Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Дәріс №15. Тері және оның туындылары



бет42/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

Дәріс №15. Тері және оның туындылары
Жоспары:
15.1. Терінің құрылысы
15.2. Тері туындылары
15.3. Май және сүт бездері
15.4. Тері бездері
15.1. Терінің құрылысы. Тері көптеген қызметтер атқарады. Негізгі қызметі коршаған ортаның зақымдаушы әсерінен қорғау және ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға қатысу, терморегуляцияға және су балансын сақтауға қатысады. Сонымен бірге тері жанасу, температуралық және ауырсыну нерв ұштары орналасқан маңызды сезім органы.
Тері құрылысы түрліше және әр түрлі ұрықтық жапырақшалардан пайда болған екі қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты көп кабатты жалпақ мүйізденетін эпителийден түзілген. Бұл қабатты эпидермис деп атайды, эктодермадан пайда болған. Ішкі қабат дерма немесе терінің меншікті қабаты, я болмаса кориум, мезенхимадан пайда болады. Құрамында коллаген және эластикалық талшықтар бар талшықты дәнекер ұлпасынан тұрады.
Эпидермистің беткі қабаты ұсақ қабыршақ күйінде түлеп түсіп отыратын тығыз қабыршықты өлген клеткалардан тұрады. Бұл қабатты мүйіз қабат деп атайды. Ең тереңдегі қабат базальдық қабат. Бұл қабат аласа призма тәрізді эпителийлік клеткалардан тұрады. Базальдық қабаттың клеткаларында қоңыр пигмент меланин болады. Кейінгі қабаттар қанат тәрізді және дәнді қабаттар.



35-сурет. Тері


Дерма, немесе кориум, терінің дәнекерұлпалық негізі, екі қабат” тан тұрады -емізікше және торлы қабаттардан. Емізікше қабатэпидермистің базальдық мембранасының астында орналасқан, борпылдақ қалыптаспаған коллагендік дәнекер ұлпасынан қалыптасқан. Емізікше қабатта эпидермисті коректендіруші тамырлар мен терінің сезімталдығын қамтамасыз ететін бос нерв ұштары орналасқан. Сонымен бірге шаш түктердің баданаларымен байланысты миоциттер болады.


Торлы қабат тығыз қалыптаспаған коллагендік дәнекер ұлпасынан тұрады. Бұл қабатта шаштың түбірі, тер мен май бездері де орналасқан. Торлы қабат теріге жатпайтын шелге, немесе теріасты майға ауысады. Бұл қабат өзінің босаң болуына байланысты теріге қозғалып тұруға мүмкіншілік береді. Теріасты май ұлпасы астында орналасқан бөліктерді суықтан сақтайды және май жиналатын орын болып саналады.
Эпидермис пен дерманың арасында орналасқан базальдық мембрана эпителий мен дерманың мықты байланысын қамтамасыз етеді, Сонымен бірге базальдық мембрананың астында жайғасқан капиллярлар торының есебінен эпидермистің коректенуі жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет