2.3 Тарихты оқыту процессінде оқушылар білімінін қалыптасуы, оқытудағы әдіс және әдістемелік тәсілдер
1. Әдісті үйретудегі оқушылардың негізгі сатыдағы жұмыс тәсілдерінің қалыптасуы. Казақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: "Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінін әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технолоғияларды жетілдіру болып табылады" — деп көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына, жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандық білім жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөнінде нақты тапсырма беріп ұлттың өрісі білім нәрімен сусынданғанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралық дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін үнемі ескертеді .
Сондай-ақ , қазіргі тәжірибеге енген кредиттік оқыту технологиясы-ның ерекшелігі — оқу процесін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік туғызып "жалпыға ортақ білім" парадигмасынан "әркімге арналған білім" парадигмасына қадам жасатады. Осындай ғылыми нәтижелер, қазіргі өркениет деңгейінен қалмай жанарту қажеттіліктерінен туындап отыр.
Бұл оқыту жүйесінің басты мақсаты болашак маманды шығармашы-лық ізденісте, ғылыми деректерге сүйеніп, ойын терең мағынада жеткізе алатын, өзіне де, өзгеге де сыни көзқарастағы білікті маман иесін қалып-тастыру болмақ. Ендеше, қазіргі әлемнің жетекші елдерінін көпшілігінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды екен. Соған орай, Абай атындағы ҚазҰПУ, тарих факультетінің "Тарихты оқыту теориясы мен технологиясы" кафедрасы" Тарихты оқыту әдістемесі" пәнінен 4-курс студенттері арасында белгілі бір тақырыптың мазмұнын зерттеудегі оқытудың дербес және топтық түрлерін тиімді пайдалану жолдары жан-жақты қарастырылған. "Голощекин тұсындағы Алаш зиялыларының тағдыры" тақырыбын алдын-ала сту-денттерге жан-жақты дайындалып келуге оқытушы тарапынан тапсырмалар беріледі. Студенттерге алдын-ала тапсырмалар берілмес бұрын, білім берудің нормативтік құжаттарынан бөлек, тақырып мазмұнына сай, тарихи еңбектердің тізімін ұсынған жөн [100]. Мысалы:
1. М. Қойгелдиев "Алаш қозғалысы" (көмекші оқу кұралы). Алматы, «Санат», 1995
2. М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков «Тарих тағылымы не дейді?». Алматы, «Ана тілі», 1993 ж.
3. Қ. Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда». Алматы, «Ататек», 1995ж.
4. Т. Омарбеков «1920-1930 жылдардағы Қазақстан қасіреті». Алматы, «Санат», 1997 ж. т.б. сол сияқтылар.
Оқытушы интерактивті тақтадан сызбалардағы сұрақ тапсырмаларына, студент-терді топ, жұпқа болу арқылы жауаптар берудегі өзіндік тұжырымдау көзқарастарын тыңдап, бағалайды.
2. Мектепте тарихшы оқыту процесінде арнайы оқу қабілетіне мінездеме. XXI ғасырдағы тарих сабағынының өзекті мәні, ерекше мақсаты бүгінгі тәрбиеленіп отырған жастың «Өз елінің ұйтқысы, ел тағдырын шешуші ұлтының өкілі» екеңдігін жүрегімен сезіне білуге тәрбиелеу.
Қазақстан егемендігін алып 10 жыл мерзімді бастан өткеріп елеулі жаңа кезеңге иек артып отыр. Ел дербестігіне ие болған бүгінгі жағдайда кешсөз тағдыры басқаның қолыңда болған қазақ ұлты енді басқанын тағдыр тауқыметін мойнына алды. Олай болса Қазақстан республикасынын бет-бейнесі, жеткен жері еңәуелі қазақ ұлтының жетістігімен өлшенеді. Ендеше бұл қазақ ұлтынан бұрынғыдан бірнеше мәрте артық күш-қуат, білім парасатты талап етеді.
Ал бүгінгі езіміз тәрбиелеп отырған жеткіншектер осы талапқа дайын ба деген сауалға жауап беруге келгенде күмілжіп қаларымыз шындық.
Олай болса жастардың ел тағдырын шешуші ұлттың екілі екеңдігін сезініп өсу үшін Абайтанудың өзіндік моделін жасау немесе оның шығармаларын, қара сөздерін тарих, құқық, қоғам пәндеріне үнемі жүйелі қолданып отыру керек. Қазақта күні бүгінге дейін озық ой, парасат, өнер, кәсіптік бағдарға, ұлттык қарым -қатынас, ел билеу, заң, сот, қала берді нарық мәселесі саласына қалам тартып, дәл көрсетіп философиялык ой түнген Абайдан асқан ешкім жоқ.
Соңдықтан Абайдың қара сөздері мен ой толғамдарын тарих, адам және қоғам құқык пәндеріне тәрбие мақсатын белгілегенде үнемі тірек ету қажет деп ойлаймын.
Ұлы ойшылдың қоғамтану, философиялық, саяси-әлеуметтік көзқара-старына арналған есептері көп. Сабақта тек тарихи көзқарастарына байла-нысты өлең, қара сөздерін пайдаланамын. Жыр пайғамбары дүние жүзі ха-лықтарынын арғы-бергі тарихынан хабардар болған, ежелгі дүниетарихын, орта ғасыртарихын жатқа білген.
Достарыңызбен бөлісу: |