В Вегетациялық кезең - өсімдіктің көктемдегі соңғы үсіктен күзгі алғашқы үсікке дейін созылатын өсіп-өну кезеңі. Метеорологиялық жағдайлармен, әсіресе ауа температурасымен тығыз байланысты.
Г Гейзер - мезгіл-мезгіл ыстық бу мен суды шашып тұратын қайнар бұлақ. Мысалы, Камчатка, Исландия, Жапония аралдары.
Географиялық карта - табиғат пен қоғамдық құбылыстардың орналасуын, жай-күйін және өзара байланысын көрсететін жер бетінің кішірейтілген бейнесі.
Географиялық координаттар - нүктенің Жер бетіндегі орнын белгілейтін шамалар.
Географиялық қабық - атмосфераның, гидросфера мен литосфераның тоғысып, біріне-бірі әсер етуінің және бірімен-бірінің зат алмасуының нәтижесінде түзілген Жердің ерекше қабығы.
Геология - Жердің құрылысын, құрамын және даму тарихын зерттейтін ғылым. Геология және даму тарихын зерттейтін ғылым. Геология салалары: петрография тау жыныстарын, минералогия тау жыныстарын құрайтын минералдарды; тектоника Жер қабығындағы қозғалыстар мен олардың әсерінен түзілетін тау жыныстарының жату формаларын; тарихи геология Жер қыртысының даму тарихын; динамикалық геология Жер қыртысын өзгертетін күштерді; палеонтология Жер бетіндегі тіршіліктің шығуы мен дамуын; палеогеография өткен геологиялық дәуірлерді физикалық-географиялық жағдайларды зерттейді.