Форма выпуска: во флаконах по 20 и 10 см3 Стоимость препарата: цена договорная.
Разработчик: ТОО «Казахский научно-исследовательский ветеринарный институт».
Адрес: 050016, г. Алматы, пр. Райымбека 223, тел. + 7 (727) 233-72-71.
1905 Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты КазНИВИ
Ауылшаруашылық малдарының бруцеллезін сүтті сақиналы реакцияда балауға арналған түсті антиген
Мал сүтін бруцеллезге серологиялық тексеруге арналған препарат.
Құрамы: ауыл шаруашылық малдарын бруцеллезге диагностикалауда сүтпен сақиналы реакциясына (СР) арналған түсті антиген вакциндық Brusella abortus 19 штамынан алынған, арнайы бояумен көк-күлгін түске түстенген өлтірілген бруцелладан тұрады.
Қолдану бойынша нұсқау.СР-на арналған антиген алдын ала бруцеллезден таза шаруашылықтардағы сауын малдардың сүтін және саудадағы сүттерді бруцеллезге тексеруге арналған.
Дозасы: бір сүт сынамасына - 0,1 см3 Реакция қоюғабіртекті сүт алу қажет, ең бастысы балауса сүт немесе формалинмен консервіленген (дайын 0,5% фармалиннің 0,1 см3, 10 см3 сүтке) сүт болуы керек.
Сақиналы реакция пробиркаларға қойылады, алдын ала 0,1 см3 (2 тамшы) антиген құйылған, уленгут пробиркаларын қолданған дұрыс. Сүт сынамаларын әр сиырдың барлық порциясынан 50-60 мм ұзындықтағы инелі 25 см3 мөлшеріндегі шприцпен алу керек. Содан кейін, сүтті антигенмен араластыру үшін, 2 мл сүтті пробиркаға баяу ағыспен құяды.
Сүттің әрбір сынамасын алған сайын, шприцты екі қайтара жылы сумен жуады. Штативтегі пробиркаларды шайқайды және 37-38 °С температуралы су моншасына немесе термостатқа 40 минутқа қояды, содан кейін, реакцияны келесі схема бойынша оқиды:
а) сүт бағанасының үстіңгі бөлігінде (май қабатында) түсті сақина анық көрініп, ал сүттің қалған бөлігі ақ күйінде қалса, нәтиже оң болып есептеледі (100% және 75% агглютинация – 4 және 3 крест);
б) сүт бағанасының үстіңгі бөлігінде (май қабатында) түсті сақина жеткілікті көрініп, ал сүттің қалған бөлігі көгілдір түсте қалса да, нәтиже оң болып есептеледі (50% агглютинация – 2 крест);
в) егер, түсті сақина май қабатында әлсіз көрініп, ал сүт бағанасы толығымен түсті болса, реакция кұмәнді болып есептеледі (25% агглютинация – 1 крест);
г) егер, сүт бағанасы, оған антиген қосқаннан кейінгі, бастапқы бірқалыпты түсті күйде қалса, және май қабаты ақ және аздап сары түсті болса, реакция теріс (-) болып есептелінеді.
Күмәнді реакция берген сиыр сүттерін, 10-15 күннен кейін қайталап тексереді. Теріс немесе қайтадан күмәнді нәтиже алған жағдайда малды бруцеллезден сау деп есептейді.