Жатырдың жыртылу қаупі клиникасы:
Босанушы әйелдің мазасыздануы, үрей, қорқу, іште және белінде тоқтаусыз қатты ауыру. Босану қызметі қатты, толғақтар жиі, қарқынды болуы мүмкін; жатыр толғақ арасында мардымсыз босаңсиды.
Жатыр қатты созылған, төменгі сегмент жұқарған, пальпация өте ауырмалы. Жатыр мойнының толық ашылуы кезінде контракциялық сақина (жатыр денесі мен төменгі сегмент шекарасы) кіндік деңгейіне жылжиды, нәтижесінде жатыр «құм сағат» пішінді болады. Жатыр байламдарының тырысуы байқалады. Қуықтың қысылу синдромы салдарынан зәр шығару ауырсынумен жүреді, жиі немесе болмайды.
Тактика:
Жатырдың жыртылу қаупі:
• жедел түрде жатырдың босаңсуы және босану қызметін тоқтату үшін наркоз беру;
• кесар тілігі.
Басталған жыртылу және болған/іске асқан жыртылу:
Шұғыл және бір мезгілде орындау:
Оперативтік ем.
Тиімді сәйкес анестезиологиялық көмек.
Есеңгіреу/шок және қанжоғалтуға сәйкес инфузиялы-трансфузиялық терапия.
Гемокоагуляцияны түзеу.
Профилактика. Жатыр жыртылуын алдын алу үшін қауіп тобын анықтап уақытылы босануға дейінгі бөлімшеге орналастыру. Стационарда нақты тексеріп, тиімді босандыру жоспарын құру: жоспарлы түрде кесар тілігі немесе табиғи жолмен босандыру.
Босанудың бірінші және екінші кезеңіндегі қан кету:
1. Плацентаның төмен орналасуы
2. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы
3. Жатыр жыртылуы
Босанғаннан кейінгі қан кету.
Босанғаннан кейінгі кеш (екіншілікті) қан кету - көлемі 500мл және көп, босанғаннан кейін 24 сағаттан бастап 6 аптаға дейінгі аралықтағы қан кету.
Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы:
Плацентарлық алаңда 150-200 спиральды артериялар болады. Плацента туылғаннан кейін жатыр қарқынды жиырылып бастайды, тамырлар қысылады және тартылады, нәтижесінде қан кету тоқтайды. Сол мезгілде тромб түзілу процесі де басталады.
· тұрақты гемостаз босанғаннан кейінгі 2-3 сағатта жетіледі.
· «физиологиялық қан жоғалту» - босанудың III кезеңіндегі,әйелдің жағдайына ықпал етпейтін және 300-490 мл –ден аспайтын (дене салмағының 0,5%) қан жоғалту.
Этиология:
«Тонус» жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы.
«Ткань» жатыр қуысында тіннің қалып қоюы.
«Травма» босану жолдарының жарақаты.
«Тромбин» коагуляцияның бұзылысы.
Достарыңызбен бөлісу: |