Атмосферадағы конвекция - температурасы мен тығыздығының айырма жасауына байланысты ауаның жеке бөліктерінің вертикаль бағытта алмасуы.
Атмосфералық жауын-шашын - атмосферадан жер бетіне сұйық немесе қатты күйінде түсетін ылғал. Бұлттан жаңбыр, қар, бұршақ, қиыршық жауады. Ауаның жер бетіне жақын қабатынан тікелей бөлініп, шық, қырау, көк мұз тұрады.
Атмосфералық қысым - ауаның жер бетіне түсіретін қысымы.
Атмосфералық фронт - қасиеті әр түрлі екі ауа массасының арасын бөліп жататын өтпелі өңір. Ені жер бетінде бірнеше км-ден бірнеше ондаған км-ге дейін, ұзындығы бірнеше 100 км-ден бірнеше 1000 км-ге дейін барады.
Атолл - мұхиттың ортасындағы білезік тәріздес маржан аралы. Білезіктің ені 100-200 м, ал бүкіл атолдың диаметрі 200 м-ден 50-60 км-ге дейін жетеді.
Ауа массасы - тропосфераның температуасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі т.б. қасиеттері бойынша бір тектес ірі бөлігі. Шығу тегіне қарай арктикалық, антарктикалық, қоңыржай (полярлық), тропиктік және экваторлық ауа деп ажыратылады. Экваторлық ауа теңіздің, құрлықтың үстінде өте дымқыл, температурасы жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |