Форма выпуска: во флаконах по 20 и 10 см3 Стоимость препарата: цена договорная.
Разработчик: ТОО «Казахский научно-исследовательский ветеринарный институт».
Адрес: 050016, г. Алматы, пр. Райымбека 223, тел. + 7 (727) 233-72-71. 1905 Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты КазНИВИ
Ауыл шаруашылық малдарын бруцеллезге балауға АР, КБР және КҰБР арналған бірыңғай антиген
Мал қан сарысуыy бруцеллезге серологиялық тексеруге арналған препарат.
Құрамы: бруцеллезді балау үшін қолданылатын бірыңғай антиген сұрыптап алынған B. abortus 19 бруцелла штаммының 0,5 % фенолды физиологиялық ерітіндісімен инактивтелген езіндісінен тұрады.
Қолдану бойынша нұсқау: бірыңғай антиген ауыл шаруашылық малдарын бруцеллезге зертханалық жағдайда балау үшін серологиялық реакциялар қоюға арналған.
Дозасы: бір сынамаға РА-0,1 см3; КБР/КҰБР - 0,005 см3 Агглютинация реакциясын (АР) жүргізу Агглютинация реакциясын төрт қатынаста 1,0 см3 көлемде жүргізеді. Жаппай тексеру кезінде қан сарысуын жеке микротамызғымен немесе Флоринский топтық аппаратымен екі пробиркаға 0,02 және 0,01 см3 мөлшерінде қосады. Сосын әр пробиркаға сәйкесінше натрий хлор ерітіндісімен 1:10 езілген 1,0 см3 антиген қосады. Агглютинация реакциясын қойған кезде, біруақытта сынақтағы қан сарысуымен бақылау қояды:негативтік қан сарысуын сынақтағы қан сарысуыныкіндей қатынаста;позитивтік қан сарысуын соңғы титрына дейін. Сынақтағы және бақылаулық қан сарысу езінділеріне антиген қосылған соң, пробиркалары бар штативті температурасы 37-38°С термостатқа 16-20 сағатқа қояды да, бөлме температурасында 1 сағат ұстап, реакция нәтижесін оқиды
Комплементті ұзағынан байланыстыру реакциясын (КБР/КҰБР) жүргізу және оқу. Зерттелетін қансарысуы бар пробиркаға гемолитикалық жүйені құймас бұрын, гемолитикалық жүйені үш - негативтік (жаңадан алынған немесе консервленген), позитивтік (овистік) және сынақтағы қансарысуларымен титрлейді. Зерттелетін қансарысуларын антигенмен 1:5, 1:10 және антигенсіз 1:5 қатынастарында (қансарысуының антикомплементарлығына) тексереді, жаппай тексеру кезінде реакцияны бір пробиркада антигенмен қансарысуының 1:5 қатынасында жүргізеді. Қатарластыра отырып қансарысуларын гемолитикалық жүйеде титрлеуге құяды. Қансарысуларының керекті езінділерін жоғарыда келтірілген тәртіп бойынша дайындайды. Езілген қансарысуларын 62-64 °С су моншасында инактивтендіреді. Есепке алуды барлық бақылаудың көрсеткіштерін бағалаған соң бастайды. Бақылаудағы антигенсіз қансарысуының өздігінен тоқтауы байқалған жағдайда, ол сынаманың нәтижесі есепке алынбайды. Егер антигені бар екі пробиркада да эритроцит гемолизі әр пробиркада 2 (++) крестен кем болмаса немесе анық көрінсе (+++ немесе #), реакция оң болып есептеледі. Егер эритроцит гемолизі аз байқалса (мысалы бір пробиркада ++, ал басқасында + крест болса) реакция күмәнді болып саналады. Күмәнді нәтиже көрсеткен мал бастарының қансарысуларын үш аптадан соң қайта тексереді. Барлық пробиркада эритроцит гемолизі толық болған жағдайда реакция теріс болып есептеледі.