Дене өлшемдері.
Иық өлшемі (diameter biacromialis) - иықтың көлденең ұзындығы - 12 см, айналымы - 35 см, жамбастың көлденең өлшемі - 9-9,5 см, айналымы 28 см.
Ұрықтың бас сүйегінің топографоанатомиялық ерекшеліктерін білудің акушерия тәжірибесінде маңызы зор.
Дәрігер қынаптық зерттеуде бас сүйектің жігі, еңбектері, өлшемдері арқылы босанудың ағымын анықтайды.
3 Ұрықтану – еркектің және әйелдің жетілген жыныс клеткаларының қосылу құбылысы. Аналық безде фолликуланы жетілдіретін гормонның әсерінен фолликулалар өсіп-өне бастайды. Олармен қоса жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Біріншілк фолликулалар (примордиалды) жетілмеген аналық клетка жасушасынан тұрады. Примордиалды фолликулалар сыртқы бір қабатты эпителий мен дәнекер ұлпасымен қоршалған. Әдетте осы фолликулалардың біреуі толық пісіп жетіледі де, эпителий мен дәнекер ұлпа бірқатар өзгерістерге ұшырайды.
Аналық жұмыртқа клеткасы толық пісіп жетілуі үшін екі рет бөліну сатысынан өтеді.
Бірінші реттік бөліну саысында пішіндері бірдей емес ІІ қатардағы овоцит пен редукционды денешіктер түзіледі.
Екінші реттік бөліну сатысынан өткенде, жұмыртқа клеткасынан хромосомалар бөліне бастайды. Адамда әрбір клетка 22 жұп хромосомадан тұрады. 23-жұбы – жыныс хромосома, Х-хромосома әйелде, Х және У-хромосома еркекте. Пісіп жетілген аналық клетка адам организміндегі ең үлкен клетка – диаметрі 0,2-0,3мм. Фолликулалардың толық пісіп-жетілуі, етеккірдің 13-14 күніне сәйкес келеді. Осы кезеңде овуляция поцесі жүріп, пісіп жетілген аналық клетка құрсақ қуысына, содан соң жатыр түтікшесінің ең кең ампулялық бөлігіне түседі.
ЕРТЕ ЭМБРИОГЕНЕЗ
Эмбрионның ерте кезеңдегі дамуында,сарғылт қуық өсіп, қан тамырлар шоғырларымен қамтамасыз етіледі. Бастапқы сатыларда ұрық амниотикалық сұйықтықпен және үш қабықшамен – децидуалды,хорионмен, амнионмен қоршалып жатады. Децидуалды қабық жатырдың шырышты қабаты аналық жағы, ал хорион мен амнион ұрықтық жағы. Децидуалды қабық үш бөліктен тұрады:
Decidua parietalis – жатыр қуысын қаптап тұратын шырышты қабық.
Decidua capsularis – ұрықты жатыр қуысы жағынан жауып тұратын бөлік.
Decidua basalis – ұрық пен жатыр қабырғасының арасындағы бөлік.
Хорион – трофобластан дамиды. Ал,ашқы кезде хорион бүрлері ұрықты толық қоршап жатады,екінші айында атрофияланады, үшінші айында жойылады.
Амнион (сулы қабықша) плацентаны жіне кіндік бауды қаптап, кіндік сақинасының түбінде ұрық терісімен жалғасады.
Плацентаның құрылысы мен физиологиясы және кіндік бау.
Плацентаның екі беті болады: аналық беті – децидуалды қабықшамен, ұрықтық беті – түкті хоионнан тұрады.
І. Децидуалды қабықша: базалды, капсулалы бөліктерден тұрады.
А) базалды бөлігі плацента құрамына кіреді, ұрықты миометрийден бөліп тұрады.
Ә) капсулады бөлігі: жүктіліктің 18-куні капсулалы бөлік жатыр қуысына енген ұрықпен бірігіп, оны жатыр қуысынан бөліп тұрады.
Б) қабырғалық бөлігі мен децидуалды бөлік бездері қосылған кезде, бұл бөлік кішірейіп айырмашылық жоқ болады.
Бүрлі хорион. Үшінші қатардағы жақсы дамыған бүрлер, етті қабатына қараған жағы – бүрлі хорион құрайды, мұнда капиллярлы тамырлар көп. Бүрлер аналық тінмен қатты байланысып, олардың аралық қатынасын мықтайды.
ҚЫЗМЕТІ: жүкті әйел мен ұрық арасындағы зат алмасу 3 ай плацента арқылы пассивті және активті түрде өтеді.
Жүктілік анықталады: тексеруде ұрықтың жүрек соғысы және қозғалысы ультрадыбыста анықталса. Осы анық белгілер жүктілердің ерте кезеңінде басталады, ал одан кеш белгілер (V-VI) айда анықталады. Ерте жүктілік күмәнді және күмәнсіз белгілермен қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |