Кен өндiретiн өнеркәсiп - кен шығаратын өнеркәсiп. Бұлар шығарған кендерiн (шикiзатын) өңдеу өнеркәсiбiне жiберiп отырады. Бұл өнеркәсiпке ағаш кесу, балық аулау, теңiз өнiмдерiн өндiру және су электр станциялары жатады.
Кредит (финанс) қарыз, несие - ақшаны немесе бұйымды уақытша қарызға беру.
Комбинат - түрлi өндiрiс салалары бар өнеркәсiп - шаруашылық бiрлестiгi. Өндiрiстi бiрiктiрудiң жаңа түрi - агрокомбинат аграфирма, агроөнеркәсiп бiрлестiктері.
Комплекс - (латынның comrlexus - ұштастыру деген сөзiнен) - бiртұтастықты құрастыратын өзара байланысты бөлiктердi ұштастыру. Мысалы, территорияның өндiрiс комплексi (ТПК) - қандай да болсын бiр территорияда өркендейтiн өзара байланысты салалар мен өндiрiстердiң ұштасуы.
Көтерме сауда- халық тұтынатын тауарларды, шикiзаттарды кәсiпорындарға және ұйымдарға сату.
Кеден - шекара арқылы өткiзiлетiн тауарларды тексеретiн және салық алатын арнаулы мекеме.
Қ
Құрамдастыру - бiр кәсiпорында технологиялық процесi ұқсас бiрнеше өндiрiстердiң жинақталуы. Оның шикiзатты бiртiндеп өңдеу (шойын – болат – прокат), шикiзатты толық немесе кешендi өңдеу және қалдықты пайдалану түрлерi болады.