِنَّ فِي اخْتِلافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَمَا خَلَقَ اللَّهُ فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ لآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَّقُونَ (٦)

«Расында, түн мен күннің ауысып келуінде және Аллаһтың көктер мен жердегі жаратқан нәрселерінде, әрине, сақтанатын ел үшін дәлелдер бар» )«Юнус» сүресі, 6-аят). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

إِنَّ فِي خَلْقِ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَاخْتِلافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَالْفُلْكِ الَّتِي تَجْرِي فِي الْبَحْرِ بِمَا يَنْفَعُ النَّاسَ وَمَا أَنْزَلَ اللَّهُ مِنَ السَّمَاءِ مِنْ مَاءٍ فَأَحْيَا بِهِ الأرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا وَبَثَّ فِيهَا مِنْ كُلِّ دَابَّةٍ وَتَصْرِيفِ الرِّيَاحِ وَالسَّحَابِ الْمُسَخَّرِ بَيْنَ السَّمَاءِ وَالأرْضِ لآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ (١٦٤)

«Күдіксіз, көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күннің ауысуында, адам баласына пайдалы нәрселерді тасып, теңізде жүрген кемелерде, Аллаһ аспаннан жаудырып әрі сол арқылы өлген жерді тірілткен жаңбырда, және онда әр түрлі хайуанаттарды таратқанында, желдердің ауысуында, жер мен көктің арасында бағынышты болып тұрған бұлтта, әлбетте, ойланатын адамдар үшін аят-белгілер бар» («әл-Бақара» сүресі, 164-аят(.

Пенденің Раббысын тану тәсілдеріне Аллаһтың шариғатқа қатысты аят-белгілерін, яғни адамдарға пайғамбарлар (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) баяндап берген уахиларды зерделеу де жатады. Пенде бұл аят-белгілерге және бұл дүние мен Ақыреттегі өмірдің негізі болып табылатын олардың ұлы игілігіне назар аударуы керек, әрі егер ол оларға назар қоятын болса, олар туралы (әрі олар өзіне қамтыған білім мен даналық туралы) ойланатын болса, әрі олардың реттілігіне және Аллаһтың құлдарының мүдделеріне сәйкес екендігіне көзі жетсе, онда осы арқылы ол өзінің аса Құдіретті әрі Ұлы Раббысын тани алады. Бұл туралы Аллаһ былай деп айтқанындай:

أَفَلا يَتَدَبَّرُونَ الْقُرْآنَ وَلَوْ كَانَ مِنْ عِنْدِ غَيْرِ اللَّهِ لَوَجَدُوا فِيهِ اخْتِلافًا كَثِيرًا (٨٢)

«Ал, сонда олар Құран туралы ойланбайды ма? Өйткені егер ол Аллаһтан болмағанда, әрине, онда олар көптеген қайшылықтар табар еді» )«ән-Ниса» сүресі, 82-аят(.

Жоғарыда аталған себептердің қатарына аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың мүминнің жүрегіне ол Оны өңінде көретініндей таным сыйлай алатыны да жатады. Жәбірейілдің «Ихсан не?» деген сұрағына Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап бергені туралы жеткізіледі: «Ихсан дегеніміз – бұл сенің Аллаһқа Оны көріп тұрғаныңдай құлшылық етуің, ал егер сен Оны көрмесең де, ақиқатында, Ол сені көріп тұр (екенін ұмытпау)» («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», № 47).

(«Оның дінін»). Яғни екінші негізді, немесе адамға соған сәйкес амал ету парыз етілген Оның дінін тану. Әрі ол сондай-ақ дін өзіне қамтыған даналыққа, рахымшылыққа және адамдарға деген пайдаға сәйкес амал етуі керек, әрі оны оған зиян-зардап келтіретін барлық нәрседен қорғауы қажет. Егер адам Ислам туралы дін ретінде жақсылап, яғни осы ойланудың негізіне Құран мен Сүннеттің заң-ережелері қойылатындай ойланатын болса, онда ол Исламның хақ дін екеніне әрі тек сол арқылы ғана адамдардың мүдделеріне сәйкес келетін нәрселердің орындалуына қол жеткізуге болатындығын біледі. Осы орайда біз Исламды мұсылмандардың қазіргі жағдайына сәйкес бағаламауымыз керек, өйткені олар көп нәрселерді елемей тастады әрі ешбір жағдайда жол беруге болмайтын нәрселерге жол берді, осының салдарынан кейбір елдерде мұсылмандар арасында өмір сүретін адам мұсылман емес ортада өмір сүріп жатқандай болды.



Осы орайда Ислам дін ретінде, Аллаһқа мадақ, бұрынғы діндерге тән болған бүкіл пайдалы нәрселерді өзіне қамтиды, әрі олардан өзінің кез-келген уақытқа, кез-келген жерге және кез-келген халыққа сәйкес келуімен ерекшеленеді. Бұл дегеніміз – Исламды ұстану халықтың мүддесіне, ол қай кезде, қай жерде өмір сүрсе де, еш қайшы келмейді, керісінше, оларға сәйкес келеді дегенді білдіреді. Басқа жағынан, бұл Исламның әлдебір уақытқа, орынға немесе адамдарға бағынышты болып қалатынын білдірмейді, өйткені бұл дін кез-келген лайықты адамгершілік сипаттарды қолпаштап әрі жаман сипаттарға тыйым салып, бүкіл игілікті жасауды бұйырады және бүкіл жамандыққа тыйым салады.

(«Әрі Оның Пайғамбарын (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)»). Бұл жерде үшінші негіз туралы, яғни адамның Оның Пайғамбары Мухаммадты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тануы туралы сөз болуда. Мұндай танымға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірін зертеу арқылы, яғни ол өзінің құлшылығын қалайша атқарғандығы туралы, оған қандай адамгершілік сипаттар тән болғандығы туралы, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа қалай шақырғандығы туралы, ол Оның жолында қалай күрескендігі туралы, әрі ол басқа да түрлі жағдайларда өзін қалай көрсеткендігі туралы білім алу арқылы ие болуға болады. Әрі сондықтан да Пайғамбар туралы өзінің білімін және оған деген иманын көбейткісі келген адам, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянына жүгінуі және ол жерден ол солар арқылы соғыс күндерінде де, бейбітшілік кезде де, мұқтаждықта да, молшылықта да, сондай-ақ барлық басқа жағдайларда да жетістікке жете алатын нәрселерді алуға тиіс. Әрі біз аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтан Ол бізді Өзінің Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сырттай және іштей ілесу жолына салуын және бізді осындай кейіпте көз жұмуымызды нәсіп етуін сұраймыз, өйткені, ақиқатында, бұл Оған тәуелді, әрі Ол осыны істеуге құдіретті.

Автор сөзі:

* الأصل الأول *

معرفة الرب

فَإِذَا قِيلَ لَكَ: مَنْ رَبُّكَ؟



فَقُلْ: رَبِّيَ اللهُ الَّذِي رَبَّانِي، وَرَبَّى جَمِيعَ الْعَالَمِينَ بِنِعَمِهِ، وَهُوَ مَعْبُودِي لَيْسَ لِي مَعْبُودٌ سِوَاهُ؛

«БІРІНШІ НЕГІЗ: РАББЫСЫН ТАНУ

Егер сізден: «Раббың кім?» - деп сұраса, сіз: «Менің Раббым – Аллаһ. Ол мені тәрбиелеп-өсірді (Раббылық етті) және бүкіл әлемдерді де Өз нығметімен тәрбиелеп-өсірді. Мен Оған ғана құлшылық етемін және мен үшін Одан басқа құлшылық етер ешбір құдай жоқ!», - деп жауап беріңіз».



Шарх:

(«Раббың кім?»). Яғни сені жаратқан, қолдаған, дайындаған және өмір сүруіңе қажетті нәрселермен қамтамасыз еткен Раббың кім?

Мені және бүкіл әлемдерді Өз нығметімен тәрбиелеп-өсірді»). Тәрбиелеп-өсіру дегенде сол арқылы өсіріп-тәрбиеленетін нәрсенің түзелуіне қол жеткізілетін зейін-назар таныту меңзеледі. Автордың (Аллаһ оны рахым етсін) сөздері «Раббы» (Рабб) сөзінің тәрбиелеп-өсіру (тарбия) сөзіне қатысты екенін сезіндіреді, өйткені ол былай деп айтқан: «... Ол мені тәрбиелеп өсірді (раббани) және бүкіл әлемдерді де Өз нығметімен тәрбиелеп-өсірді (рабба)». Әрі шындығында да, Аллаһ Өз нығметімен бүкіл әлемдерді олар не үшін жаратылған болса, соған дайындап және олардың өмір сүруіне қажетті нәрселерін беру арқылы қолдап, тәрбиелеп-өсірді. Мысалы, Муса мен Перғауынның әңгімесі туралы баяндап, Аллаһ былай деген:

قَالَ فَمَنْ رَبُّكُمَا يَا مُوسَى (٤٩)قَالَ رَبُّنَا الَّذِي أَعْطَى كُلَّ شَيْءٍ خَلْقَهُ ثُمَّ هَدَى (٥٠)

«(Перғауын:) "Әй Муса! Раббыларың кім?", - деді. (Муса:) "Раббымыз - әр нәрсеге бір бейне беріп, содан соң оны тура жолға салған", - деді» («Та Ха» сүресі, 49-50-аят). Әрі аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ бүкіл әлемдерді Өз нығметтерімен тәрбиелеп-өсіріп, ризықтандырды.

Аса Құдіретті және ұлы Аллаһ Өзінің құлдарына берген нығметтері соншалықты көп, олардың санына жету тіпті мүмкін емес.

Аллаһ Тағала былай деген:

وَآتَاكُمْ مِنْ كُلِّ مَا سَأَلْتُمُوهُ وَإِنْ تَعُدُّوا نِعْمَةَ اللَّهِ لا تُحْصُوهَا إِنَّ الإنْسَانَ لَظَلُومٌ كَفَّارٌ (٣٤)

«Егер Аллаһтың нығметтерін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында, адам баласы өте ынсапсыз әрі аса шүкірсіз» («Ибраһим» сүресі, 34-аят). Сөйтіп, Аллаһ бізді жаратқандықтан, бізді дайындағандықтан және бізге өмір сүруімізге қажетті нәрселерімізді бергендіктен, жалғыз Ол ғана құлшылық етуге лайық.

(«Мен Оған ғана құлшылық етемін»). Яғни: Ол – менің құлшылық ететінім, әрі мен Оған толық тәуелді болғандығымнан, Оны жақсы көргендігімнен, сондай-ақ Ол маған бұйырған нәрселерді орындауым және Ол маған тыйым салған нәрселерден тыйылуым арқылы Оны ардақтап-дәріптейтіндігімнен Оған бағынып-мойынсұнамын. Әрі аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтан басқа мен құлшылық ететін ешкім жоқ, өйткені Аллаһ Тағала былай деген:



وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ مِنْ رَسُولٍ إِلا نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لا إِلَهَ إِلا أَنَا فَاعْبُدُونِ (٢٥)

«(Мухаммад,) Біз сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: "Күдіксіз, Менен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ендеше, Маған ғана құлшылық қылыңдар!", - деп қана уахи етіп жібердік» («әл-Әнбия» сүресі, 25-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

وَمَا أُمِرُوا إِلا لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاءَ وَيُقِيمُوا الصَّلاةَ وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ وَذَلِكَ دِينُ الْقَيِّمَةِ (٥)

«Олар ғибадатты нағыз Аллаһқа шынайы ықыласпен, бірқұдайшыл (ханиф) болған күйде орындауға, намаз оқуға және зекет беруге бұйырылған еді. Міне осы – тұп-тура дін» («әл-Бәййина» сүресі, 5-аят).

Автордың сөздері:

وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ﴾[الفاتحة: 2].

«Бұған дәлел - Аллаһ Тағаланың келесі сөздері:

﴿ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

«Барлық мақтау әлемдердің Раббысы – Аллаһқа» («Фатиха» сүресі, 2-аят)».

Шарх:

Дәлел»). Автор (Аллаһ оны рахым етсін) Пәк Аллаһ Тағала бүкіл болмысты тәрбиелеп-өсіргеніне нұсқап, осыған дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың:

الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ (٢)

«Барлық мақтау әлемдердің Раббысы – Аллаһқа» («Фатиха» сүресі, 2-аят)», - деген сөздерін пайдаланады, ал бұл Аллаһ Тағаланы кемелдік пен ұлылықтың жалғыз Иесі ретінде сипаттайды.

«Әлемдердің Раббысы» деген сөздер Оның оларды Өз нығметтерімен тәрбиелеп-өсіргенін, Ол олардың Жаратушысы және Иесі екенін, әрі Ол оларды Өз қалауына сәйкес басқаратынын білдіреді.

Автордың сөздері:

وَكُلُّ مَنْ سِوَى اللهِ عَالَمٌ، وَأَنَا وَاحِدٌ مِنْ ذَلِكَ الْعَالَمِ.

فَإِذَا قِيلَ لَكَ: بِمَ عَرَفْتَ رَبَّكَ؟

فَقُلْ: بِآيَاتِهِ وَمَخْلُوقَاتِهِ، وَمِنْ آيَاتِهِ: اللَّيْلُ، وَالنَّهَارُ، وَالشَّمْسُ، وَالْقَمَرُ، وَمِنْ مَخْلُوقَاتِهِ السَّمَاوَاتُ السَّبْعُ وَالأَرَضُونَ السَّبْعُ وَمَنْ فِيهِنَّ، وَمَا بَيْنَهُمَا؛

«Аллаһтан өзгенің барлығы - әлем, мен де сол әлемнің бірімін.

Егер де сізге: «Сен Раббыңды не арқылы таныдың?» - деген сұрақ қойылса, сіз: «Оның аят-белгілері мен Ол жаратқан нәрселері арқылы таныдым», - деп жауап беріңіз. Түн мен күндіз, күн мен ай Оның аят-белгілерінен. Ал жеті қабат аспан мен жеті қабат жер және ондағылар мен олардың арасындағылар - Аллаһтың жаратылыстарынан».

Шарх:


(«Аллаһтан өзгенің барлығы – әлем»). Аллаһтан өзгенің барлығы әлем болып табылады, әрі жаратылған нәрселердің барлығынының әлем (ғаләм) деп аталуы – олардың өз Жаратушысына, Иесіне және Басқарушысына нұсқау (аләм) болып табылатынында, өйткені әрбір зат өзіне Аллаһтың Жалғыз екендігіне нұсқайтын Аллаһтың аят-белгісін қамтиды.

Мен осымен келісемін әрі осы әлемдердің бірі болып табыламын, ал бұл Аллаһтың мені де жалғыз Өзіне ғана құлшылық етуге міндеттегенін білдіреді.

(«Сен Раббыңды не арқылы таныдың?»). Яғни егер сенен: «Сен аса Құдіретті және Ұлы Аллаһты не арқылы таныдың?» - деп сұраса, сен: «Мен Оны Оның аят-белгілері және Ол жаратқан нәрселері арқылы таныдым», - деп жауап бер.

(«Аят-белгілері»). Аят деп әлдебір құбылыстың оған нұсқау болып табылатын және оны өзі арқылы түсіндіріп беретін белгісін атайды.

Аллаһтың аят-белгілері екі түрлі болады: бүкіл болмыста көрініс табатын аят-белгілер, және діни заңның түсуімен байланысты аяттар. Бүкіл болмыста көрініс табатын аят-белгілерге Аллаһтың бүкіл жаратылысы жатады. Ал діни заңдардың түсірілуіне байланысты аяттарға келер болсақ, олар Аллаһтың Өз елшілеріне түсірген уахилары болып табылады. Осыдан шыға келе, егер «аят» дегенде аят-белгілердің екі түрін де түсінетін болсақ, онда автордың (Аллаһ оны рахым етсін): «Оның аят-белгілері мен Оның жаратқан нәрселері арқылы...», - деген сөздері жалпыға жекені жалғау болып табылады. Ал егер сөз тек діни заңдарды түсірумен байланысты аяттар туралы болып жатса, онда бұл сөздер3 қосымшаның рөлін атқарады. Алайда, қалай болғанда да, аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Оның бүкіл болмыста, яғни ғажайып өнер мен теңдесі жоқ даналықтың өнегесі болып табылатын Оның бүкіл ұлы жаратылыстарында көрініс табатын аят-белгілерінің көмегімен, сондай-ақ Оның әділдігімен ерекшеленетін әрі өзіне бүкіл пайдалы нәрсені біріктіріп, бүкіл жамандыққа қарсы тұратын діни заңдардарды түсіруімен байланысты аяттарының көмегімен танылатыны дұрыс. Ақындардың біреуі: «Әрбір затта Оның Жалғыз екендігіне нұсқайтын Оның аят-белгісі бар», - деген екен.

(«Түн мен күндіз, күн мен ай Оның аят-белгілерінен»). Оның жоғарыда аталған барлық аят-белгілері Аллаһтың құдіретінің, даналығының және рахымының мінсіз кемелдігіне нұсқайды. Мысалы, күн аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың аят-белгілерінің бірі болып табылады, өйткені ол Аллаһ Тағала оны жаратқан уақыттан бері тәртіпті және таң қаларлықтай қозғалыс кейіпінде болып келеді, әрі Аллаһ бұл дүниені бұзуды қалағанға дейін ол осылайша қозғала береді. Аллаһ Тағала бұл туралы былай деген:



وَالشَّمْسُ تَجْرِي لِمُسْتَقَرٍّ لَهَا ذَلِكَ تَقْدِيرُ الْعَزِيزِ الْعَلِيمِ (٣٨)

«Сондай-ақ күн өзінің орнына қарай жүреді. Бұл аса Үстем, әр нәрсені Білуші Аллаһтың белгілеген тағдыры» («Я Син» сүресі, 38-аят). Өзінің көлемімен және ықпалымен ол Аллаһтың аят-белгілеріне жатады, өйткені оның көлемі өте үлкен. Ал оның ықпалы туралы айтар болсақ, онда ол денелердің, ағаштардың, өзендердің, теңіздердің тағы да сол сияқтылардың ол арқылы алатын пайдасында көрініс табады. Әрі егер біз күнмен біздің арамызды бөліп жатқан сол бір ұлы қашықтыққа назар салатын болсақ, онда біз осыған қарамастан оның жылуын сезіп жатқанымызға көз жеткізе аламыз. Сондай-ақ оның адамдарға беріп жатқан жарығына әрі олар сол арқылы өздері үшін көптеген пайдалар алып жатқанына да назар аудару қажет, өйткені күндізгі уақытта оларға (айналасын) жарықтандыру үшін еш нәрсе жұмсаудың қажеті жоқ. Әрі бұл аят-белгі әлі де болса көп жағынан танылмағаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін өзге де көптеген осындай заттарға нұсқауға болады.

Әрі ай да оның әрбір фазасын аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ әрбір жаңа түнге сәйкес болатындай етіп белгілеген Оның аят-белгілеріне жатады. Аллаһ Тағала былай деген:

وَالْقَمَرَ قَدَّرْنَاهُ مَنَازِلَ حَتَّى عَادَ كَالْعُرْجُونِ الْقَدِيمِ (٣٩)

«Біз айдың орындарын да, ол ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін өлшеп қойдық» («Я Син» сүресі, 39-аят). Әрі осы орайда ай алдымен кішкентай болып көрінеді де, кейін өзінің толық көлеміне дейін өсіп, содан соң тағы да кішіреді, және осынысымен ол дүниеге әлсіз болып келетін, кейін күш жинайтын, ал содан соң қайтадан әлсіздікке оралатын адамды елестетеді. Жаратушылардың ең жақсысы Аллаһ Игі-Берекелі!

Автордың сөзі:

وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَمِنْ آيَاتِهِ اللَّيْلُ وَالنَّهَارُ وَالشَّمْسُ وَالْقَمَرُ لاَ تَسْجُدُوا لِلشَّمْسِ وَلاَ لِلْقَمَرِ وَاسْجُدُوا لِلَّهِ الَّذِي خَلَقَهُنَّ إِن كُنتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ﴾[فصلت: 37]. وَقَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿إِنَّ رَبَّكُمُ اللّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ يُغْشِي اللَّيْلَ النَّهَارَ يَطْلُبُهُ حَثِيثاً وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ وَالنُّجُومَ مُسَخَّرَاتٍ بِأَمْرِهِ أَلاَ لَهُ الْخَلْقُ وَالأَمْرُ تَبَارَكَ اللّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ﴾[الأعراف: 54].

«Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

﴿وَمِنْ آيَاتِهِ اللَّيْلُ وَالنَّهَارُ وَالشَّمْسُ وَالْقَمَرُ لاَ تَسْجُدُوا لِلشَّمْسِ وَلاَ لِلْقَمَرِ وَاسْجُدُوا لِلَّهِ الَّذِي خَلَقَهُنَّ إِن كُنتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ﴾

«Түн мен күндіз, күн мен ай - Оның аят-белгілерінен. Күнге де, айға да сәжде етпеңдер, оларды жаратқан Аллаһқа ғана сәжде етіңдер, егер тек Оған ғана құлшылық етпек болсаңдар» («Фуссиләт» сүресі, 37-аят).

Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың мына сөздері де:

﴿إِنَّ رَبَّكُمُ اللّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ يُغْشِي اللَّيْلَ النَّهَارَ يَطْلُبُهُ حَثِيثاً وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ وَالنُّجُومَ مُسَخَّرَاتٍ بِأَمْرِهِ أَلاَ لَهُ الْخَلْقُ وَالأَمْرُ تَبَارَكَ اللّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ﴾

«Күдіксіз, Раббыларың - көктер мен жерді алты күнде жаратқан Аллаһ. Содан кейін Аршыға көтерілген. Күндізді соңынан асыққан түнмен бүркеді. Күн мен айды және жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Күдіксіз, жарату және бұйрық беру тек Оған тән. Өте жоғары Аллаһ - бүкіл әлемдердің Раббысы» («әл-Әғраф» сүресі, 54-аят)».

Шарх:


(«Дәлел»). Яғни түн мен күндіз, күн мен ай аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың аят-белгілеріне жататындығына Аллаһ Тағаланың: «Түн мен күндіз, күн мен ай - Оның аят-белгілерінен...», - деген аяты дәлел болып табылады. Бұл дегеніміз, өздігінше түн мен күн әрі олардың арасындағы айырмашылық олардың өзіндік мәніне және олар Аллаһтың қалауымен Оның құлдарына беретін пайдаға айқын дәлелдер болып табылады. Тура соны күн мен айдың Аллаһтың құлдарына пайда келтіретін және олардан зиянды кері қайтаратын белгілі тіртіппен реттелген қозғалысы туралы да айтуға болады.

Әрі қарай, Аллаһ Тағала Өзінің құлдарына күнге немесе айға сәжде жасауға тыйым салды, тіпті егер олардың маңызы өте ұлы болса да, өйткені олар өздері жаратылған болғандықтан құлшылыққа лайықты емес, ал құлшылыққа оларды жаратқан Аллаһ Тағала ғана лайықты.

(«Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың мына сөздері де»). Яғни Аллаһ көктер мен жердің Жаратушысы екендігіне Аллаһ Тағаланың: «Күдіксіз, Раббыларың - көктер мен жерді алты күнде жаратқан Аллаһ», - деген аяты дәлел болып табылады, әрі осы сөздерде Аллаһтың тұтас бірқатар аят-белгілері аталып кеткен:



БІРІНШІСІ: Аллаһ бұл ұлы жаратылысты алты күнде жаратқаны. Ол Оны бір мезетте-ақ жарата алар еді, алайда ол Өзінің Даналығымен себептерді салдарлармен байланыстырып отырды.

ЕКІНШІСІ: Ол Аршыға көтерілгені, яғни Оның Өз ұлылығына сәйкес болған Өзіне ғана тән кейіпте оның үстіне жоғарылағаны. Бұл (Оның) билігінің толық кемелдігінің сипаты болып табылады.

ҮШІНШІСІ: Ол күнді түнмен бүркейтіні, яғни түнді күннің жамылғысы ететіні. Ал бұл оның жарығын жасыратын киім секілді.

ТӨРТІНШІСІ: Ол күнді, айды және жұлдыздарды Өзінің әміріне бағындырғаны, ал бұл Оның билігінің ұлы екендігін, әрі Ол оларға Оның құлдарының пайдасына жарайтын нәрселерді бұйырғандығын меңзейді.

БЕСІНШІСІ: Оған бүкіл нәрсенің үстінен абсолюттік (яғни шексіз әрі кемел) билік тән екендігі, өйткені Ол ғана жаратудың Иесі болып табылады, әрі Ол ғана әмір ете алады.

АЛТЫНШЫСЫ: Ол бүкіл әлемдер үшін жалғыз Жаратушы және жол көрсетуші болып табылатыны.

Автордың сөздері:

وَالرَّبُ هُوَ الْمَعْبُودُ، وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿يَا أَيُّهَا النَّاسُ اعْبُدُواْ رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ * الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الأَرْضَ فِرَاشاً وَالسَّمَآء بِنَآءً وَأَنزَلَ مِنَ السَّمَآءِ مَآءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقاً لَّكُمْ فَلاَ تَجْعَلُواْ لِلّهِ أَندَاداً وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ ﴾[البقرة: 21، 22].

«Раббы – ол құлшылық арналатын Құдай (Мәғбуд). Бұған дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

﴿يَا أَيُّهَا النَّاسُ اعْبُدُواْ رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ * الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الأَرْضَ فِرَاشاً وَالسَّمَآء بِنَآءً وَأَنزَلَ مِنَ السَّمَآءِ مَآءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقاً لَّكُمْ فَلاَ تَجْعَلُواْ لِلّهِ أَندَاداً وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ ﴾

«Әй, адамдар! Сендерді және сендерден бұрыңғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық етіңдер, бәлкім тақуалық жасаған боларсыңдар. Ол сендер үшін жерді төсеніш, көкті шатыр (төбе) етіп жаратты. Көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендерге әртүрлі өсімдіктерден ризық шығарды. Ендеше, біле тұра Аллаһқа ешкімді теңемеңдер!» («әл-Бақара» сүресі, 21-22-аяттар)».

Шарх:

(«Құлшылық жасалатын Құдай (Мәғбуд)»). Автор (Аллаһ оны рахым етсін) аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың мына сөздеріне нұсқайды:

إِنَّ رَبَّكُمُ اللّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ يُغْشِي اللَّيْلَ النَّهَارَ يَطْلُبُهُ حَثِيثاً وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ وَالنُّجُومَ مُسَخَّرَاتٍ بِأَمْرِهِ أَلاَ لَهُ الْخَلْقُ وَالأَمْرُ تَبَارَكَ اللّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ

«Күдіксіз, Раббыларың - көктер мен жерді алты күнде жаратқан Аллаһ. Содан кейін Аршыға көтерілген. Күндізді соңынан асыққан түнмен бүркеді. Күн мен айды және жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Күдіксіз, жарату және бұйрық беру тек Оған тән. Өте жоғары Аллаһ - бүкіл әлемдердің Раббысы» («әл-Әғраф» сүресі, 54-аят)».

Раббы - құлшылық-ғибадаттың объектісі, яғни (өзгелер) Оған құлшылық жасауға лайықты (Құдай) болып табылады. Басқаша айтқанда, Оған Ол құлшылыққа лайықты болғандықтан құлшылық жасалады, бірақ бұл «адамдар құлшылық ететіндердің әрбірі раббы болып табылады» дегенді білдірмейді, өйткені олар Аллаһтан басқа құлшылық етуі мүмкін болған және (сол) құлшылылық етушілердің раббы деп санайтын (жалған) құдайлары шын мәнісінде ондай болып табылмайды.

Ал Раббы - бұл бүкіл нәрсенің Жаратушысы, бүкіл нәрсенің Иесі және бүкіл нәрсенің Басқарушысы.

(«Дәләл»). Яғни Раббы (ғана) құлшылыққа лайықты екендігіне дәлел.

(«Әй, адамдар!»). Бұл үндеу аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ оларға ешбір серігі болмаған Өзіне ғана құлшылық етуді әмір еткен және оларға Ол ғана серігі жоқ жалғыз Жаратушы болғандығы себепті құлшылыққа лайықты екенін түсіндіріп, Оған ешкімді теңемеуді бұйырған бүкіл адамзатқа жасалған.

Сендерді және сендерден бұрыңғыларды жаратқан»). Бұл сөздер осыдан бұрынырақ айтылғандардың себебін түсіндіреді және «Оған құлшылық етіңдер, өйткені Ол – сендерді жаратқан Раббыларың, әрі Ол Раббы және Жаратушы болғандығы себепті сендер Оған (ғана) құлшылық етулерің керек» дегенді білдіреді. Сондықтан да біз Аллаһты Жаратушы деп мойындайтындардың әрбірі тек Оған ғана құлшылық етуі керек деп айтамыз, басқаша болғанда Ол Өзіне Өзі қайшы келген болар еді.

Бәлкім тақуалық жасаған боларсыңдар»). Яғни сендер адамды аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың жазасынан сақтап-қорғайтын сақтық шараларын орындауды білдіретін және Оның әмірлерін орындау мен Ол тыйым салған нәрселерден тыйылуды меңзейтін тақуалыққа ие болуларың үшін.

Автордың сөзі:

﴿الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الأَرْضَ فِرَاشاً وَالسَّمَآء بِنَآءً وَأَنزَلَ مِنَ السَّمَآءِ مَآءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقاً لَّكُمْ فَلاَ تَجْعَلُواْ لِلّهِ أَندَاداً وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ ﴾



«Ол сендер үшін жерді төсеніш, көкті шатыр (төбе) етіп жаратты. Көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендерге әртүрлі өсімдіктерден ризық шығарды. Ендеше, біле тұра Аллаһқа ешкімді теңемеңдер!» («әл-Бақара» сүресі, 21-22-аяттар)».

Шарх:

(«Төсеніш»). Яғни Ол оны төсеніш іспетті етті, әрі біз, бұны өз төсегінде ұйықтап жатқан адам істейтіндей, оның үстінде қиналусыз және шаршаусыз ләззат аламыз.



(«Шатыр»). Яғни біздің төбемізде тұратын нәрсе. Аспан жер бетінде өмір сүретіндер үшін ғимарат немесе «сақтаулы шатыр (төбе)» болып табылады. Аллаһ Тағала оны осылай деп атап, былай деген:

وَجَعَلْنَا السَّمَاءَ سَقْفًا مَحْفُوظًا وَهُمْ عَنْ آيَاتِهَا مُعْرِضُونَ (٣٢)

«Әрі Біз аспанды сақтаулы бір шатыр (төбе) еттік, ал олар болса Оның аят-белгілерінен бет бұрады» («әл-Әнбия» сүресі, 32-аят).

Көктен жаңбыр жаудырып»). Яғни Ол сендер үшін төбедегі бұлыттардан сендерге сусын болатын және ағаштардың өсуіне мүмкіндік беретін тап-таза су түсірді. Бұл туралы «ән-Нәхл» сүресінде былай деп айтылады:

هُوَ الَّذِي أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً لَكُمْ مِنْهُ شَرَابٌ وَمِنْهُ شَجَرٌ فِيهِ تُسِيمُونَ (١٠)

«Ол сондай Аллаһ, сендерге көктен жаңбыр жаудырып, одан сендерге сусын және ол арқылы сендер араларында малдарыңды жаятын өсімдіктер шығарды» («ән-Нәхл» сүресі, 10-аят).

(«Сол арқылы сендерге әртүрлі өсімдіктерден ризық шығарды»). Яғни сендерге берілген бір сый ретінде. Ал басқа бір аятта:



مَتَاعًا لَكُمْ وَلأنْعَامِكُمْ (٣٣)

«Сендер және малдарың пайдалану үшін», - деп айтылады («ән-Назиғат» сүресі, 33-аят).

Ендеше, ... Аллаһқа ешкімді теңемеңдер!»). Яғни сендерді әрі сендерден бұрыңғыларды Жаратқанға, сендер үшін жерді төсеніш, ал аспанды шатыр (төбе) еткенге, көктен жаңбыр жаудырып, ол арқылы сендерге қорек ретінде жемістер шығарғанға (ешкімді) теңдес етпеңдер. Ендеше, біле тұра ешкімді, оған Аллаһқа құлшылық еткендеріңдей құлшылық етіп, немесе оны Аллаһты сүйгендеріңдей сүйіп, Аллаһпен теңемеңдер, өйткені бұл сау ақыл-парасат тұрғысынан да, шариғат тарапынан да сендерге жараспайды.

(«Біле тұра»). Яғни сендер Оның теңдесі жоқ екенін әрі жарату, ризықтандыру және басқару Оның Қолында екенін біле тұра. Ендеше, Оған құлшылық жасауда (Оған ешкімді) серік қоспаңдар.

Автордың сөзі:

قَالَ ابْنُ كَثِيرٍ ـ رَحِمَهُ اللهُ تَعَالَى: الخَالِقُ لِهَذِهِ الأَشْيَاءَ هُوَ الْمُسْتَحِقُّ لِلْعِبَادَةِ.

«Ибн Кәсир (Аллаһ Тағала оны рахым етсін): «Осылардың барлығының Жаратушысы - Ол құлшылыққа лайық!» - деп айтқан».

Шарх:

(«Ибн Кәсир»). Ибн Кәсир – Имад әд-Дин Әбу-л-Фида Исмаил бин Умар әл-Қурайш әд-Димашқи, Құранның тәпсіршісі (муфассир) және тарихшы, шейхул-Ислам Ибн Таймияның оқушыларының бірі, һижраның 774 жылы қайтыс болған.

Автордың сөзі:

وَأَنْوَاعُ الْعِبَادَةِ الَّتِي أَمَرَ اللهُ بِهَا مِثْلُ: الإِسْلامِ، وَالإِيمَانِ، وَالإِحْسَانِ، وَمِنْهُ: الدُّعَاءُ، وَالْخَوْفُ، وَالرَّجَاءُ، وَالتَّوَكُّلُ، وَالرَّغْبَةُ، وَالرَّهْبَةُ، وَالْخُشُوعُ، وَالْخَشْيَةُ، وَالإِنَابَةُ،

«Аллаһ бұйырған құлшылықтардың түрлеріне Ислам, Иман, Ихсан және солардың ішінде: дұға, қауіптеніп қорқу (хауф), үміт (ражаъ), тәуекел, қызығу (қалау) (әр-роғба), сақсынып қорқу (әр-роһба), мойынсұнушылықпен тағзым-итағат ету (әл-хушуъ), біліммен қорқу (хошийят), (Аллаһқа) қайту (инәәбә) ... жатады».

Шарх:


(«Аллаһ бұйырған құлшылықтардың түрлеріне»). Біз серігі жоқ жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуіміз керектігіне нұсқай отырып, автор (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ ғибадаттың кейбір түрлеріне де нұсқайды, әрі оларға, мысалы, ислам, иман және ихсан жататынын айтады.

Ғибадаттың бұл үш түрі діннің үш құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл туралы Умар бин әл-Хаттабтың сөздерінен жеткізілетін хадисте оның былай деп айтқаны баяндалады: «Бірде біз Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге отырған кезімізде, аппақ киімді, шаштары қап-қара бір кісі кіріп келді. Оның үстінде сапар іздері байқалмады, бірақ арамыздан ешкім оны танымады. Ол Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдына жақындап келіп, тізесін оның тізесіне тигізіп, екі алақанын сандарына қойып, оған бетпе-бет отырды. Сосын: «Уа, Мухаммад, маған Ислам туралы айтып бер», - деді. (Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын):) «Бұл – сенің Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына және Мухаммад - Оның елшісі екеніне куәлік беруің, намазды орындауың, зекет беруің, рамазан айында ораза ұстауың және шамаң келсе (Қағбаға) қажылық жасауың», - деді. Ол: «Рас айттың!», - деді. Біз оның өзі сұрап, өзі растап жатқанына таң қалдық. Кейін ол: «Маған иман туралы айтып бер», - деп сұрады. (Пайғамбар (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын):) «Ол – Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына, елшілеріне, Ақырет Күніне және тағдырға: оның жақсылығы және жамандығына - иман келтіруің», - деп жауап берді. Ол: «Рас айттың!» - деді. Содан соң ол: «Маған Ихсан туралы айтып бер!», - деді. (Пайғамбар (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын):) «Бұл - Аллаһқа, Оны көріп тұрғаныңдай құлшылық етуің. Ал сен Оны көре алмасаң да, Ол сені көріп тұр (деген оймен құлшылық етуің)», - деді. Ол кісі: «Маған Сағат (Қиямет) туралы айтып бер», - деді. (Пайғамбар (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын):) «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді», - деп жауап берді. Сонда (әлгі кісі): «Онда маған оның белгілерін атап бер», - деді. (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):) «Күң өзінің қожайынын туатынын; жалаңаяқ, жалаңаш кедей қойшылардың биік ғимараттар көтеруде бір-бірімен жарысатынын көресің», - деді.

Содан соң ол кісі шығып кетті, ал біз сол жерде біраз уақыт отырып қалдық. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) менен: «Уа, Умар, сұраушының кім екенін білесің бе?», - деп сұрады. Мен: «Аллаһ және Оның Елшісі жақсырақ біледі», - деп жауап бердім. Сонда ол: «Бұл – Жәбірейіл, сендерге діндеріңді үйрету үшін келді», - деді» (Муслим «Сахих», №8 хадис).

Сөйтіп, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл нәрселер діннің құрамдас бөліктері болып табылатынына, өйткені олар дінге қатысты нәрселердің барлығын өзіне қамтитынына нұсқады.

Автордың сөзі:

وَالاسْتِعَانَةُ، وَالاسْتِعَاذَةُ، وَالاسْتِغَاثَةُ، وَالذَّبْحُ، وَالنَّذْرُ، وَغَيْرُ ذَلَكَ مِنْ أَنْوَاعِ الْعِبَادَةِ الَّتِي أَمَرَ اللهُ بِهَا. كُلُّهَا للهِ تَعَالَى.

وَالدَّلِيلُ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَأَنَّ الْمَسَاجِدَ لِلَّهِ فَلاَ تَدْعُوا مَعَ اللَّهِ أَحَداً ﴾[الجن: 18]. فَمَنْ صَرَفَ مِنْهَا شَيْئًا لِغَيْرِ اللهِ؛ فَهُوَ مُشْرِكٌ كَافِرٌ؛ وَالدَّلِيلُ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَمَن يَدْعُ مَعَ اللَّهِ إلٰهاً آخَرَ لاَ بُرْهَانَ لَهُ بِهِ فَإِنَّمَا حِسَابُهُ عِندَ رَبِّهِ إِنَّهُ لاَ يُفْلِحُ الْكَافِرُونَ ﴾[المؤمنون: 117].

«...көмек тілеу (исти’ана), пана тілеп сиыну (исти`аза), құтқаруды сұрап жалбарыну (истиғаса), құрбан шалу, нәзір және Аллаһ бұйырған басқа да құлшылық түрлері кіреді. Осылардың барлығы тек Аллаһ Тағала үшін орындалуы міндетті. Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері дәлел болады:



﴿وَأَنَّ الْمَسَاجِدَ لِلَّهِ فَلاَ تَدْعُوا مَعَ اللَّهِ أَحَداً ﴾

«Расында, мешіттер (сәжде жасайтын орындар) Аллаһтікі. Сондықтан Аллаһпен бірге ешкімге дұға (құлшылық) етпеңдер» («Жинн» сүресі, 18-аят).

Егер адам осылардың қайсысын болса да Аллаһтан басқа біреуге арнайтын болса, ол мушрик (Аллаһқа серік қосушы) және кәпір болады. Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

﴿وَمَن يَدْعُ مَعَ اللَّهِ إلٰهاً آخَرَ لاَ بُرْهَانَ لَهُ بِهِ فَإِنَّمَا حِسَابُهُ عِندَ رَبِّهِ إِنَّهُ لاَ يُفْلِحُ الْكَافِرُونَ ﴾

«Кім ешбір дәлелсіз Аллаһпен бірге басқа құдайға дұға (құлшылық) етсе, рас, оның есебі Раббысының қасында. Расында, кәпірлер құтылмайды!» («Муминун» сүресі, 117-аят)».

Шарх:

(«Осылардың барлығы тек Аллаһ Тағала үшін орындалуы міндетті»). Бұл «осы жоғарыда аталған және басқа да құлшылықтардың барлығы тек серігі жоқ Аллаһ Тағалаға ғана арналуы керек және оларды Аллаһ Тағаладан басқа ешкімге арнауға болмайды» дегенді білдіреді.

(«Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері»). Автор (Аллаһ оны рахым етсін) ғибадаттың бірнеше түрін еске алып, оны (яғни ғибадатты) не нәрседе болса да Аллаһқа емес, өзгеге арнайтынның кез-келгені мушрик және кәпір болатынын атап айтты да, дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың келесі сөздерін келтірді:

وَأَنَّ الْمَسَاجِدَ لِلَّهِ فَلاَ تَدْعُوا مَعَ اللَّهِ أَحَداً

«Расында, мешіттер (сәжде жасайтын орындар) Аллаһтікі. Сондықтан Аллаһпен бірге ешкімге дұға (құлшылық) етпеңдер» («Жинн» сүресі, 18-аят).

Егер адам осылардың қайсысын болса да Аллаһтан басқа біреуге арнайтын болса, ол мушрик (Аллаһқа серік қосушы) және кәпір болады. Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

وَمَن يَدْعُ مَعَ اللَّهِ إلٰهاً آخَرَ لاَ بُرْهَانَ لَهُ بِهِ فَإِنَّمَا حِسَابُهُ عِندَ رَبِّهِ إِنَّهُ لاَ يُفْلِحُ الْكَافِرُونَ

«Кім ешбір дәлелсіз Аллаһпен бірге басқа құдайға дұға (құлшылық) етсе, рас, оның есебі Раббысының қасында. Расында, кәпірлер құтылмайды!» («әл-Муминун» сүресі, 117-аят).

Бірінші аятта Аллаһ Тағала құлшылық орындары немесе сәжде жасайтын орындар Аллаһтікі екенін хабарлайды да, соңынан: «Сондықтан Аллаһпен бірге ешкімге дұға етпеңдер!», - деп айтады. Бұл дегеніміз «Онымен қатар басқа ешкімге құлшылық етпеңдер және Оған ғана сәжде жасаңдар» дегенді білдіреді. Ал автор келтіретін екінші аятта Пәк Аллаһ Тағала Аллаһпен қатар басқа әлдебір құдайға дұға етіп жалбарынатынның кез-келгені кәпір болатынын түсіндіреді, өйткені Ол: «Расында, кәпірлер құтылмайды!», - деп айтқан. Ал Оның «…ешбір дәлелсіз …» деген сөздеріне келер болсақ, онда олар көп құдайлар бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ екеніне нұсқау болады.

Автордың сөзі:

وَفِي الْحَدِيثِ: ( الدُّعَاءُ مخ الْعِبَادَةِ ). وَالدَّلِيلُ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَقَالَ رَبُّكُمُ ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ إِنَّ الَّذِينَ يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِي سَيَدْخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ ﴾[غافر: 60].

«Хадистердің бірінде: «Дұға – құлшылық өзегі (діңгегі)», - деп айтылған. Бұған дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

﴿وَقَالَ رَبُّكُمُ ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ إِنَّ الَّذِينَ يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِي سَيَدْخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ ﴾

«Раббыларың: «Маған дұға етіңдер, (тілектеріңе) жауап беремін. Ал маған құлшылық етуге менменсінгендер Тозаққа қор болған күйде кіреді», - деді» («әл-Ғафир» сүресі, 60-аят)».

Шарх:

(«Хадистердің бірінде»). Осы сөздерден бастап автор (Аллаһ оны рахым етсін) өзі: «Аллаһ бұйырған құлшылықтардың түрлеріне Ислам, Иман, Ихсан және солардың ішінде: дұға, ... жатады», - деп атап кеткен құлшық түрлерінің қажетті екендігіне дәлелдер келтіре бастайды. Мәтіннен көрініп тұрғандай, ол (Аллаһ оны рахым етсін) Аллаһқа дұға етіп жалбарынуға қатысты дәлелдерді дәйексөз етуден бастады, ал кейінірек Исламға, иманға және ихсанға қатысты дәлелдерді де егжей-тегжейлі келтіретін болады.

Ең алдымен дәлел ретінде автор (Аллаһ оны рахым етсін) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Дұға – құлшылық өзегі (діңгегі)», - деген сөздерін, сондай-ақ Аллаһ Тағаланың:

وَقَالَ رَبُّكُمُ ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ إِنَّ الَّذِينَ يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِي سَيَدْخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ



«Раббыларың: «Маған дұға етіңдер, (тілектеріңе) жауап беремін. Ал маған құлшылық етуге менменсінгендер Тозаққа қор болған күйде кіреді», - деді» («әл-Ғафир» сүресі, 60-аят)», - деген сөздерін келтіреді.

Бұл аят Аллаһқа дұға етіп жалбарыну құлшылықтың бір бөлігі немесе оның бір түрі екеніне нұсқайды, бұлай болмаған жағдайда «Ал маған құлшылық етуге менменсінгендер» деп айту дұрыс болмас еді. Осылайша, аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтан басқаға Аллаһтың ғана күш-қуаты жететін нәрсені сұрап дұға ететіннің кез-келгені мүшрик және кәпір болады, әрі осы дұғалар тірілерге, не өлілерге жасалады ма, мұның айырмашылығы жоқ. Осы орайда адамның өзге тірі және бар болып тұрған кісіге өзін тамақтандыруын немесе сусындандыруын сұрауда ешқандай тыйым салынған нәрсе жоқ, бірақ әлдебіреу осындай өтініштерін өлген немесе (сол жерде) жоқ болған кісіге айтып жатса, бұл оның көпқұдайшыл-мүшрик екенін білдіреді, өйткені өлі де, өзі жоқ адам да мұндай өтінішті орындауға қабілетті емес. Мұндай өтінішпен жүгіну (дұға етіп) жүгінушінің өлі немесе өзі жоқ болған адам уақиғаларды басқара алатынына сенетінін де білдіреді, бірақ дәл осындай сенім адамды мушрикке айналдырады.

Осындай жүгінулердің екі түрі бар екенін біл: өтініш айтып жүгіну және құлшылық түрі ретіндегі жүгіну.

Өтінішпен жүгіну әлдебір нәрсеге қажеттілік туындағанда қолданылады, әрі егер пенде осы өтінішін Раббысына айтса, онда ол құлшылықтың бір түрі болып табылады, өйткені мұндай жүгіну пенденің Аллаһқа деген мұқтаждықты сезінетінін әрі сондықтан да Оның мейірімі мен рахымы кең Аса Құдіретті және Жомарт екеніне мығым сенген түрде Оның көмегіне жүгінетінін меңзейді. Пенде жаратылғандардың әлдебіреуінен, яғни өзі сияқты біреулерден әлдебір нәрселерді сұрайтын жағдайда да өтініш айтып жүгінуіне болады, бірақ (осы орайда) басқа адам не туралы сөз болып жатқанын (яғни өтініштің мәні неде екенін) түсінуі және (сол) өтінішке жауап бере алуы шарт болып табылады, мысалы, біз жоғарыда келтірген адам өзге біреуден өзін тамақтандыруды сұрайтын мысалдағыдай.

Ал құлшылық түріндегі жүгіну туралы айтар болсақ, онда мұндай жүгінулер сауапқа үміт етіп немесе олар кімге арналған болса, содан қорқып жасалады, әрі сондықтан да бұл жағдайда мұндай дұғалармен тек Аллаһқа ғана жүгіну дұрыс болады, кері жағдайда бұл адамды діннен шығаратын және оған Аллаһ Тағаланың: «Ал маған құлшылық етуге менменсінгендер Тозаққа қор болған күйде кіреді», - деген қорқытуы жүретін үлкен көпқұдайшылық болады.

Автордың сөзі:

وَدَلِيلُ الْخَوْفِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿فَلاَ تَخَافُوهُمْ وَخَافُونِ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ ﴾[آل عمران: 175].

«Қауіптеніп қорқудың (әл-хоуф) (құлшылық екеніне) дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:



﴿فَلاَ تَخَافُوهُمْ وَخَافُونِ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ ﴾

«Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар, егер мумин болсаңдар!» («Әли Имран» сүресі, 75-аят)».



Шарх:

(«Қауіптеніп қорқу»). Қауіптеніп қорқу – бұл өлуге, зиян немесе қайғы-қасырет шегуге алып келуі мүмкін болған әлдебір нәрсені күтуден туындайтын ерекше түрдегі уайым-күйзеліс сезімі. Осы орайда Пәк Аллаһ Аллаһ Тағала адамдарға шайтанның сыбайластарынан қорқуға тыйым салып, жалғыз Өзінен қорқуды бұйырды.

Қорқудың үш түрі болады:

БІРІНШІ ТҮРІ: табиғи қорқу, мысалы, адамның жабайы аңнан, оттан немес ту тасқынынан қорқуы, әрі бұндай қорқу үшін адам сөгіске лайық болмайды. Мысалы, Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы Аллаһ Тағала былай деді:

فَأَصْبَحَ فِي الْمَدِينَةِ خَائِفًا يَتَرَقَّبُ

«Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды» («әл-Қасас» сүресі, 18-аят). Алайда бұл қорқу, бұны шейх (Аллаһ оны рахым етсін) ескертіп кеткендей, парыз етілген әлдебір нәрсені орындаудан бас тартуға немесе харам болған әлдебір нәрсені жасауға себеп болса, онда ол тыйым салынған (харам) болады, өйткені парыздарды орындамауға немесе харам нәрселерді жасауға алып келетін барлық нәрсе тыйым салынған болып табылады. Әрі Аллаһ Тағаланың:

فَلاَ تَخَافُوهُمْ وَخَافُونِ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

«Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар, егер мумин болсаңдар!» («Әли Имран» сүресі, 75-аят)», - деген сөздері, міне, дәл осы жайында.



Ал Аллаһ Тағаланың алдындағы қорқуға қатысты айтар болсақ, ол мақтаулы да, айыптаулы да болуы мүмкін.

Мақтаулы болып табылатыны – сені Аллаһқа мойынсұнбаушылықтан айырып, парызды орындауға және харамнан бас тартуға ынталандыратыны. Егер осы мақсатқа қол жеткізілсе, онда адамның жүрегі тынышталады да, оны Аллаһтың игіліктерін көріп, Оның сый-сауабына үміт еткендігі себепті қуаныш билейді.

Ал айыпталатыны – бұл пендені, ол қайғырып өзімен-өзі оңашаланған кезде, Аллаһтың рахымынан күдер үзуге, әрі соның салдарынан өз түңілуінің күшімен Аллаһқа мойынсұнбаушылығында узақ уақыт бойы қасарысып тұрып алуға мәжбүрлейтіні.

ЕКІНШІ ТҮРІ: адам әлдебіреуден қорқып, қорыққандығының себебімен оған құлшылық ететін құлшылықтың бір бөлігі ретіндегі қорқу. Мұндай қорқуды тек Аллаһ Тағаланың алдында ғана сезінуге рұқсат етіледі, кері жағдайда қорқудың мұндай түрі үлкен көпқұдайшылықтан өзге еш нәрсе емес.

ҮШІНШІ ТҮРІ: адамның өліден немесе өзінен алыста болған әрі оған ешбір зиян тигізе алмайтын біреуден құпия түрде қорқуы. Мұндай қорқуды да Исламның атақты (имамдары) көпқұдайшылық деп санаған.

Автордың сөзі:

وَدَلِيلُ الرَّجَاءِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿فَمَن كَانَ يَرْجُو لِقَاءَ رَبِّهِ فَلْيَعْمَلْ عَمَلاً صَالِحاً وَلاَ يُشْرِكْ بِعِبَادَةِ رَبِّهِ أَحَداً ﴾[الكهف: 110].

«Үміттің (әр-рожәъ) дәлелі - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет