Д
Дата өзгерту сызығы – Жер шарындағы бір мезгілде күнтізбелік даталары бір-бірінен бір тәулікке айырма жасайтын жерлерді бөліп жататын шартты сызық.
Дәнді дақылдар – бидай, күріш, жүгері, қара бидай, сұлы, арпа, тары, сорго, т.б. Егілетін уақытына қарай дәнді дақылдар күздік және жаздық түрлерге бөлінеді.
Демаркациялық шекара – іргелес елдер арасындағы даулы территорияға ерекше келісім бойынша уақытша белгіленетін шекара.
Демография – халықтың саны, құрылымы, өзгерісі, өсу қарқыны, кәсіби құрамы, таралуы туралы ғылым.
Демографиялық жарылыс – дүние жүзіндегі халық санының күрт өсуі. ХХ ғасырдың бас кезінде халық саны тез қарқынмен өсе бастады да, ғасырдың орта тұсында әсіресе екінші жартысында күрт көбейді.
Доминион – бұрынғы Британ империясының өзін-өзі басқарған бөліктерінің аты.
Дюна – теңіздің, көлдің немесе өзеннің жайдақ жағасында желдің айдап үюінен пайда болған құм төбелер.
Е
Еңбек өнімділігі – белгілі бір уақыт бірлігінде өндірілген өнім мөлшері. Еңбек өнімділігінің артуы – еліміздің ұлттық табысы көбеюінің негізгі жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |