Аридті ландшафт (қуаңшылық ландшафт) – құрғақ жылы немесе ыстық континенттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт.
Ауа айналымы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.
Аэротермикалық градиент – ауа температурасының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік.
Батолит – жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузивті жыныс.
Бедленд (шөл адыр) – эрозияның әрекеті нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы жер бедерінің күрделі түрі.
Биогенді кешен – территориялық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.