Қабірде қойылатын үш негізгі сұРАҚ


﴿فَمَن كَانَ يَرْجُو لِقَاءَ رَبِّهِ فَلْيَعْمَلْ عَمَلاً صَالِحاً وَلاَ يُشْرِكْ بِعِبَادَةِ رَبِّهِ أَحَداً ﴾



бет5/10
Дата31.12.2019
өлшемі12,1 Mb.
#55210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

﴿فَمَن كَانَ يَرْجُو لِقَاءَ رَبِّهِ فَلْيَعْمَلْ عَمَلاً صَالِحاً وَلاَ يُشْرِكْ بِعِبَادَةِ رَبِّهِ أَحَداً ﴾

«Ал кім өз Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амал жасап, құлшылығында Раббысына ешкімді серік қоспасын» («Кәһф» сүресі, 110-аят)».

Шарх:

(«Үміттің (әр-рожә) дәлелі»). Үміт – бұл адамның әлдебір қол жетімді нәрсеге ие болуды қалауы (тілеуі) немесе әлдебір қол жеткізу қиын болған нәрсенің ол үшін қол жетімді етілуін қалауы (тілеуі).



Жан-тәнімен бойсұну мен бағынуды меңзейтін үмітті тек аса Құдіретті және Ұлы Аллаһпен ғана байлауға болады, ал егер өзге әлдебіреу туралы сөз болып жатса, онда бұл үміт етушінің жүрегін нақты не билегеніне байланысты не кіші, не үлкен ширк болады.

Дәлел ретінде автор Аллаһ Тағаланың мына сөздерін келтіреді:

فَمَن كَانَ يَرْجُو لِقَاءَ رَبِّهِ فَلْيَعْمَلْ عَمَلاً صَالِحاً وَلاَ يُشْرِكْ بِعِبَادَةِ رَبِّهِ أَحَداً

«Ал кім өз Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амал жасап, құлшылығында Раббысына ешкімді серік қоспасын» («Кәһф» сүресі, 110-аят)».

Ендеше, мақтаулы үмітті тек Аллаһқа мойынсұнушылықтан таймайтын және Оның сый-сауабына үміт ететін, немесе өз күнәсына тәубе етіп, тәубесі қабыл болуына үміт ететін адам ғана сақтай алатынын біл, ал егер үміт амалдармен бірге қабаттасып жүрмесе, онда ол өз-өзімен алдануға және айыпталатын қалауға (тілеуге) айналады.

Автордың сөзі:

ودَلِيلُ التَّوَكُلِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَعَلَى اللّهِ فَتَوَكَّلُواْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ ﴾[المائدة: 23]. وقوله: ﴿وَمَن يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَهُوَ حَسْبُهُ﴾[الطلاق: 3].

«Тәуекелге дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

﴿وَعَلَى اللّهِ فَتَوَكَّلُواْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ ﴾

«Егер мүмин болсаңдар, Аллаһқа ғана тәуекел етіңдер!» («әл-Мәида» сүресі, 23-аят).

Әрі Оның мына сөздері:

﴿وَمَن يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَهُوَ حَسْبُهُ﴾

«Кім Аллаһқа тәукел етсе, Ол оған жетіп асады» («әт-Таләқ» сүресі, 3-аят)».



Шарх:

(«Тәуекел»). Әлдебір нәрсеге тәуекел ету оған сенім арту дегенді білдіреді.



Аллаһ Тағалаға тәуекел ету дегеніміз пайдалы нәрсенің барлығын өзіңе тартуда және зиянды нәрсенің барлығын өзіңнен қайтаруда Оған жеткілікті деңгейде сенім арту дегенді меңзейді, әрі бұл Аллаһ Тағаланың:

وَعَلَى اللّهِ فَتَوَكَّلُواْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

«Егер мүмин болсаңдар, Аллаһқа ғана тәуекел етіңдер!» («әл-Мәида» сүресі, 23-аят), - деген сөздеріне сәйкес, иманның толықтығына айғақ болады және иманның сипаттарының қатарына жатады. Әрі егер пенде шын ықыласымен Аллаһ Тағалаға тәуекел ететін болса, онда Ол пендесін оны қынжылтатын нәрседен құтқарады, өйткені Аллаһ Тағала:



وَمَن يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَهُوَ حَسْبُهُ

«Кім Аллаһқа тәукел етсе, Ол оған жетіп асады»», - деген («әт-Таләқ» сүресі, 3-аят).



Бұл дегеніміз, Аллаһқа тәуекел етілсе жеткілікті, сол кезде тәуекел етуші Аллаһ Тағаланың:

إِنَّ اللَّهَ بَالِغُ أَمْرِهِ

«Сөзсіз, Аллаһ өз бұйрығын атқарады» («әт-Таләқ» сүресі, 3-аят), - деген сөздеріне сай тынышталады, өйткені Оның күш-қуаты жетпейтің еш нәрсе жоқ.

Тәуекелдің бірнеше түрі болатынын біл:



БІРІНШІСІ: Аллаһ Тағалаға тәуекел ету, әрі бұл иманның толықтығының және ықыластылығының сипаты болып табылады. Мұндай тәуекел міндетті болып табылады, әрі, бұған жоғарыда нұсқалғандай, иман тек сол арқылы ғана толық бола алады.

ЕКІНШІСІ: адам әруаққа «ол пайда не зиян келтіре алады» деп сенім артатын жағдайдағы жасырын (құпия) тәуекел. Бұл үлкен көпқұдайшылықтан (ширктен) басқа еш нәрсе емес, өйткені мұндайды тек осы әруақ – ол өмір тірішілігінде кім болмасын: пайғамбар ма, Аллаһтың әулиесі ме, немесе Оның дұшпаны ма – болмыста орын алып жатқан уақиғаларды басқара алатынына сенетін адам ғана мүмкін деп санай алады.

ҮШІНШІСІ: тәуекел етуші тәуекел артатын адамын жоғары бағалап, ал өзіне өзі төмен баға беретін кезде орын алатын басқа бір адамға оның шамасы келетін нәрседе тәуекел ету, әрі бұл күн көріске қажетті нәрселерді табуға да, басқа осындай мәселелерге де қатысты болуы мүмкін. Бұл кіші ширк болып табылады, өйткені мұндай адамның жүрегі өзге әлдебіреуге қатты байланғандығын сезінеді әрі оған сенім артады. Сонымен бірге, егер адам әлдебіреуге себеп ретінде сенім артса, әрі ол арқылы қандай да бір нәрсеге ие болуды Аллаһ тағдырға жазып қойған деп санаса, онда егер бұл адам шындығында да қалаған нәрсеге қол жеткізуге қандай да бір ықпал ете алатын болса, онда бұда ешқандай жаманшылық жоқ.

ТӨРТІНШІСІ: басқа біреуге оның билігіндегі нәрседе тәуекел ету. Бұл оған тапсыруға болатын нәрсені тапсыруда көрініс табады. Мұндай тәуекел етуде ешқандай жаманшылық жоқ, әрі бұл Құран, Сүннетпен және имамдардың бірауызды пікірімен расталады. Мысалы, Құранда Яғқуб өз ұлдарына былай деп айтқаны хабарланады:

يَا بَنِيَّ اذْهَبُوا فَتَحَسَّسُوا مِنْ يُوسُفَ وَأَخِيهِ وَلا تَيْأَسُوا مِنْ رَوْحِ اللَّهِ إِنَّهُ لا يَيْئَسُ مِنْ رَوْحِ اللَّهِ إِلا الْقَوْمُ الْكَافِرُونَ (٨٧)

«Әй, ұлдарым! Барыңдар да, Юсуфты және оның бауырын іздестіріңдер, әрі Аллаһтың мәрхаметінен күдер үзбеңдер...» («Йусуф» сүресі, 87-аят).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) белгілі бір кісілерге зекетті жинап сақтауды әрі шариғат үкімдерін басқаларға қатысты қолдануды тапсыратыны туралы хабарланады, ал қоштасу қажылығы кезінде ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Али бин Абу Талибке өзінің құрбандыққа шалған малдарының терілерін кедейлерге таратуды, сондай-ақ құрбандыққа шалатын жүз малының алпыс үшін өзі шалған соң қалғанын оның атынан құрбан шалуды тапсырғаны белгілі. Әрі мұндай нәрсе имамдардың ортақ пікіріне сәйкес жалпы алғанда рұқсат етілген болып табылады.

Автордың сөзі:

وَدَلِيلُ الرَّغْبَةِ، وَالرَّهْبَةِ، وَالْخُشُوعِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿إِنَّهُمْ كَانُوا يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَيَدْعُونَنَا رَغَباً وَرَهَباً وَكَانُوا لَنَا خَاشِعِينَ ﴾[الأنبياء: 90].

«...қызығу (қалау) (әр-роғба), сақсынып қорқу (әр-роһба), мойынсұнушылықпен тағзым-итағат ету (әл-хушуъ) (құлшылық екеніне) дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:



﴿إِنَّهُمْ كَانُوا يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَيَدْعُونَنَا رَغَباً وَرَهَباً وَكَانُوا لَنَا خَاشِعِينَ ﴾

«Расында, олар игі істерді істеуге асығатын әрі Бізге қызығу және қорқумен дұға етіп жалбарынатын, және Бізге (мойынсұнушылықпен) тағзым-итағат етуші еді» («әл-Әнбия» сүресі, 90-аят)».

Шарх:

(«Қызығу (қалау)»). Яғни қалаулы нәрсеге ұмтылу.

(«Сақсынып қорқу»). Сақсынып қорқу дегенде қорқудың көзі болған нәрседен алыстауға алып келетін қорқу, басқаша айтқанда амалмен үйлесетін қорқу түсініледі.

(«Мойынсұнушылықпен тағзым-иғат ету»). Аллаһтың болмыс-тіршілікке және Ол орнатқан шариғат заңдарына қатысты тағдырының алдында мойынсұну және тағзым-итағат ету меңзелуде.

(«Аллаһ Тағаланың мына сөздері»). Бұл аятта Аллаһ Тағала өз құлдарының ішіндегі ықыластыларын олар Аллаһ Тағалаға мойынсұнған күйде өз еркімен және Одан қорыққандықтан дұға жасап жалбарынатынымен сипаттады. Дұға етіп жалбарыну дегенде бұл жерде ғибадаттың бір бөлігі ретіндегі дұғалар мен әлдебір өтініш-тілектерді білдіретін дұғалар түсініледі. Мұндай адамдар Аллаһтағы бар нәрселерге жетуді қалап және Оның сый-сауабына ұмтылып, Аллаһқа дұға етеді, бірақ сонымен бір мезетте олар Оның жазасынан және өздерінің күнәларының салдарынан қорқады. Сөйтіп, мүмин адам қорқу мен үміттің арасында болған күйде Аллаһ Тағалаға ұмтылуы қажет, әрі осы орайда адамның өз діни міндеттерін атқаруын белсендету үшін және оған амалдарының қабыл болатынына негіз беру үшін, Аллаһқа мойынсұнуға қатысты нәрселерде үміт басым болуы керек. Ал қорқу адамда әлдебір күнәні жасауға деген құлшыныс пайда болған кезде, оны осы күнәні жасаудан бас тартуға ынталандыру үшін, басым болуы керек, әрі бұл оған осы күнәнің жазасынан құтылуға мүмкіндік береді.



Білім иелерінің бірі былай деген екен: «Үміт ауыру кезінде, ал қорқу – адам сау-сәлемет болған кезде басым болуға тиіс, өйткені науқас адам әлсіздеу болады, әрі оның ажалы жақын қалған болып, ол өліп те қалуы мүмкін, бірақ бұл орын алып жатса, онда ол Аллаһ туралы жақсы оймен көз жұмуы керек. Ал егер адам сау-сәлемет болса, онда ол жігерлі болып қала береді және оның әлі де болса көп өмір сүруге деген үміттенуіне негізі болады, ал бұл оны шадырлық пен менмендікке алып келуі мүмкін, әрі сондықтан да мұндай жағдайда адам осындай нәрселерден сақтануы үшін, қорқу басым болуға тиіс».

Сондай-ақ үміт адамның көкейіне ол Аллаһты алдай алатындай ойларды салмауы үшін, ал қорқу болса оны Аллаһтың рахымынан күдер үзуге мәжбүрлемеуі үшін, қорқу қанша болса, үміт те сонша болуға тиіс деп те айтып жатады, өйткені мұның екеуі де кімге тән болса, солар үшін жек көрінішті әрі кесірлі болады.

Автордың сөзі:

وَدَلِيلُ الْخَشْيَةِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿فَلاَ تَخْشَوْهُمْ وَاخْشَوْنِي...﴾ الآية [البقرة: 150].



«Біліммен қорқудың (әл-хашияның) дәлелі - Аллаһ Тағаланың мына сөзі:

﴿فَلاَ تَخْشَوْهُمْ وَاخْشَوْنِي...

«Олардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар» («әл-Бақара» сүресі, 150-аят)».

Шарх:

(«Олардан қорықпаңдар»). Мұндай (қорқу) адам кімнен қауіптенсе, соның ұлылығы мен кәміл билігі туралы білімге негізделген қорқуды меңзейді, өйткені Аллаһ Тағала былай деген:

كَذَلِكَ إِنَّمَا يَخْشَى اللَّهَ مِنْ عِبَادِهِ الْعُلَمَاءُ

«Аллаһтан Оның құлдарының ішіндегі ғалымдары ғана қорқады» («Фатыр» сүресі, 28-аят), яғни Аллаһтың ұлықтығы және шексіз билік иесі екендігі туралы білетіндер. Сөйтіп, бұл сезім қорқудың басқа түрлерінен белгілі ерекшіліктермен ерекшеленеді, ал олардың арасындағы айырмашылықты келесідей мысал арқылы түсіндіруге болады: егер сен әлдебіреуден ол саған бір нәрсе істейтінін, не істемейтінін білмей қорықсаң, онда бұл қорқу болады, ал егер сен әлгі адам саған әлдебір нәрсе істей алатынын біліп қорықсаң, онда бұл біліммен қорқу болады.

Ал егер біліммен қорқудың түрлері туралы айтар болсақ, олар қорқудың біз жоғарыда атап кеткен түрлері сияқты болады.

Автордың сөзі:

وَدَلِيلُ الإِنَابَةِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَأَنِيبُوا إِلَى رَبِّكُمْ وَأَسْلِمُوا لَهُ...﴾ الآية [الزمر: 54].

«Аллаһқа қайтудың (әл-инәәба) дәлелі - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

﴿وَأَنِيبُوا إِلَى رَبِّكُمْ وَأَسْلِمُوا لَهُ...

«Раббыларыңа қайтыңдар және Оған бойұсыныңдар» («әз-Зүмәр» сүресі, 54-аят)».



Шарх:

(«Қайту (әл-инәба)»). Қайту (әл-инәба) дегеніміз Аллаһ Тағалаға Оған мойынсұну арқылы және Оған мойынсұнбаудан алшақтау арқылы оралу, әрі бұл тәубе етуге жақын, бірақ өзімен Аллаһқа сенім артуды және Одан пана іздеуді нұсқайтын әлдебір нәзіктеу нәрсені меңзейді. Осылайша, осы мағынадағы қайту тек Аллаһ Тағалаға қайту болуы мүмкін. Бұған Оның мына сөздері нұсқайды:



﴿وَأَنِيبُوا إِلَى رَبِّكُمْ وَأَسْلِمُوا لَهُ...

«Раббыларыңа қайтыңдар және Оған бойұсыныңдар» («әз-Зүмәр» сүресі, 54-аят)».



Ал егер Аллаһ Тағаланың «және Оған бойұсыныңдар» деген сөздеріне қатысты айтар болсақ, онда бұл жерде шариғаттың талабына сай міндетті болып табылатын мойынсыну (Ислам), яғни Аллаһтың заңының үкімдеріне бағыну меңзеледі. Осы орайда, мойынсұну екі түрлі болатынын есте сақтау қажет:

БІРІНШІСІ: Бүкіл болмыстың мойынсұнуы, яғни Аллаһтың бүкіл болмысқа қатысты және көктер мен жердің барлық мекен етушілеріне, олар мүмин немесе кәпір, ізгі немесе бұзық болсын, жүретін үкіміне бағынуы, өйткені ешкім осыдан асып түсуге шамасы келмейді, әрі бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:

أَفَغَيْرَ دِينِ اللَّهِ يَبْغُونَ وَلَهُ أَسْلَمَ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ طَوْعًا وَكَرْهًا وَإِلَيْهِ يُرْجَعُونَ (٨٣)

«Олар Аллаһтың дінінен басқа дін іздей ме? Көктердегі және жердегі барлық жан иесі ерікті, еріксіз Аллаһқа бой ұсынады. Сондай-ақ олар Ол жаққа қайтарылады» («Әли-Имран» сүресі, 83-аят).

ЕКІНШІСІ: шариғаттың талап етуімен шартталатын мойынсұну, яғни, басқаша айтқанда, Оған бағынған елшілер мен соларға таза жүректерімен ілескендерге тән болған Ол орнатқан шариғатқа бағыну. Бұған Құранда көптеген нұсқаулар бар, әрі олардың қатарына автор (Аллаһ оны рахым етсін) дәйексөз еткен аят та жатады.

Автордың сөзі:

وَدَلِيلُ الاسْتِعَانَةِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ ﴾ [الفاتحة: 5]. وَفِي الْحَدِيثِ: (...وإِذَا اسْتَعَنْتَ فَاسْتَعِنْ بِاللهِ).

«Көмек тілеуге (әл-исти`анаға) Аллаһ Тағаланың мына сөздері дәлел болады:



﴿إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ ﴾

«Саған ғана құлшылық етеміз әрі Сенен ғана жәрдем сұраймыз» («Фатиха» сүресі, 4-аят).

Әрі хадисте де: «...Егер көмек тілейтін болсаң, Аллаһтан тіле!» - деп айтылған».

Шарх:

(«Көмек тілеу (әл-исти`ана)»). Көмек сұраудың бірнеше түрі болады:

БІРІНШІСІ: пенденің өз Раббысының алдында толық тағзым-итағат етуін, өз істерін Оған тапсыруын меңзейтін Аллаһтан жәрдем сұрап жалбарыну және осы жеткілікті болатынына деген иман. Осылай етіп тек Аллаһ Тағаладан ғана көмек сұрап жалбарынуға болады, әрі бұған Оның:

إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ

«Саған ғана құлшылық етеміз әрі Сенен ғана жәрдем сұраймыз», - деген сөздері нұсқайды («Фатиха» сүресі, 4-аят).



Саған ғана құлшылық етеміз әрі Сенен ғана жәрдем сұраймыз»). Ал кім осылайша Аллаһ Тағаладан өзгеге көмек сұрап жүгінсе, сол оны діннен шығаратын көпқұдайшылыққа түседі.

ЕКІНШІСІ: адамдардан әлдебіреуге оның шамасы келетін нәрседе жәрдем сұрап жүгіну. Бұл жерде көмек сұрау өтініштері нақты не нәрсеге қатысты екеніне назар аудару қажет, өйткені егер сөз әлдебір игі нәрсе туралы болып жатса, онда сұраушыға мұндай өтініш жасауға рұқсат етіледі, ал өтініш жасалған адам оны шариғат үкімдеріне сәйкес орындауға тиіс болады, өйткені Аллаһ Тағала былай деген:

وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَى وَلا تَعَاوَنُوا عَلَى الإثْمِ وَالْعُدْوَانِ

«Жақсылық пен тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер» («әл-Мәида» сүресі, 2-аят).

Ал егер сөз қандай да бір күнәлі нәрсеге көмектесу жайында болса, онда мұндай өтініштер жасауға да, ондай істерге көмектесуге де тыйым салынады, өйткені Аллаһ Тағала: «Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер», - деген.

Сөз қандай да бір рұқсат етілген нәрсе туралы болатын жағдайларда өтініш жасап жүгінуге де, оларды орындауға да рұқсат етіледі, бірақ осы орайда көмек беруші өзінің басқа адамға жасаған жақсылығы үшін сый-сауап алуға да үміттене алады, әрі бұл Аллаһ Тағаланың:

وَأَحْسِنُوا إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ (١٩٥)

«Әрі жақсылық жасаңдар, өйткені Аллаһ жақсылық жасаушыларды жақсы көреді!» («әл-Бакара» сүресі, 195-аят), - деген сөздеріне сәйкес, оның заңды құқығы болып табылады.

ҮШІНШІСІ: Тірі және сол жерде бар болған, бірақ көмектесуге қабілетсіз кісіге жәрдем сұрап жүгіну. Мұндай жүгінулер бос және пайдасыз іс болып табылады, әрі мұның мысалы әлдебір ауыр нәрсені көшіруде әлсіз адамнан жәрдем сұрау сияқты.

ТӨРТІНШІСІ: өлген адамдарға немесе сол жерде болмаған, әрі сондықтан да туындаған проблемаларды шешуге ешқандай қатыса алмайтын тірі адамдарға жәрдем сұрап жүгіну. Мұндай жүгінулер көпқұдайшылыққа айғақ болады, өйткені мұндайды тек өлілер немесе тірілердің кейбіреулері жасырын түрде болмысты басқаруға қабілетті деп сенетіндер ғана істейді.

БЕСІНШІСІ: Аллаһ Тағалаға қандай да бір қалаулы нәрсеге қол жеткізуде жәрдем сұрап жүгіну. Бұл Аллаһ Тағаланың:

وَاسْتَعِينُوا بِالصَّبْرِ وَالصَّلاةِ

«Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер…» («әл-Бакара» сүресі, 45-аят), - деген бұйрығына сәйкес заңды болып табылады.

Көмек сұрап жүгіну туралы сөз еткенде автор (Аллаһ оны рахым етсін) біз жоғарыды атап өткен оның түрлерінің біріншісін меңзеді әрі өзінің ойына дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың:

إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ

«Саған ғана құлшылық етеміз әрі Сенен ғана жәрдем сұраймыз», - деген сөздерін және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер көмек сұрайтын болсаң, Аллаһтан сұра!» - деген сөздерін келтірді.



Автордың сөзі:

وَدَلِيلُ الاسْتِعَاذَةِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ ﴾ [الفلق: 1]. وَ﴿قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ ﴾ [الناس: 1].

«Пана тілеп сиыну (әл-исти`аза) дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөзі:

﴿قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ ﴾

«Таңның Раббысынан пана сұраймын», - деп айт!» («Фәләқ» сүресі, 1-аят).

Сондай-ақ (Аллаһтың мына сөздері):

﴿قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ ﴾

«Адамдардың Раббысынан пана сұраймын», - деп айт!» («Нәс» сүресі, 1-аят)».



Шарх:

(«Пана сұрауға (әл-исти`аза) дәлел»). Яғни мұндай өтініш-тілекпен жүгінуші өзінің жүгініп жатқан (объектісінен) қорғау және пана іздейтін жағдайдағы жамандықтан қорғау сұрауға (дәлел).



Қорғау сұраудың бірнеше түрі болады:

БІРІНШІСІ: Аллаһ Тағалаға қорғау сұрап жүгіну. Ол Оған деген мұқтаждықты, Ол арқылы панаға ие болуды қалауды және осы жеткілікті болатынына деген иманды тұрақты түрде сезінуді меңзейді, өйткені Ол бүкіл нәрседен қазір және болашақта қорғауға да, үлкен және кіші нәрседен қорғауға да, адамнан және басқа да кез-келген нәрседен қорғауға да қабілетті. Бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:

قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ

«Таңның Раббысынан пана сұраймын», - деп айт!» («әл-Фәләқ» сүресі, 1-аят), - әрі сүренің соңына дейін, сондай-ақ оның басқа да келесі сөздері нұсқайды:

قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ (١)مَلِكِ النَّاسِ (٢)إِلَهِ النَّاسِ (٣)مِنْ شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ (٤)الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ (٥)

«Адамдардың Раббысына, адамдардың Иесіне, адамдардың Құдайына, сыбырлап азғырушының кесірінен, сондай адамдардың көкейлеріне салатын; мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын сиынамын», - де» («ән-Нәс» сүресі, 1-6 аяттар).

ЕКІНШІСІ: Аллаһтың сипаттарының біріне, мысалы, Оның Сөздеріне, Оның Ұлылығына, Оның Күш-Қуатына т.с.с. қорғау сұрап жүгіну. Бұған Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтың кемел сөздеріне Ол жаратқан нәрселердің жамандығынан қорғау тілеп жүгінемін», - деген, сондай-ақ: «Астымнан өтірілуімнен Сенің құдіретіңнің қорғауына жүгінемін», - деген сөздеріне, сондай-ақ оның аурудан айығу дұғасының бір бөлігі болған: «Өзім сезініп және қауіптеніп жатқан нәрсенің жамандығынан Аллаһтың күші мен құдіретіне (қорғау тілеп) жүгінемін», - деген, сондай-ақ оның: «Өзіңнің ашу-ызаңнан Сенің разылығыңа қорғау тілеп жүгінемін», - деген сөздеріне, сондай-ақ

قُلْ هُوَ الْقَادِرُ عَلَى أَنْ يَبْعَثَ عَلَيْكُمْ عَذَابًا مِنْ فَوْقِكُمْ أَوْ مِنْ تَحْتِ أَرْجُلِكُمْ أَوْ يَلْبِسَكُمْ شِيَعًا وَيُذِيقَ بَعْضَكُمْ بَأْسَ بَعْضٍ انْظُرْ كَيْفَ نُصَرِّفُ الآيَاتِ لَعَلَّهُمْ يَفْقَهُونَ (٦٥)

««Ол сендерге үстеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге, не сендерді топтар түрінде ұрыстырып біріңе-біріңнің кесірін таттыруға күші жетеді», - де...», - деген аят түскен кездегі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сенің Жүзіңнің қорғауына жүгінемін», - деп айтқан сөздері нұсқайды.

ҮШІНШІСІ: өлілерге немесе сол кезде сол жерде жоқ болған, әрі сондықтан да ешкімді қорғауына ала алмайтын тірі адамдарға қорғау сұрап жүгіну. Мұндай жүгінулер көпқұдайшылықтың көрінісі болып табылады. Бұған дәлел Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

وَأَنَّهُ كَانَ رِجَالٌ مِنَ الإنْسِ يَعُوذُونَ بِرِجَالٍ مِنَ الْجِنِّ فَزَادُوهُمْ رَهَقًا (٦)

«Шынында, адамдардан кейбір ерлер жындардың кейбір ерлеріне сиынатын еді, бірақ олар олардың қорқыныштарын (немесе зұлымдықтарын) арттыратын еді» («әл-Жинн» сүресі, 6-аят).

ТӨРТІНШІСІ: қорғау беруге қабілетті болғанға, мейлі ол адам болсын, мейлі басқа бір нәрсе болсын қорғау сұрап жүгіну рұқсат етіледі, әрі бұған Пайғамбардың фитна-бүліктер туралы айтқан мына сөздері нұсқайды: «Расында, [жуық арада] бүліктер басталады! Ал содан кейін [сондай] бүліктердің дәуірі келеді де, сол кезде одан алыс болған (адам) [олармен байланысты уақиғалардың қатысушысынан], ал олардың қатысушысы соларға [қатысуға] ұмтылатындардан жақсырақ болады» («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», № 2097 хадис, сондай-ақ Муслим). Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыдан қорғану үшін не нәрсеге жүгінуге болатындығына нұсқап былай деді: «Бұл бастарыңа түскен кезде, кімнің түйесі болса, сол түйелеріне ілессін, кімнің қойлары болса, сол қойларына ілессін, әрі кімнің жері болса, сол жерінен ұстансын» («Мухтасар «Сахих» Муслим», № 2025 хадис).

Ал Жәбирдің сөздерінен жеткізілетін басқа бір хадисте бану махзум тайпасынан бір әйел ұрлық жасап, оны Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген кезде, ол Умм Сәләмаға қорғау сұрап жүгінгені туралы хабарланады.4

Бұдан тыс, Умм Сәләма Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсынбылай деп айтқанын жеткізген: “[Әлдебір адам] [Қағбадан] пана тілейтін болады да, оған әскер жіберіледі, бірақ [сарбаздар] бір шөлді жазықтыққа жеткен кезде, оларды жер жұтады.

Ол: “Уа, Аллаһтың елшісі! Ал өз қалауынсыз сол [әскермен бірге жүріп келген] адам ше?” – деп сұрады, сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):Жер олармен бірге оны да жұтып жібереді, бірақ Қиямет Күні ол ниетіне сәйкес қайта тірілтіледі5» (Муслим № 2882, 4-т., 2208-бет).



Алайда, осы орайда, егер адам залымның жәбіріне қарсы көмек сұрап жатса, онда оған шама-мүмкіндікке сәйкес көмектесу керек болады, ал егер ол әлдебір харам нәрсені істеу үшін немесе міндетті нәрсені орындаудан бас тарту үшін көмек сұрап жатса, онда оған бұл нәрседе көмектесуге тыйым салынады (харам болады).

Автордың сөздері:

وَدَلِيلُ الاسْتِغَاثَةِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿إِذْ تَسْتَغِيثُونَ رَبَّكُمْ فَاسْتَجَابَ لَكُمْ...﴾ الآية[الأنفال: 9].

«Құтқаруды тілеп жалбарынудың (әл-истиғаса) дәлелі - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:



﴿إِذْ تَسْتَغِيثُونَ رَبَّكُمْ فَاسْتَجَابَ لَكُمْ...

«Сол уақытта Раббыларыңа жалбарынған едіңдер, сонда Ол .... тілектеріңді қабыл етті» («әл-Әнфал» сүресі, 9-аят).

Шарх:

(«Құтқаруды тілеп жалбарыну»). Яғни апаттан және опат болудан құтқаруды сұрап жалбарыну. Мұндай тілек-өтініштермен жүгінудің бірнеше түрі болады:



БІРІНШІСІ: Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа құтқаруды тілеп жалбарыну. Бұл ең абзал және кемел істердің қатарына жатады, өйткені мұнымен әркез елшілер және олардың ізбасарлары айналысатын. Бұған шейх (Аллаһ оны рахым етсін) дәйексөз ретінде келтірген келесі аят нұсқайды:

إِذْ تَسْتَغِيثُونَ رَبَّكُمْ فَاسْتَجَابَ لَكُمْ أَنِّي مُمِدُّكُمْ بِأَلْفٍ مِنَ الْمَلائِكَةِ مُرْدِفِينَ (٩)

«Сол уақытта Раббыларыңа жалбарынуда едіңдер. Сонда Ол: «Шынында, сендерге ерген мың періштемен көмек етемін», - деп тілектеріңді қабыл етті» («әл-Әнфал» сүресі, 9-аят).



Бұл аят Бадр шайқасы күні Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жиналған көпқұдайшылдардың саны мыңнан асқанын, ал оның сахабаларының саны үш жүзден сәл көбірек екенін көрген соң өз шатырына кіріп, жүзін қыбылаға қаратып, екі қолын көкке көтеріп, өзінің Аса Құдіретті әрі Ұлы Раббысына: «Я, Аллаһ, маған берген уәдеңді орындай гөр. Я, Аллаһ, егер Сен мұсылмандардың осы тобын опат етсең, онда жер бетінде Саған құлшылық ететіндер қалмайды!» - деп дұға ете бастаған кезде түсірілді. Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі қолын көкке көтеріп, осы сөздерін айтып жатқан кезде, оның иығынан шапаны түсіп кетеді де, оны Абу Бакр көтеріп: «Уа, Аллаһтың Пайғамбары, Раббыңызға осынша жалбарынғаныңыз жетер, өйткені, ақиқатында, Ол сізге уәде еткен нәрсесін орындайды!» - деді. Содан кейін Аллаһ осы аятты түсірді.

ЕКІНШІСІ: өлілерге (әруақтарға) немесе сол кезде сол жерде жоқ болған әрі сондықтан да көмектесе алмайтын тірілерге құтқаруды тілеп жалбарыну. Мұндай жалбарынулар көпқұдайшылық болады, өйткені мұндаймен тек осылар болмысқа құпия түрде ықпал ете алады деп сенетіндер, яғни соларға тек Аллаһқа ғана тән нәрселердің бір бөлігін телитіндер ғана айналысады. Бірақ Аллаһ былай деген:

أَمَّنْ يُجِيبُ الْمُضْطَرَّ إِذَا دَعَاهُ وَيَكْشِفُ السُّوءَ وَيَجْعَلُكُمْ خُلَفَاءَ الأرْضِ أَإِلَهٌ مَعَ اللَّهِ

«Немесе қиналғандар Оған жалбарынғанда, дұғасын қабыл етіп, жамандықты жойып, сендерді жер жүзіне орынбасар ететін кім? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма?» («ән-Нәмл» сүресі, 62-аят).

ҮШІНШІ: білімге ие және көмектесе алатын тірі адамдарға құтқаруды сұрап жүгіну. Мұндай жүгіну орынды, өйткені Муса туралы хикаяны келтіргенде, Аллаһ Тағала былай деп айтқан:

هَذَا مِنْ شِيعَتِهِ وَهَذَا مِنْ عَدُوِّهِ فَاسْتَغَاثَهُ الَّذِي مِنْ شِيعَتِهِ عَلَى الَّذِي مِنْ عَدُوِّهِ فَوَكَزَهُ مُوسَى فَقَضَى عَلَيْهِ

«Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мусадан көмек тіледі. Сонда Муса оны жұдырықпен ұрғанда, оған қаза жетті...» («әл-Қасас» сүресі, 15 аят).

ТӨРТІНШІСІ: тірі, бірақ еш нәрсе істей алмайтын, алайда жүгінуші ол әлдебір құпия күшке ие деп сенетін біреуге құтқаруды сұрап жүгіну. Бұған мысал ретінде суға батып жатқан біреудің сал ауруына шалдыққан басқа біреуден құтқаруды сұрап жатқанын келтіруге болады. Ал мұның ешқандай мән-мағынасы жоқ, әрі мысқылдан басқа еш нәрсе емес, сондықтан да бұған тыйым салынады. Мұның тыйым салынатынына тағы бір себеп – суға батып барушы адасушылыққа салынып, соның нәтижесінде оның ойына сал ауруымен аурған әлгі адам оны бәледен құтқара алатындай әлдебір құпия күшке ие деген ой келуі мүмкін болғандығында.

Автордың сөзі:

وَدَلِيلُ الذَّبْحِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿قُلْ إِنَّنِي هَدَانِي رَبِّي إِلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِيمٍ دِيناً قِيَماً مِّلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفاً وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ * قُلْ إِنَّ صَلاَتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ * لاَ شَرِيكَ لَه وَبِذَلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا أَوَّلُ الْمُسْلِمِينَ ُ﴾ [الأنعام: 161ـ163]. وَمِنَ السُنَّةِ: (لعَنَ اللهُ مَنْ ذَبَحَ لِغَيْرِ اللهِ).

«Құрбандық шалудың (әз-зәбх) дәлелі – Аллаһ Тағаланың мына сөзі:

﴿قُلْ إِنَّنِي هَدَانِي رَبِّي إِلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِيمٍ دِيناً قِيَماً مِّلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفاً وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ * قُلْ إِنَّ صَلاَتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ * لاَ شَرِيكَ لَه وَبِذَلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا أَوَّلُ الْمُسْلِمِينَ ُ﴾

«Расында, менің намазым және құрбандығым, өмірім және өлімім әлемдердің Раббысы Аллаһ үшін! Оның серігі жоқ. Мен осыған бұйырылғанмын және мен - мұсылмандардың алғашқысымын», - деп айт» («әл-Әнғам» сүресі, 161-163-аяттар).

Ал Сүннеттен дәлел (Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Аллаһтан өзгеге (арнап) құрбандық (мал) шалғанға Аллаһтың лағнеті болсын!», (- деген сөздері) (Муслим, 1978)».

Шарх:

(«Құрбандық шалу»). Құрбандық шалу немесе мал бауыздау – бұл (малды) ерекше тәсілмен қан шығару арқылы өлтіру.

Мал бірнеше жағдайға байланысты бауыздалады:

БІРІНШІСІ: бұл ғибадаттың бір бөлігі болатын әрі мал бауыздайтын адамның мақсаты ол кімге арнап құрбандық шалса, соған өзінің құрметін білдіру, оған бағыну және оған жақындауға ұмтылу болатын кез. Мұндайды тек Аллаһ Тағалаға ғана арнап, Оның өзі заңдастырғандай амал етіп жасауға болады, керісінше болған жағдайда, бұл үлкен көпқұдайшылықтың көрінісіне айналады. Ал бұған дәлел – шейх (Аллаһ оны рахым етсін) келтірген аяттар:

قُلْ إِنَّنِي هَدَانِي رَبِّي إِلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِيمٍ دِيناً قِيَماً مِّلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفاً وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ * قُلْ إِنَّ صَلاَتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ * لاَ شَرِيكَ لَه وَبِذَلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا أَوَّلُ الْمُسْلِمِينَ ُ

«Расында, менің намазым және құрбандығым, өмірім және өлімім әлемдердің Раббысы Аллаһ үшін! Оның серігі жоқ. Мен осыған бұйырылғанмын және мен - мұсылмандардың алғашқысымын», - деп айт» («Әнғам» сүресі, 161-163-аяттар).



ЕКІНШІСІ: мал қонаққа сый-құрметтің белгісі ретінде немесе үйлену тойына (уәлима) немесе басқа да осы сияқты себеппен дастархан жаю үшін бауыздалатын кез. Бұған қатысты ерекше бұйрықтар түсірілген, әрі бұл не міндетті (уәжіп), не құптаулы (мустахаб) болып табылады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаһқа және Ақырет Күніне иман келтірсе, қонағын сыйласын», - деген (әл-Бухари, № 6135, 6136, 6138, Муслим № 47, 48). Сондай-ақ ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз кезінде Абд әр-Рахман бин Ауфқа: «Бір қой сойып болса да үйлену дастарханын (уәлима) жаса», - деп айтқан болатын.

ҮШІНШІСІ: мал ас-қатық үшін, немесе сату үшін, немесе осы сияқты басқа мақсаттармен сойылатын кез. Бұл да рұқсат етіледі, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:

أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّا خَلَقْنَا لَهُمْ مِمَّا عَمِلَتْ أَيْدِينَا أَنْعَامًا فَهُمْ لَهَا مَالِكُونَ (٧١)وَذَلَّلْنَاهَا لَهُمْ فَمِنْهَا رَكُوبُهُمْ وَمِنْهَا يَأْكُلُونَ (٧٢)

«Олар үшін Қолымызбен мал-жануарларды жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ өздері оларға иелік етеді. Малды оларға бойсұндырдық. Кейіне олар мінеді, кейінің етін жейді» («Я Син» сүресі, 72-аят). Сөйтіп, бұл ненің қол жеткізу құралы болуына байланысты не қажетті, не тыйым салынған болуы мүмкін.

Автордың сөзі:

وَدَلِيلُ النَّذْرِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿يُوفُونَ بِالنَّذْرِ وَيَخَافُونَ يَوْماً كَانَ شَرُّهُ مُسْتَطِيراً ﴾ [الإنسان: 7].

«Нәзірге дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

﴿يُوفُونَ بِالنَّذْرِ وَيَخَافُونَ يَوْماً كَانَ شَرُّهُ مُسْتَطِيراً ﴾

«Олар нәзірлерін орындайды, әрі жамандығы етек алатын күннен қорқады» («әл-Инсан» сүресі, 7-аят).

Шарх:

(«Нәзірге дәлел»). Яғни нәзір құлшылықтың бір бөлігі болып табылатындығына дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

يُوفُونَ بِالنَّذْرِ وَيَخَافُونَ يَوْماً كَانَ شَرُّهُ مُسْتَطِيراً

«Олар нәзірлерін орындайды, әрі жамандығы етек алатын күннен қорқады» («әл-Инсан» сүресі, 7-аят).

(«Олар нәзірлерін орындайды...»). Бұл аят Аллаһ ізгілерге олар өз нәзірлерін орындағандары үшін мақтау айтқанына нұсқау болады. Бұл «Аллаһ осындайды орындауды жақсы көреді» дегенді білдіреді, ал Аллаһ жақсы көретін нәрсенің барлығы құлшылық істеріне жатады.



Бұл Аллаһтың «әрі жамандығы етек алатын күннен қорқады» деген сөздерімен расталады.

Аллаһ оларды орындағаны үшін ізгілерге мақтау айтқан нәзірлерге Аллаһ адамдарға міндетті етіп бекіткен құлшылықтың барлық түрі жататынын біл, өйткені құлшылықтың бұл түрлері шариғаттың негізінде міндетті болып табылатындықтан, адам оларды бұлжытпай орындауға тиіс. Бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері дәлел болады:

ثُمَّ لْيَقْضُوا تَفَثَهُمْ وَلْيُوفُوا نُذُورَهُمْ وَلْيَطَّوَّفُوا بِالْبَيْتِ الْعَتِيقِ (٢٩)

«Содан соң олар өздерін ретке келтірсін де (шаш, тырнағын алып, ихрамнан шықсын), айтқан нәзірлерін орындап, Кағбаны тауап жасасын» («әл-Хажж» сүресі, 29-аят).

Мағынасы адам өзін әлдебір нәрсеге міндеттеуін қамтитын нәзірлер, немесе Аллаһқа мойынсұнудың шариғат тұрғысынан міндетті болмаған көріністері кері қайтарылатын болып табылады, ал білім иелерінің кейбірі оларды тыйым салынған деп те санайтын, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) нәзір беруге тыйым салып, былай деген: «Расында, нәзірде, ол арқылы сараңды ақша жұмсауға мәжбүрлеуге болатынын санамағанда, қайыр жоқ». Сонымен бірге, егер адам Аллаһқа мойынсұнумен байланысты болған әлдебір нәзір беретін болса, онда ол оны орындауға міндетті болады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаһқа мойынсұнуды нәзір еткен болса, Оған мойынсұнсын», - деп айтқан.

Қысқасы, нәзір деп барша үшін міндетті болған ғибадат түрлері де, әлдебір адам аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ үшін орындауды міндетті деп санайтын нәрсе де атала береді. Жеке сипаттағы нәзірлерге келер болсақ, исламның білгірлері оларды тұтас бір санаттарға бөліп жіктеді, ал бұл туралы фиқһ кітаптарында жан-жақты баяндалады.

Автордың сөздері:



* الأَصْلُ الثَّانِي *
مَعْرِفَةُ دِينِ الإِسْلامِ بِالأَدِلَّةِ

«ЕКІНШІ НЕГІЗ: ИСЛАМ ДІНІН ДӘЛЕЛДЕРМЕН ТАНУ.

وَهُوَ: الاسْتِسْلامُ للهِ بِالتَّوْحِيدِ، وَالانْقِيَادُ لَهُ بِالطَّاعَةِ، وَالْبَرَاءَةُ مِنَ الشِّرْكِ وَأَهْلِهِ،



Яғни бірқұдайшылықты (таухидты) ұстану арқылы Аллаһқа бойсұну, Оған мойынсұну арқылы бағынушылық таныту және ширк пен оны жасайтындарға қатыссыз болу».

Шарх:


(«Екінші негіз»). Яғни үш негіздің екіншісі – бұл Ислам дінін дәлелдерімен тану, ал бұл Исламды Құран мен Сүннеттегі дәлелдер арқылы тануды меңзейді.

(«Бойсұну»). Яғни – (бұл) Ислам діні, әрі егер қаласаң, онда Ислам – бұл «бірқұдайшылықты (таухидты) ұстану арқылы Аллаһқа бойсұну, Оған мойынсұну арқылы бағынушылық таныту және ширк пен оны жасайтындарға қатыссыз болу» деп айтсаң болады. Бұл дін өзіне үш нәрсені қамтиды.

(«Бірқұдайшылықты ұстану»). Яғни пенде өзінің Раббысына шариғат талап ететіндей, дәлірек айтқанда – тек аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа иман келтіру және Оған ғана құлшылық ету арқылы бойсұнуы қажет. Бұл адамды соған ынталандыру қажет болған және ол сол үшін сый-сауап алатын Исламның дәл өзі. Ал Аллаһқа бүкіл болмысқа жазылған тағдырға сәйкес амал-шарасыз бойсұнуға қатысты айтар болсақ, онда бұл үшін адам сый-сауап алмайды, өйткені бұл болмауы мүмкін емес (яғни ешкімнің еркіне салынбайтын – ауд.) нәрсе, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты:

أَفَغَيْرَ دِينِ اللَّهِ يَبْغُونَ وَلَهُ أَسْلَمَ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ طَوْعًا وَكَرْهًا وَإِلَيْهِ يُرْجَعُونَ (٨٣)

«Олар Аллаһтың дінінен басқа дін іздейді ме? Көктердегі және жердегі барлық жан иесі ерікті-еріксіз Аллаһқа бойсұнады. Сондай-ақ олар Оған қайтарылады» («Әли Имран» сүресі, 83-аят).

(«Оған мойынсұну арқылы бағынушылық таныту»). Бағынушылық Оның бұйрықтарын орындау және Оның тыйым салған нәрселерінен тыйылу арқылы танытылады, өйткені бұйрыққа қатысты нәрселердегі бағынушылық оны орындау арқылы көрініс табады, ал тыйымға қатысты бағынушылық тыйым салынған нәрседен бас тарту арқылы көрініс табады.

(«Ширк пен оны жасайтындарға қатыссыз болу»). Бұл жерде көпқұдайшылықтан бас тарту және азат болу туралы сөз болуда, ал бұл (өз негізінде) көпқұдайшыл-мүшриктерге қатыссыз болуды талап етеді, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтқан:



قَدْ كَانَتْ لَكُمْ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ فِي إِبْرَاهِيمَ وَالَّذِينَ مَعَهُ إِذْ قَالُوا لِقَوْمِهِمْ إِنَّا بُرَآءُ مِنْكُمْ وَمِمَّا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ كَفَرْنَا بِكُمْ وَبَدَا بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةُ وَالْبَغْضَاءُ أَبَدًا حَتَّى تُؤْمِنُوا بِاللَّهِ وَحْدَهُ إِلا قَوْلَ إِبْرَاهِيمَ لأبِيهِ لأسْتَغْفِرَنَّ لَكَ وَمَا أَمْلِكُ لَكَ مِنَ اللَّهِ مِنْ شَيْءٍ رَبَّنَا عَلَيْكَ تَوَكَّلْنَا وَإِلَيْكَ أَنَبْنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ (٤)

Расында, сендерге Ибраһим және онымен бірге болғандар бір көркем өнеге болды. Сол кезде олар қауымдарына: «Сендерден де, Аллаһтан өзге табынғандарыңнан да бас тартамыз. Біз сендерге қарсымыз, әрі сендер жалғыз Аллаһқа иман келтірмегендеріңе дейін сендер мен біздің арамызға мәңгі дұшпандық пен өштік орнады», - деді («әл-Мумтахана» сүресі, 4-аят).



Автордың сөзі:

وَهُوَ ثَلاثُ مَرَاتِبَ: الإسْلامُ، وَالإِيمَانُ، وَالإِحْسَانُ. وَكُلُّ مَرْتَبَةٍ لَهَا أَرْكَانٌ.

المرتبة الأولى: الإسلام

فَأَرْكَانُ الإِسْلامِ خَمْسَةٌ: شَهَادَةُ أَن لا إلٰه إِلا اللهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللهِ، وَإِقَامُ الصَّلاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَصَوْمُ رَمَضَانَ، وَحَجُّ بَيْتِ اللهِ الْحَرَامِ.



فَدَلِيلُ الشَّهَادَةِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ شَهِدَ اللّهُ أَنَّهُ لاَ إلٰه إِلاَّ هُوَ وَالْمَلاَئِكَةُ وَأُوْلُواْ الْعِلْمِ قَآئِمَاً بِالْقِسْطِ لاَ إلٰه إِلاَّ هُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ [آل عمران، 18].

“Оның (Ислам дінінің) үш дәрежесі бар: Ислам, Иман және Ихсан. Әр дәреженің өз тіректері бар.

Бірінші дәреже: Ислам.

Исламның тірегі бесеу:

1) «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ және Мухаммад – Оның Елшісі», - деп куәлік беру;

2) Намазды орындау (әс-саләт);

3) Зекет беру (әз-зәкат);

4) Рамазан айында ораза ұстау (әс-саум);

5) Аллаһтың Қасиетті Үйіне қажылық жасау (әл-хәжж).

(«Лә иләһә илләЛлаһ») куәлігіне дәлел – Аллаһ Тағаланың мына Сөздері:



﴿ شَهِدَ اللّهُ أَنَّهُ لاَ إلٰه إِلاَّ هُوَ وَالْمَلاَئِكَةُ وَأُوْلُواْ الْعِلْمِ قَآئِمَاً بِالْقِسْطِ لاَ إلٰه إِلاَّ هُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ ﴾

«Аллаһ (әділдікпен үкім шығарып,) Өзінен басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екеніне куәлік берді, сондай-ақ періштелер және білім иелері де. Тым Үстем, аса Дана Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ!» («Әли Имран» сүресі, 18-аят)”.



Шарх:

Үш дәрежесі»). Автор, Аллаһ оны рахым етсін, біздің дініміз өзіне бірінің үстінен бірі орналасқан үш дәрежені, нақты айтқанда: Исламды, иманды және ихсанды қамтитынын түсіндіреді.

Әр дәреженің өз тіректері бар»). Бұған дәлел – мүминдердің әмірі Умар ибн әл-Хаттабтан жеткізілетін хадисте келтірілген Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері. Бұл хадисте Жәбірейіл Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ислам, иман және ихсан туралы сұрағаны туралы хабарланады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның сұрақтарына жауап берді де, кейіннен (Умарға): «Бұл сендерге діндеріңді үйрету үшін келген Жәбірейіл», - деді.

Исламның тірегі бесеу»). Бұған дәлел – Ибн Умардың сөзінен жеткізілген мына хадис:



– Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: “Ислам бес тіректің үстіне құрылған (олар): «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ және Мухаммад – Оның елшісі» деген куәлік, намазды орындау, зекет төлеу, рамазан айында ораза ұстау және Аллаһтың Қасиетті Үйіне қажылық жасау” («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари» №8 хадис).

(«Куәлік»). Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ және Мухаммад – Оның елшісі екендігі туралы куәлік біртұтас куәлік болып табылады, әрі ол екі бөліктен құралатынына қарамастан, әрқашан осындай (біртұтас) болған, өйткені ғибадаттың барлық түрлері осы куәліктің екі бөлігін де бірге іске асыруға негізделеді. Әрі сондықтан да ғибадаттың бірде-бір амалы егер ол бірқұдайшылықты (таухидті) ықыласты түрде ұстанумен (әрі Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ деген куәлік дәл осыны меңзейді), сондай-ақ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесумен (әрі Мухаммад – Аллаһтың елшісі деген куәлік дәл осыны меңзейді) қабаттасып жасалмаса – қабыл болмайды.

(«Лә иләһә илләЛлаһ») куәлігіне дәлел»). Бұл қасиетті аятта Аллаһтың Өзі туралы берген куәлігі келтіріледі, өйткені Ол Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ деп айтады, сондай-ақ періштелер мен білім иелерінің тура осы туралы және Ол (Аллаһ) Тағала екендігі және әділеттен бас тартпайтыны туралы куәлігі де келтіріледі, бұны Оның:

لاَ إلٰه إِلاَّ هُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ

«Тым Үстем, Аса Дана Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ!» деген Сөздері растайды. Әрі бұл аятта білім иелерінің ұлы артықшылығы туралы айтылады, өйткені Ол (Аллаһ) олардың Өзімен және періштелермен бірге куә болып табылатынын хабарлады. Білім иелері дегенде Оның шариғаты туралы білімге ие болғандар меңзеледі, ал оларға ең бірінші кезекте Оның ардақты елшілері жатады.

Бұл ең ұлы куәлік болып табылады, өйткені Куәлік Беруші де Ұлы, Оның куәлік еткен нәрсесі де ұлы. Куәлар ретінде бұл жерде Аллаһ, періштелер және білім иелері аталып тұр, ал куәлік етілетін нәрсе ретінде бірқұдайшылық, яғни тек Жалғыз Аллаһ қана құдайлық болмысқа ие екендігі аталуда, әрі бұл Оның: «Тым Үстем, Аса Дана Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ!», - Сөздерімен расталып тұр.

Автордың сөзі:

وَمَعْنَاهَا: لا مَعْبُودَ بِحَقٍّ إلا اللهُ، وَحَدُّ النَّفْيِ مِنْ الإِثْبَاتِ ﴿لا إلٰه﴾ نَافِيًا جَمِيعَ مَا يُعْبَدُ مِنْ دُونِ اللهِ ﴿إِلا اللهُ﴾ مُثْبِتًا الْعِبَادَةَ للهِ وَحْدَهُ لا شَرِيكَ لَهُ فِي عِبَادَتِهِ، كَمَا أَنَّهُ لَيْسَ لَهُ شَرِيكٌ فِي مُلْكِهِ.



«Мұның («Лә иләһа илләЛлаһ») куәлігінің мағынасы – «Аллаһтан басқа ешкім оған құлшылық ету құқығына ие емес. «Лә иләһа» («Құлшылыққа лайықты құдай (ешкім) жоқ») сөздері Аллаһтан өзге құлшылық етілетін бүкіл құдайларды жоққа шығарады (нәфий). «ИлләЛлаһ» («Аллаһтан басқа») сөздері құлшылық етуге тек Аллаһ қана лайықты екенін растау (исбат) болып табылады. Аллаһтың билігінде (патшалығында) ешқандай серігі болмағанындай, құлшылық етуде де ешқандай серігі жоқ».



Шарх:

Мұның («Лә иләһа илләЛлаһ» куәлігінің) мағынасы»). Яғни Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екенінің мағынасы оған құлшылық ету құқығына тек Аллаһ қана ие екенінде, әрі адам: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ», - деп куәлік бергенде, Оған құлшылық еттетіндей құқықа тек Аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһ қана ие екенін өзінің тілімен және жүрегімен мойындауы қажет, өйткені бұл жердегі «иләһ» («құдай») деген сөз кім құдай деп саналса, соны білдіреді. «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» сөздері өзіне теріске шығару мен растауды қамтиды. Теріске шығару – бұл «құлшылыққа лайықты құдай жоқ» сөздері, ал растау – «Аллаһтан басқа» сөздері. «Бұл сөздердің мағынасы - Аллаһтан басқа құдай жоқ», - деп айтуға болады, әрі бұл «Не үшін адамдар құлшылық ететін басқа құдайлар болса да, әрі осы орайда Аллаһ Тағаланың Өзі де, сондай-ақ оларға құлшылық етушілер де оларды «құайлар» деп атаса да, Аллаһтан басқа құдай жоқ деп айтылады?» деген сұраққа жауап береді. Өйткені Аллаһ Тағала былай деген ғой:

فَمَا أَغْنَتْ عَنْهُمْ آلِهَتُهُمُ الَّتِي يَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ شَيْءٍ لَمَّا جَاءَ أَمْرُ رَبِّكَ وَمَا زَادُوهُمْ غَيْرَ تَتْبِيبٍ (١٠١)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет