Жүктілік мерзімі мен босану уақытың анықтау:
Соңғы еттекір арқылы. Соңғы етеккірдің бірінші күнінен артқа қарай алып тастайды.Босану және уақыт күнің білу үшін соңғы еттекірдің бірінші күніне 280 күнді қосады және Негеле формуласың қолданады.Соңғы еттеккірдің бірінші күнінен үш ай артқа қарай алып тастап,оған жеті күн қосады.
Овуляция бойынша жүктілік мерзімі мен ұрықтың ұрықтану күнінен артқа,алдың ала екі апта қосамыз,ал босану уақытың алдын ала 38 апта овуляция күнінен артқа қарай алып тастаймыз немесе келесі формуланы қолданады:овуляция күнінен үш апта жеті күн алып тастайды.
Бірінші көріну бойынша. Дәрігерге бірінші қаралу және дәрігермен жүктіліктің уақытының белгіленуі.
Бірінші қозғалу бойынша: бірінші босанушыда қозғалу жырма аптада, ал екінші рет босанушыда он сегіз аптада болады.
Ультрадыбыстық тексерулері бойынша: жүктіліктің мерзімі УДЗ арқылы нақты жүктіліктің бірінші триместрінде ерекше.
Босануға дейінгі демалыс арқылы: жүкті әйел 30 аптасынан бастап демалысқа шыға бастайды.
Жүктілік кезіндегі әйел организміндегі өзгерістер. Жүктілік кезінде әйелдің салмағы артады, ол жатырдың, ұрықтың өсуіне, май талшықтарының жиналуына, емшек бездерінің өсуіне, қан көлемінің ұлғаюына, тінде судың жиналуына байланысты. Екіқабат кезде дененің жалпы салмағы орташа есеппен 9-12 кг артады, ұрықтың салмағы 1,4-1,8 кг ұлғаяды, апта сайын салмағы 250-300 г нан аспау керек. Ал 90% жүкті әйелдерде босанардан 3-4 күн бұрын салмағы есеппен 1 кг шамасында төмендейді. Сонымен қатар, әйелдің дене қызуы әдетте 37-37,2 ге көтерілуі мүмкін. Сүт бездерінің қызметі артып, көлемі ұлғаяды, жүктіліктің екінші жартысында уыз пайда болады.
Жүрек-қан тамыр жүйесі. Жүктілік кезінде жүректің жұмысына салмақ түсудің себебі- қан көлемінің шамамен 30-50%-ға ұлғаюы және қан айналымының пайда болуы, жатыр көлемінінің және әйел салмағының өсуі т.б. факторлар. Жүктіліктің физиологиялық ағымында – екінші триместрде систолалық және диастолалық артериялық қан қысымы 5-15мм.с.б. төмендейді. Жүктілік кезінде физиологиялық тахмкардия байқалады, үшінші триместрде жүрек соғуының жиілігі артады, жүктіліктің соңғы айларында 80-95 минутына. Жүктілік кезінде қан плазмасының көлемі (35-47%) ұлғаюы салдарынан гиперволемия байқалады, эритоциттердің көлемі де ұлғаяды (11-30%). Плазма көлемі эритроциттер көлемінен артық болғандықтан. Жүктіліктің физиологиялық анемиясы дамиды: гематокрит саны 30%- ға және гемоглобин 135-140-тан 110-120г/л төмендейді. Жүктіліктің ағымына үлкен әсер ететін жаңа жүйе – жатыр плацента қан айналымы. Ана және ұрық қаны бір-бірімен араласпаса да, жатырдағы гемодинамикалық өзгерістер бірден плацента, ұрық қан айналымына және керісінше әсер етеді («жатыр-плацента қан айналымы» арқылы).
Достарыңызбен бөлісу: |