Басталған түсік - іштің төменгі жағында ауырсыну күшейген және ұстамалы, толғақ. Қан кету орташа, көп емес. Қынап арқылы зерттеу: жатыр мойны біршама қысқарған.
Жүрудегі түсік - ұрық жұмыртқасы жатыр қабырғаларынан ажырап, жатыр қуысынан шығып бастайды. Іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, қарқынды қан кету және ұрық жұмыртқасының жылжып шыға бастауының байқалуымен жүреді. Әйелдің жағдайы қан жоғалту көлеміне сәйкес болады. Қынап арқылы зерттеу: жатыр мойны қысқарған, цервикальды канал өткізулі.
Жартылай түсік - ұрық жұмыртқасының бөліктерінің шығуы және жатыр қуысында қалдық бөліктердің болуы байқалады. Қарқынды, қоңыр қызыл түстес және ұйыған түйіршіктермен қан кетумен сипатталады.
Толық немесе аяқталған түсік - жатыр қуысынан ұрық жұмыртқасының толық шығуымен сипатталады. Қан кету болмайды
Көпiршектi күртiк (пузырный занос)- сирек кездесетін, жүктілік асқынуына соғатын ұрық жұмыртқасының ауруы. Хорион талшықтарының өзгеріп жаңаруынан болатын, талшықты қабықшаның өзгеруі. Хорион талшықтары ісінеді, ұлғайып, өсіп, көп мөлшерде эстроген бар көпіршікке айналады.
Клтиникалық көріністер:
жатыр өлшемінің мерзімге сәйкес келмеуі;
етеккір циклының кешігуі;
хориондық гонадотропин титрі,
Қорытынды диагноз гистологиялық зерттеудің нәтижесінде қойылады. Онкогинеколог – дәрігердің диспансерлік бақылауы қажет болады.
Жатырдан тыс жүктілік - ұрықтанған жұмыртқа жатыр қуысынан тыс жерде бекінеді. Классификация: үдемелі және үзілген.
Орналасуы бойынша:
Түтіктік (түтік аборты немесе жатыр тұтігінің жарылуы )
Мойындық (шеечная)
Іш қуыстық
Аналық бездік
Интралигаментарлық
Рудименттік мүйізде (рудиментаром роге)
Мойындық (Шеечная) жүктілік.Айнамен қарауда: жатыр мойны бөшке пішінді, сыртқы ернеуі ығысқан, айқын цианозбен, қарау барысында жеңіл қанамалы. Қынап арқылы зерттеуде: жатыр денесі тығыз консистенциялы, көлемі жүктіліктің болжам мерзіміне сәйкес келмейді/ кіші болады. Жатыр қабырғасының тамыр құрылыстарының бұзылу салдарынан өте қарқынды қан кету анықталады.