Accoucher-босанудағы көмек


Қарқынды қан кету белгілері



бет23/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

Қарқынды қан кету белгілері:

  • 150мл/мин

  • 50% ЖҚМ/ОЦК 3 сағат аралығында

  • 2000мл

  • 24 сағат ішінде қанның 10 дозасынан жоғары қажеттілік

  • Гематокрит көрсеткішінің 10% -ға төмендеуі және гемодинамикалық бұзылыстардың анықталуы

Қалыпты жүктілік.

  1. ОЦК жоғарылауы

  2. Тамырлардың эндотелиясының өткізгіштік қасиетінің өсуі

  3. Альбумин көрсеткішінің төмендеуі

  4. Тамырдан тыс сұйықтықтың 1500-2000мл ұлғаюы

Акушериядағы қарқынды қан кету себептері:

  • Плацентаның ажырауы 50-70%

  • Плацентаның төмен орналасуы 30%

  • Плацентаның бөліктерінің қалуы

  • Placenta accreta, increta, percreta

  • Жатыр атониясы, гипотониясы

  • Жатыр жыртылуы, жатыр айналуы

  • Жатыр мойны және қынап жыртылулары

  • Жатыр мойны патологиясы, жарақаттары

  • ДВС, преэклампсия, HELLP, туа болған коагулопатиялар

  • Антикоагулянттар әсері

Жүктіліктің бірінші жартысындағы қан кетулер: өздігінен болған түсік, көпiршектi күртiк (пузырный занос), жатырдын тыс жүктілік, жатыр мойны түзілістері, жатыр мойны және қынап варикоз түйінділерінің жарылуы.
Өздігінен болған түсік - жүктіліктің ерте мерзіміндегі қан кетулер - жүктіліктің 22 апталығына дейінгі қынап арқылы қан кетумен жүретін гестация асқынуы.
Өздігінен болған түсік - жетілмеген және өмір сүруге қабілетсіз, сондай-ақ салмағы 500 граммға жетпейтін ұрықтың туылуымен аяқталған жүктіліктің 22 апталығына дейінгі өздігінен үзілуі
Классификация:
1. Жүктілік мерзіміне байланысты:

  • ерте –жүктіліктің12 апталыққа дейін өздігінен үзілуі

  • кеш – жүктіліктің 13-21 апталық аралығында өздігінен үзілуі

2. Клиникалық белгілері бойынша:

  • Түсік қаупы

  • Басталған түсік

  • Жүрудегі түсік

  • Толық емес түсік

  • Толық немесе аяқталған түсік

  • Болмаған немесе жүрмеген түсік

  • Инфицирленген түсік

Түсік қаупі - шағымдары іштің төменгі жағында, бел аумағына берілетін сыздап, тартатын ауырсыну. Қан кету - аздаған немесе болмайды. Қынап арқылы тексеру: жатыр мойны өзгеріссіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет