Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Дәріс №14. Сезім органдары. Көз, есту анализаторлары



бет40/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

Дәріс №14. Сезім органдары. Көз, есту анализаторлары
Жоспары:
14.1. Сезім мүшелері және талдамалары: тері, дәм және иіс, сезу, көру
14.2. Есту және тепе-теңдік сақтау мүшесі
14.1. Сезім мүшелері және талдамалары: тері, дәм және иіс, сезу, көру.
Сезім органдары туралы ілім (эстезиология)
Сезім органдары, немесе рецепторлар сыртқы ортада немесе организмнің өзінде жүретін өзгерістер жөніндегі сигналдарды орталық нерв жүйесіне жеткізетін рецепторлық клеткалар мен қосалқы құрылымдардан тұратын мамандалған аппараттар.
Қабылданатын тітіркендіргіштердің сипатына байланысты рецепторлардың төмендегі түрлерін ажыратады: сыртқы ортадан тітіркендіргішті қабылдайтын экстерорецепторлар, ішкі органдардар, тамырлардан, ұлпалардан интерорецептор, бұлшықеттен, сіңірлерден, шандырлардан, буындардан проприорецептор.
Тітіркендіргіштердің табиғатына сәйкес рецепторларды механорецептор, хеморецептор, фоторецептор, терморецептор т.т деп ажыратады.
Механорецептор. Механорецепторлар рецепторлардың жабайы түрі, ауырлық күшінің әсеріне байланысты тітіркендіргіштерге жауап береді. Механорецепторларды тактильдық (жанасу), проприоцептік және есту рецепторлары деп үш топқа бөледі.
Тактильдік рецептор. Жанасу мен әлсіз қысымды сезетін рецепторлар терінің бетіне жақын орналасады және сенсорлық (рецепторлық) нейрондардың көптеген жіңішке бос ұштары болып есептеледі. Бос нерв ұштары ауырсынуды сезуге жауапты. Олар эпидермисте орналасуы немесе шаш-түк фолликулдарындағы шаштар мен түктерге бекіп тұруы мүмкін. Тері немесе шаш-түктерінің деформациясына жауап береді.
Проприоцептивтік рецепторлар. Адамның барлық бұлшықеттері мн сіңірлері, буындары бұлшық еттердің керілуі мен созылуына, сіңірлердің керілуіне т.тсезімтал проприоцепторлармен жабдықталған. Проприоцептивтік импульстардың тепе-теңдікті сақтаудағы маңызы зор. Проприоцепторлардың саны басқа кез-келген сезім органдарының санына қарағанда анағұрлым көп және үздіксіз жұмыс істейді.
Терморецепторлар. Дермада температураның өзгеруін сезуге жауапты рецепторлардың екі түрі болады. Жылуға Руффинидің денелері жауап беретін болса, суыққа Краузенің қабыршықтары жауап береді. Бірақ терінің негізгі жылыны, суықтықты сезетін рецепторларыы бос нерв ұштарының алуан саны болып есептеледі.
Хеморецептор. Химиялық тітіркенуді қабылдау еріген химиялық заттардың рецепторлармен жанасу кезінде жүреді. Хеморецепторларға тыныс алуды және ішкі ортаның осмостық қасиеттерін реттеуде маңызды рөл атқаратын интерорецепторлар мен иіс сезуші органдар мен дәм сезім органдарының экстерорецепторлары жатады.
Иіс сезу мүшелері. Иіс сезу мүшелері – адамның және жануарлардың иіс қабылдайтын органы. Иіс сезу мүшелері иіс сезу шұңқыршасын жауып жатқан иіс сезу клеткаларынан тұрады. Омыртқасыз жануарларда иіс сезу мүшелері эктодермадан дамиды және олардың әр жерінде жеке не топтанған клетка түрінде болады. . Адамдарда иіс сезу мүшелері мұрын қуысының жоғарғы бөлімінде, яғни жоғарғы мұрын қалқаны мен мұрын қалқасының жоғасыр бөлігінде орналасқан. Заттардың иісі ауамен бірге мұрын қуысына еніп, иіс сезу мүшелерінің иіс сезетін, жүйке клеткаларынан түзілген рецепторларда қабылданады. Бұл клеткалардың орт. өсінділері бассүйектің тор сүйегі арқылы миға өтетін 15 – 20 иіс сезу жүйкелерін құрайды. Мидың ілгек деп аталатын бөлігінде иіс сезу мүшелерінің (анализаторының) орталығы орналасқан. Осы орталықта әр түрлі иістер саналы түрде қабылданады.
Көру органдары. Көз - оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес, ақ түсті, ол белок деп аталады.
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрін өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диафрагмалар.
Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді. Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.
Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза.
Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған (33-сурет).

33-сурет. Көз құрылысы
Көз гигиенасы. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал.
1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу;
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек.
3. Үстелге коятын шамның жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты окығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау.
5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу.
9. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
10. Серуендегенде, орман-тоғай аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау.
11. Көзге бөгде заттардың тиюі өте зиян, мұндайда көзге ақ түседі. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне карай жуу; көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу; көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет