Абжанова сокращенная indd


Еңбек ету шарттарын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет118/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   189
Еңбек ету шарттарын ұйымдастыру.
адам күні бойы жұмысқа 
қабілетті бола алмайды. жұмысқа қабілеттілік жұмыс күнінің басында 
көтеріліп, 1,5 сағат жұмыс істегеннен кейін жоғары дәрежесіне жетіп, 
неғұрлым жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, соғұрлым ұзақ сақталады. 
содан кейін адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендеп, дұрыс 
ұйымдастырылған үзілістен кейін қайта көтеріледі.


223
ағзаның шаршауы ауыр және ұзақ жұмыс істеу нәтижесінде, 
жұмыс үдерісі дұрыс ұйымдастырылмаған кезде, жұмыс істеудің 
ыңғайсыздығы нәтижесінде, шаршау мен өз-өзін нашар сезінуді 
тудыратын дем алыстың дұрыс ұйымдастырылмауы нәтижесінде 
болады. жұмысқа қабілеттіліктің ауытқуына байланысты ауыр және 
маңызды жұмысты жұмыс күнінің бірінші жартысында немесе түскі 
үзілістен кейін бірден орындау керек. күні бойғы шаршауды азайту 
үшін жұмыстың әр түрін орындау керек. Қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындарында бұл оңай жүзеге асырылады.
жұмыс істеу ыңғайлы болуы керек. Ол жұмыс құрал-жабдық-
тарының өлшемі мен биіктігінің дұрыс таңдалуымен қамтамасыз 
етіледі. жұмысшы тік, бүкіреймей тұруы керек. кейбір операцияларды 
аспазшы немесе кондитер биік орындықта отырып орындай алады.
Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс орны артық қозғалыстарды 
жасамауға мүмкіндік береді, яғни күні бұрын шаршауды болдыр-
майды. адамның жұмысқа қабілеттілігі оның өз жұмысын білуі 
деңгейіне, яғни өндірістік тәжірибесіне де байланысты.
жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін дем алу мен жұмысты кезек-
пен істеу керек. жұмыс күні ішінде ұзақтығы бес минут болатын 
арнайы өндірістік гимнастикамен айналысу керек.
барлық аталған факторлар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын-
дарындағы жұмыс барысын дұрыс ұыймдастыру мен жұмысшылардың 
шаршауын төмендетуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет