Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Дәріс №1. Адам анатомиясы пәні. Мақсат, міндеті. Ағза және оны құрайтын құрылымдар



бет2/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

Дәріс №1.
Адам анатомиясы пәні. Мақсат, міндеті. Ағза және оны құрайтын құрылымдар
Жоспары:
1.1. Адам анатомиясы пәні. Мақсат, міндеті
1.2. Анатомияның қысқаша даму тарихы
1.3. Анатомияның зерттеу әдістері
1.4. Анатомиялық терминде
1.5. Ағза және оны құрайтын құрылымдар
1.1. Адам анатомиясы пәні. Мақсат, міндеті.
Адамның көзге көрінетін тәнінің (денесінің) құрылысын биология және тәнтану (адам анатомиясы) зерттейді. Адам жөніндегі тәнтану – жаратылыстану ғылымдарының үлкен бір саласы. Адам тәнінің жалпы және мүше жүйелерінің құрылысын пішіні мен қызметіне, сондай-ақ қоршаған ортасына байланыстыра зерттейтін пәнді тәнтану (адам анатомиясы) дейді.
Анатомия гректің: anatome – кесемін деген сөзінен алынған. «Осып кесу» анатомияның зерттеу әдістерінің бір тәсілі болып саналады. Сондықтан да профессор Досмұхамедов Халел 1925 ж. анатомияны «Тәнтану» деп, физиологияны «Тән тірлігі» деп дәл балама берген.
Тәнтанудың негізгі міндеті – адамның табиғи дамуының заңдылықтарын зерттеп білу арқылы олардың қалыпты жағдайын дерттік күйінен ажырату.
1.2. Анатомияның қысқаша даму тарихы.
Анатомия туралы деректер өте заманнан басталады. Ғылыми анатомия көне Грекиядан басталады. Гиппократ (б.э. дейінгі 460-377 жылдар шамасында) ғылыми медицинаның негізін қалаушы. Денені құраушы төрт сұйықтық – қан, шырын, өт, қара өт жөніндегі ілімді қалыптастырған. Осы ілімнің негізінде төрт темперамент жатады. Гиппократ шығармаларындағы анатомиялық мәліметтер жануарларды зерттеудің негізінде тұжырымдалған.
Гиппократтың көптеген түсінігін Платонның шәкірті және Александр Македонскийдің тәрбиешісі Аристотель (б.э.д. 384-322 жж.) қабылдаған. Ол адамның анатомиялық құрылысы туралы қорытындыларды жануарларды союдың негізінде жасаған. Соның өзінде де ұлы ғалым және философ болғандықтан, салыстырмалы анатомияның, эмбриологияның, жүйелік зоологияның және көптеген басқа ғылымдардың негізін қалаушы ретінде анатомияның дамуына үлкен әсерін тигізген. Аристотель барлық артериялар жүректен шығатын аорта деп атаған бір негізгі бұтақтың тармақтары деп түсіндірген.
Ертедегі Римнің аса көрнекті анатомы Клавдий Гален (130-200 жж.). Гален анатомиялық құрылымдарды атқаратын қызметімен байланыстырып қарастырған. Ол өзіне дейінгілер ойлағандай артерияда ауа болмай қан болатынын анықтаған. Галеннің трактаттарында сүйектер мен бұлшық еттер туралы көптеген құнды мәліметтер мен тұжырымдар бар.
Орта ғасырдың көрнекті ғалымы Әбу Әли Ибн Сина немесе Авиценна (980-1037) өзінің «Медицина қағидалары» деген еңбегінде Аристотель мен Галенге түсініктемелер берумен қатар биология мен медицина мәселелері жөнінде көптеген құнды мәліметтер берген (1-сурет).

1-сурет. Авиценнаның «Медицина қағидалары» еңбегі

Винчилық Леонардо (1452-1519) қайта өрлеу дәуірінің ұлы данышпаны. Ол мәйіттерді жарып сойған, вивисекция жсаған, әдемі суреттер мен сызбалар жасаған, қалқанша безі, маңдай және жақ сүйектеріндегі ауа қуыстарын ашқан, сезім органдары мен нерв жүйесін зерттеген. Леонардо пластикалық анатомияның негізін қалаушы.


Салыстырмалы анатомияның негізін қалаған Андрей Везалий еді. Оның «Адам денесінің құрылысы» деген еңбегі 1543 жылы жарық көрді.
Испан ғалымы Мигуэль Сервет кіші қан айналымын ашса, ағылшын ғалымы дәрігер, анатом, физиолог Вилъям Гарвей адам денесіндегі үлкен және кіші қан айналымының айналым жолдарын ғылыми тұрғыда дәлелдеді.
XVII ғасырдың ең ірі жетістігі данышпан Вильям Гарвейдің қан айналысын ашуы. Гарвей артериялардың веналарға айналу тәсілін білмеген, бірақ бұлардың арасында көзге көрінбейтін анастомоздардың болатынын жораамалдаған. Марчелло Мальпиги (1628-1694) Гарвейдің жорамалдаған капиллярін ашқан.
XVIII ғасырдың ортасында анатомия, гистология, эмбриология, салыстырмалы анатомия саласында мол деректер жинақталды. Франсуа Ксавье Биша (1771-1802) ағзаның ұлпалардың түзілетінін дәлелдей отырып гистология ғылымының негізін қалады.
Ж. Ламарк (1774-1828) алғашқы эволюциялық ілімнің негізін қаласа, Ч. Дарвин (1809-1882) оның еңбегін эволюциялық тұрғысынан дамытты.
Неміс ғалымдары Т. Шванн (1810-1882) және М. Шлейден (1804-1181) барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының бір-біріне ұқсас екенін және ұқсас жасушалардан түзілетінін, сондықтан кез келген ағзаның жетілуі мен дамуы жасушаның дамуына байланысты екенін дәлелдеп жасуша жөнінде теорияны ашты. Көрнекті орыс анатомдары П. А. Загорский, И. В. Буяльский, А. М. Шумлянский, Н. И. Пирогов, П. Ф. Лесгафт, В. А. Бец, Д.Н. Зернов, В. М. Бехтерев анатомия ғылымының дамуына ауқымды үлес косқан.
П. А. Загорский (1764-1846) орыстың алғашқы анатомиясының авторы. Сонымен қатар Ресейдегі бірінші анатомдар мектебінің негізін қалаушы. Ол тамырлар жүйесін, адам органдары құрылысының вариациялары мен аномалияларын зерттеген.
П. А. Загорскийдің шәкірті И. В. Буяльский (1789-1866) топографиялық анатомияның негізін қалаушы. “Хирургиялық анатомияның таблицалары” деген атпен алғашқы анатомиялық атласты құрастырған. А. М. Шумлянский (1748-1795) бүйректің құрылысын зерттеп, көптеген құнды мәліметтер қалдырған. Орыс анатомдарының ішінде бірінші орынды Н. И. Пирогов (1810-1881) алады. Ол бірінші болып әртүрлі органдардың өзара орналасуын зерттеу мақсатында мұздатылған мәйіттерді реттеп кесу әдісін бірінші болып колданған. “Артериялық сабақтар мен шандырлардың хирургиялықанатомиясы” (1837) деген шығармасы Н. И. Пироговты әлемдік даңққа бөледі.
П. Ф. Лесгафт (1837-1909) революцияға дейінгі Ресей анатомдарының ішінде Н. И. Пироговтан кейінгі ең ірі анатом, функциялық анатомияның негізін қалаушы. Ол дене шынықтыру тәрбиесі мен балаларды тәрбиелеу туралы ілімді қалыптастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет