Абжанова сокращенная indd


Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы



Pdf көрінісі
бет93/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   189
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
– жас ұрпақтың денсаулы-
ғын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз 
байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара 
әсерін зерттейді. балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және 
гигиенасы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, 
балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым – педиатрия-
мен тығыз байланысты. сонымен қатар физика, химия, метеорология 
сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін 
пайдаланады.
балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты 
физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экология-
лық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валео-
логия ғылымының теориялық түп-негізін құрайды.
жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше 
ғылыми зерттеу әдісін қолданады:
1) бақылау – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;
2) табиғи тәжірибе – мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланы-
сты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін 
табиғи жағдайда қолданады.
3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргі-
зіледі. жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет 
өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын 
анықтайды.
лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:
– функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;
– эргометрия;
– есепті шығару әдісі;
– телеметрия;
– антропометрия.
Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп 
гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған 
қолайлы жағдай тудыруды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет