2.2 Қазақстан тарихы оқулығының мазмұны мен құрылымы
Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің жалпы құрылымы 15 тарау-тақырыптан құралады. Енді соларды қыскаша болса да ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеп көрейік.
1. "Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің" пайда болуы және дамуы. Мұнда қазақ тарихын оқытуға тұңғыш әрекет жасаған Ы.Алтынсарин екендігіне назар аударылады. Ал, кеңестік дәуірде тек 50-жылдардың аяқ кезінен бастап қана Қазақстан тарихының материалдары Жалпы білім беретін мектептерде оқытыла бастағаны, проблемалардың орын алғаны, қолайсыз тенденциялардың болғаны баяндалады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ол мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізіліп, өз дәрежесінде оқытуға жағдай жасалғандығы аталып өтеді.
2. "Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі - ғылыми пән" деп аталатын тарауда жеке пәнді оқыту әдістемесінің дидактиканың бір бөлімі, оның ғылыми зерттеу бағыты педагогика ғылымының методологиясына, дидактиканың жалпы принциптеріне сүйенетіңдігі, бірақ жеке пән әдістемесінің зерттеу объектісі мен мақсатының өзіңдік ерекшелігі бар екендігіне назар аударылады. Жеке пәнді оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым екендігі, демек, тарихты оқыту әдістемесі де педагогикалық, қоғамдық ғылым деген тұжырым жасалады.
3. "Қазақстан Республикасы мектептеріндегі Қазақстан тарихы пәнінің қазіргі құрылымы" тарауында Республиканың осы күнгі жалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан тарихының құрылымы талданады. Оның 5-кластан бастап, мектеп бітіргенше жеті класта оқытылатыны, пәннің екі курсқа бөлінетіні, ягни 5-класта элементарлық, ал 6-11 кластарда жүйелі курс оқытылатьны көрсетіледі. Бұл курстардың, сондай-ақ Қазақстан тарихының жеке кластарда оқытылатын бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнына ғылыми-әдістемелік талдау жасалады.
4. Келесі тарау-тақырып Қазақстан тарихы пәнін оқытудың мақсат-міндеттеріне және соларға сүйене отырып оның білім мазмүнын анықтауға арналады. Қоғамдық пәндерді, соның ішіңде әсіресе тарихты оқытуда болып жатқан үлкен өзгерістерді, оқытуды ізгілендіру, демократияландыру принциптерін басшылыққа ала отырып, тарихты оқытуға мүлде жаңаша қарау қажеттігі, осыған байланысты пәнді оқытудың мақсат-міндеттеріне елеулі өзгерістер енгізілетіні көрсетіледі. Пәннің білім мазмұнын сұрыптап, іріктегеңде басшылыққа алынатын принциптер, критерийлер мен талаптар анықталады[96].
5. "Пәңді оқытудың ұйымдастыру формалары" - деп аталатын тақырыпта оқыту формаларын анықтауға ерекше мән беріледі. Өйткені, әдетте, сабақтың типтері мен оқыту формалары шатастырылады, семинар, лекциялар да сабақ деп есептелінеді. Дұрысы, сабақ, семинар лекция, конференция, экскурсия, кеш сияқтылар, яғни өздерінің ішкі құрылымы мен оқыту әдіс-тәсілдері жөнінен бір-біріне ұқсамайтындар оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларына жатады. Ал, тарих сабақтарының бұрыннан қалыптасқан яғни тарихты оқыту әдістемесі ғылыми жағынан, сондай-ақ мектеп практикасы іс жүзінде дәлелдеген онға жуық типі бар екені белгілі. Соңғы жылдары тарих сабақтарының типтері "әдеттен тыс сабақтар" деп аталатын жаңа типтер есебінен көбейтілді. Ондай әдеттен тыс сабақтар типтеріне бірқатар алдыңғы қатарлы тарихшы мұғалімдер өткізіп жүрген интегралданган, ролдік, топ-топқа бөліп оқытатын, кездесу, ойын сахналандырылған және басқа сабақ типтері жатады. Сөйтіп "әдістеме пәннің" бұл тарауында осындай болашақ жас тарихшы мұғалімдерге аса қажет ғылыми-әдістемелік мәселелер толық көрсетілуі тиіс.
6. "Тарихты окыту әдістері" тарауында осы пәнді оқытуда көптеген пайдаланылып келе жатқан әңгіме, әңгімелесу, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, тарихи деректерді, көрнекі және техникалык құралдарды пайдалану сияқты иллюстрациялап-түсіңдіру әдістерін шығармашылықпен қолданып, оларды оқушылардың ойлау, таным қызметін дамыту мақсатына тиімді пайдаланудың жолдары көрсетіледі. Сонымен қатар оқушыларды тікелей шығармашылыққа, ізденушілікке үйрететін логикалық тапсырмалар беру, проблемалы баяндау, проблемалы оқыту, проблемалық ситуация туғызу сияқты әдіс, тәсілдерді пайдалану жолдары толық, әрі нақты мысалдар келтіре отырьп баяндалуы тиіс [97].
7. "Окушыларда тарихи білімдерді қалыптастыру кезеңдері" тарауыңда оны калыптастырудың белгілі бір реті, жүйесі барлығы, оны үнемі ескеріп отыру қажетігіне назар аударылады. Олардың қатарына: тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды түсіндіру арқылы оқушыда түсінік қалыптастыру, ұғымдарды, заңдарды, заңдылықтарды талдап-түсіндіру жатады.
8. "Тарихи материалдың тәрбиелеушілік мүмкіңдіктерін жүзеге асыру әдістемесі" тарауында бұл мәселе мүлде жаңаша қарастырылуы тиіс. Тарихты оқыту барысыңда алдымен қоғамдағы адамдардың үлгілі тәжірибелерін, үлгілі істерін көрсетуге осы мақсатта өркениеттілік, мәдениеттанушылық сипатты материалдарды көбірек пайдалану қажеттігі көрсетіледі. Тәрбиелік аспектілерді анықтағанда құндылыққа, ізгілікке, отаншылдыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу бірінші орынға шығады. Бұл тарауда оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерінің көтерілгенін анықтайтын өлшемдерінің үлгілерін берген дұрыс. Мәселен, егер оқушы жауап берген сұрағының мазмұнына қарай өзінің сезіміндегі өзгерістерді білдірсе, тарихи оқиғаларға, құбылыстарға баға берсе, сабақ материалының мазмұнына қарай қуану, не ренжу т.б. сезімдерін білдірсе меңгерілген білім оқушының тэрбиелілігіне әсер етті деуге болады.
9. "Ұғымдар мен біліктерді қалыптастыру әдістемесі" деп аталатын тарауда әдістеменің аса бір маңызды мәселелері қарастырылады. Өйткені оқу бағдарламасында көрсетілген ұғымдардың ғылыми түсінігі оқушыларда берік қалыптаспаса, олар бағдарлама талаптарына сай ғылыми білім ала алмайды. Ал, біліктер қалыптаспаса оқушылардың ойлау, таным қызметін тиісті дәрежеде дамыту, яғни тұлғаны талапқа сай қалыптастыру мүмкін емес.
10. "Қазақстан тарихының оқулықтары" тарауында осы пәннен жасалатын оқулықтарға қойылатын ғылыми-әдістемелік талаптар көрсетіледі, осы курстан 1959-1990 және 1991-1995 жылдар аралығында жарық көрген оқулықтарға қысқаша сипаттама беріліп, окулықтардың кейінгі, яғни дербес пән болғаннан бергі 5-11 кластар үшін жасалғандарына талдау жасалынып, олардың ерекшеліктері көрсетіледі.
11. "Оқыту нәтижесін тексеру жэне есепке алу" деген тарау-оку бағдарламаларында көрсетілген базалық білім мен біліктерді оқушылардың қандай дәрежеде: "мүмкіндік" және "міндетті" деңгейлерде меңгергенін анықтауға арналады. Былайша айтқанда, мұнда оқушылардың білімі мен біліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуы тексеріледі. Осыған орай тарауда оқушылардың меңгеретін тарихи білімдерінің толықтығына, тереңдігіне, беріктігіне қойылатын талаптар, сондай-ақ білімдсрдің "мүмкін" деңгейі мен "міндетті" деңгейінің көлемі мен мөлшері анықталады.
Бұл тарауда оқушылардың білімдері мен біліктерін тексерудің түрлі әдіс, тәсілдері туралы нұсқаулар беріледі. Мәселен, оқыту нәтижелерін қатар жазбаша тексерудің: тақырыптың жэй және толық жоспарларын, тезисін жасау; тақырыпты сұрақтарға бөліп, оларға жауаптар жазғызу; графикалық тапсырмаларды орындату; диаграммалар, схемалар, хронологиялык, синхрондық таблицалар сыздырту т.б. түрлерін қолдануға болады. Мұнда білім тексерудің тест әдісін қолдану туралы да әдістемелік нұсқаулар болады. Оқушылардың білімдері мен біліктері тарихи білімдерінің тірек категориялары: тарихи уақыт, тарихи кеңістік, тарихи қозғалыс бойынша тексерілгені дұрыс. Бұл нұсқау студенттерге түсінікті болу үшін оқыту нәтижесін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалардың үлгілерін берген орыңды.
12. "Өлкетану жүмыстары" тарауында тарихшы мұғалімдердің өз өлкесін зерттеуге оқушыларды қатыстыруы, осы бағытта жүргізілетін жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру жолдары баяндалады. Өлкетану жұмысы нәтижесіңде жинақталған материалдарды қорыту, сақтау және оларды мектептің оқу, тэрбие жұмысыңда пайдалану жолдары көрсетіледі. Осы тарауда өз өлкесі тарихы бойынша оқу құралдарын дайындау жэне оқыту жолдары, сондай-ақ Қазақстан тарихының белгілі дәуірлерін бағдарлама бойынша өтіп болғаннан кейін, сол дәуірдегі өз өлкесінің тарихын баяндауға арналған сабақты ұйымдастыру және өткізу жолдары туралы да әдістемелік ұсыныстар беріледі.
13. Тарих пәнінің оқу бағдарламасындағы білімдер мен біліктерді оқушыларға ойдағыдай меңгертуде тарих пәні бойынша сабақтан және кластан тыс жұмыстардың маңызы зор. Соңдықтан да "Қазақстан тарихын оқу әдістемесі" пәнінің құрамында "Тарих пэнінен жүргізілетін сабақтан жэне кластан тыс жұмыстар" деген тарау болуы тиіс. Онда төменгі, орта кластар оқушыларын қамтитын түрлі тарихи үйірмелерден бастап, көбіне жоғары кластар оқушыларымен ұйымдастырылатын саяхаттар мен экскурсиялар сияқты алуан түрлі жұмыстарды алдын-ала жоспарлау, ұйымдастырып өткізу мэселелері жан-жақты қамтылады. Мұндай жұмыстар ойдағыдай ұйымдастырылған жағдайда оқушылар оларға белсене, қызыға қатысады, демек олардың тарихи білімдері толыға түседі, шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігі артады[98].
14. "Қазақстан тарихын оқытатын мұғалімге қойылатын талаптар" деген тараудың мазмұны бұған дейін орталық баспалардан (Мәскеуден) шыққан тарихты оқыту эдістемелері туралы еңбектердегі тарих мұғалімдері туралы айтылғаңдардан мүлде өзгеше болады. Бұрын басты міндет — оқушыларды коммунистік қоғамның салтанат құратыңдығына сендіру болса, қазіргі тарихшы мұғалімнің алдында тұрған басты міндет — оқушыларды адамзат жинаған құндылықтар рухында тәрбиелеу, оқушыны жеке тұлға деп қарау, сол тұлғаның заман талабына сай жан-жақты дамуына толық мүмкіңдік жасау, оны оқыта отырып дамыту, оқушымен демократиялық принципке негізделген катынастар орнату.
Мұнда мұғалімнің ғылыми, кәсіби-әдіскерлік, жан-жакты білімділік дәрежесіне, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттеріне қойылатын талаптар да жан-жақты көрсетіледі.
15. Соңғы тарау-тақырып "Қазақстан тарихының оқу-әдістемелік комплекс деп аталады. Мұндай комплекс бұрын қазақ мектептеріндегі оқу пәндерінің бірде-бірінен жасалған емес. Бұл жұмыс енді ғана басталып жатыр. Жоспар бойынша келешекте осы пәннен жасалатын оқу-әдістемелік комплекс кұрамында төмендегілер болады: оқу бағдарламасы; оқулық; оқулықты пайдалану туралы әдістемелік нұсқаулар; курстың кластар бойынша сабақ жоспарлары; оқу кітабы (5-7 кл); хрестоматия (8-11 кл); терминологиялық сөздік; дидактикалық материалдар; көрнекі және техникалық кұралдар. Тарих факультетінің қазіргі студенттері мектепке барғанда осы құралдар мектептің тарих кабинетінде тұруы мүмкін. Сондықтан да болашақ тарихшы мұғалімдер ол құралдармен жұмыс істеудің әдіс, тәсілдерін университет пен педагогикалық институттардың қабырғаларында жүріп-ақ үйренулері керек.
Жоғары және орта оқу орындарыңдағы Қазақстан тарихын оқыту дәрежесі оның әдістемелік жағынан да ойдағыдай оқытылуына тікелей байланысты. Ал бұл маңызды істе жетекшілік орын тарих факультетін бітірушілерге тиеді [99].
Достарыңызбен бөлісу: |