Accoucher-босанудағы көмек


а) екі жұмыртқалы және б) бір жұмыртқалы егіздер: 1 - плацента; 2 - хорион; 3 - амнион



бет22/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

а) екі жұмыртқалы және б) бір жұмыртқалы егіздер: 1 - плацента; 2 - хорион; 3 - амнион.
Егер бөліну 3-8 тәулікте, бластоциста сатысында болса, онда екі эмбрион, екі амнион, бір плацента қалыптасады. Ұрықаралық перде екі амнион қабатынан тұрады. Осындай бір жұмыртқалы егіздерді монохориальды диамниотикалық егіздер деп атайды. Ал егер ана безінің бөлінуі 8-13 қүнде болса, онда бір амниотикалық қабатпен қоршалған бір плацента және 2 эмбрион болады, яғни ұрықаралық перде жоқ.
Егіз жүктілікті анықтау:

  1. Жатырдың көлемі жүктіліктің мерзіміне сәйкес келмейді.

  2. Жүкті әйел нәресте қимылын ерте сезінеді.

  3. Жүкті әйелдің дене салмағы 14-16 апталық жүктіліктен бастап артық өсе бастайды.

  4. Жатырдың жиырылуы жоғары болады.

  5. 20-24 апталық жүктіліктен бастап анемия белгілері пайда болады.

  6. Жатырдың әр жерінен нәрестенің екі жүрек соғуы естіледі.

  7. Нәрестенің жатырда үш ірі бөлігі анықталады (екі бас және бір жамбасы)

  8. УДЗ зерттеу арқылы егіз жүктілікті 6 аптадан бастап анықтайды.

  9. Жүктіліктің 20-22 апталығынан бастап фоноэлектрокардиографияны қолдана отырып, егіздердің жүрек соғуын анықтауға болады.



7темаАкушерлік қан кетулер - жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде кездесетін түрлі акушерлік асқынулардың ішінде ана өлімі көрсеткішіне ықпалы өте жоғары мәселе болып саналады. Жыл сайын әлемде акушерлік қанкетулер 14 миллион жағдайда тіркеледі, олардың басым көпшілігі босанғаннан кейінгі кезеңде кездеседі. Нәтижесінде, 128,000 әйел көз жұмады 

Қан кету - 500,0 мл-ден жоғары немесе дене салмағының 0,5% құрайтын қан жоғалту. Қан кету көлемінің маңыздылығы бастапқы гемоглобин деңгейімен байланысты. Гемоглобин көрсеткіші қалыпты пациенттер қан кетуге барынша төзімді болып келеді.
Анемиясы бар пациенттерде дене салмағының 0,3% құрайтын көлемде қан жоғалту қан кету болып саналады (ДДҰ, 2002 жыл).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет