Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Адам қаңқасы. Адам қаңқасы мынадай түрде бөлінеді



бет7/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова
ЭСТАФЕТА, 9 б тж
2.3 Адам қаңқасы. Адам қаңқасы мынадай түрде бөлінеді:
Тұлға сүйектері – омыртқалар, қабырғалар, төс;
Бассүйек қаңқасы – ми сауыты, бет сүйегі;
Қол-аяқ қаңқасы – қолдың қимылдайтын иық белдеуіндегі сүйектер: жауырын, бұғана және қолдың еркін қимылдайтын бөлігі: қар, білек қол басы; аяқтың қимылдамайтын сүйектері жамбас немесе мықын белдеуі: жамбас және аяқтың еркін қимылдайтын бөлігі сан, балтыр, аяқ басы.
Тұлға қаңқасын негізінен омыртқа жотасы(columna vertebralis), 12 жұп қабырғалар(costae) және төс сүйегі(sternum) құрайды.



5-сурет. Адам қаңқасы
1-бассүйек;
2-кеуде сүйектері;
3-қол сүйектері;
4-омыртқа жотасы;
5-жамбас сүйек;
6-аяқ сүйектері

Омыртқа жотасы
Омыртқа жотасы дененің жеке бөліктері мен органдарын біріктіріп, байланыстырып тұрады. Орталық нерв жүйесінің, атап айтқанда, жұлынның тірегі және қорғанышы, сонымен бірге оған маңызды қимыл органдары мен тыныс аппараты бекиді. Адамның тік жүруінің өзі де омыртқа жотасының пішініне байланысты.
Адамның омыртқа жотасының пішіні латынның S әрпі тәрізді. Мойын және бел бөлімдері алға қарай иілсе, кеуде мен сегізкөз бөлімдері артқа қарай иілген. Омыртқа жотасының алға қарай иілуін лордоз деп атайды, ал артқа қарай иілісін кифоз дейді.
Омыртқа жотасы атқаратын қызметі мен пішіні және орналасқан орнына байланысты мынадай бөлімдерге бөлінеді: 7-мойын омыртқасы, 12-кеуде омыртқасы, 5-бел омыртқасы, 5-сегізкөз, 4-5-құйымшақ. Ересек адамдарда сегізкөз және құйымшақ бөлігіндегі омыртқалар бірімен-бірі бірігіп, өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды.
Омыртқа құрылысы. Кез келген омыртқа денеден, доғадан және доға мен дене аралығындағы омыртқа тесігінен құралады. Омыртқалардың тесігі бір-бірімен жалғасып, омыртқа жотасының ұңғылын түзеді. Ұңғылда жұлын орналасады. Омыртқа доғасында жоталық өсінді, екі көлденең өсінді, екі жоғарғы буын өсіндісі және екі төменгі буын өсіндісі орналасады. Екі жұп буын өсінділерінің үстіңгі және астыңғы буын беттері болады. Омыртқа денесінен басталатын доғаның бастапқы екі бөлігі доға түбірі деп аталады. Омыртқа денесінің басталар жерінде және екі сағасында доғада астыңғы және үстіңгі терең ойықтар біріне-бірі тура келіп, омыртқа аралық тесік түзеді. Жұлын жүйкелері мен қан тамырлары осы тесік арқылы өтеді (сурет 6,7).

6-сурет. Омыртқа жотасы


7-сурет. ІІІ бел омыртқасының құрылысы.
1 – жота өсіндісі;
2 – жоғарғы буын өсіндісі;
3 – төменгі буын өсіндісі;
4 – көлденең өсіндісі;
5 – омыртқа аралық тесік;
6 – омыртқа денесі

Мойын омыртқалары(2-бейне). Бұлардың көлемі басқа омыртқалардан кішірек болады, пішіндері де бір-біріне ұқсамайды. Мойын омыртқада қабырғалар қалдық ретінде сақталып, омыртқаның көлденең өсіндісіне тұтасып біткен. III-VII мойын омыртқаларының құрылысы бірдей: денелері кіші келеді, арқа өсіндісі қысқа, ұштары екі айыр, VII мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын. Мойын омыртқасы денесінің екі жанында оның көлденең екі өсінділері мен мойын қабырғаларының қосылуының нәтижесінде пайда болған омыртқалық артерияның каналы болады. Осы канал арқылы миды қанмен қамтамасыз ететін омыртқалық артерия өтеді. Бірінші екі мойын омыртқалары өздерінің құрылысы жағынан қалғандарынан өзге. Оның себебі олар бастың тірегі және бастың түрлі бағытты қозғалуын қамтамасыз етуіне байланысты.
І мойын омыртқасы - атлант деп аталады(3-бейне). Сақина пішінді келеді, буын өсінділері мен денесінің көп бөлігі болмайды. Олардың орнында латералдық массаларының жоғары және төменгі беттерінде буын шұңқырлары болады. Үстіңгілері бас сүйекпен буындасу үшін қажет, ал төменгілері ІІ мойын омыртқасымен буындасады.
ІІ мойын омыртқасы Эпистрофей, оның ерекшелігі атлант пен эпистрофей денелерінің бірігуінің нәтижесінде пайда болған тіс тәрізді өсіндісінің болуы.
Кеуде омыртқалары. Кеуде омыртқаларының саны 12, арқа қанатшалары өсінділері ұзын және көлбей орналасқан, көлденең қанатшалары қысқа. Көлденең қанатшаларында қабырғалар бекитін шұңқырлар болады. Ал омыртқа денесінің бүйір беттерінде жоғарғы және төменгі жартылай шұңқыршалар болады. Осы екі шұңқыршаларға қабырғалардың басы кіріп буындасады. Кеуде омыртқаларымен байланысқан қабырғалардың артқы ұштарында оның басы мен төмпешіктерінің болатынын байқауға болады. Төмпешік көлденең қанатшаның қабырғалық шұңқыршасымен буындасады, ал басы – омыртқа денесінің екі жартылай шұңқыршаларымен буын құрайды. Кеуде омыртқаларының денелері жоғарыдан төмен қарай үлкейіп келеді. Кеуде омыртқалары қабырғалардың тірегі.
Бел омыртқасы(4-бейне). Бел омыртқаларының басы 5. Бел омыртқалары дененің тірегі ғана емес, тұлғаның түрлі бағытта қозғалуында қамтамасыз етеді, сонымен бірге бұл аймаққа арқаның ең ірі бұлшықеттері бекінген. Осы жағдайларға байланысты бел омыртқалар адаптациялық өзгерістерге көп ұшыраған. Дене салмағының көп түсуіне байланысты олардың денесі ірі келеді, артқа өсінділері жалпақ, бір-біріне параллель орналасқан.
Сегізкөз. Бес сегізкөз омыртқалары бірігіп сегізкөзді (ossasrum, крестец) құрайды. Сегізкөздің пішіні үшбұрыш тәрізді. Омыртқа жотасы каналының жалғасы болып саналатын сегізкөздің ішінде канал болады. Сегізкөздің төменгі ұшы жеңішкеріп, екі жамбас сүйектер арасына кіріп, жалғасып жамбастың артқы қабырғасын құрайды. Сегізкөз омыртқаларының бір-бірімен бірігіп бітісуі 16 жас шамасына басталып 30 жасқа келгенде аяқталады. Сегізкөз каналында «ақырғы жіп» пен бірнеше жұлын нервтерінің түбірі орналасқан. Адамның сегізкөз сүйегі өзгергіш сүйектердің бірі. Балиғатқа толар кезден бастап жыныстық айырмашылықтар байқала бастайды. Әйелдердің сегізкөзі ерлердікіне қарағанда енді және қысқа келеді (8-сурет).

8-сурет. Сегізкөз (алдынан).
1 - негізі;
2 - жоғарғы буын өсіндісі;
3 - алдыңғы сегізкөз тесіктері;
4 - көлденең сызықтар;
5 - ұшы.

Құйымшақ. Құйымшақ (ossossygys, копчик) төрт немесе бес рудименттік омыртқалардың қосылып бірігуінен пайда болған. Омыртқа жотасының сегізкөзбен жалғасқан ең соңғы бөлігі. Құйымшақ омыртқаларының бірігуі 12 жастан басталып, 25 жастан аяқталады.
Кеуде клеткасының сүйектері. Адамның кеуде клеткасының өзіне тән ерекшелігі бар. Қабырғалар төс сүйекпен және арқа омыртқаларымен қосылып кеуде клеткасын құрайды. Кеуде клеткасының негізгі бөлігі қабырғалар. Қабырғалар саны арқа омыртқаларының санына сәйкес келеді. Қабырғалардың параксимальдық сүйек бөлімін және дистальдық шеміршек бөлімін ажыратуға болады.
Қабырға өзінің дистальдық бөлімімен төс сүйекпен жалғасады. Қабырғаның сүйек бөлімі басынан, мойнынан және денесінен тұрады. Қабырғалар өздерінің бастары арқылы омыртқалармен буындасады. І, ХІ және ХІІ қабырғалар бір омыртқамен жалғасады, ал қалған қабырғалардың бастары екі көршілес жатқан омыртқалармен буындасады. Басынан кейінгі жіңішкеріп келген қабырғаның бөлігін оның мойны деп атайды, ал мойнынан кейінгі омыртқаның көлденең қанатшасының буын бетімен буындасатын дөңесті қабырға төмпешігі дейді. Сонымен ХІ және ХІІ қабырғалардан басқа қабырғалардың бәрі омыртқалармен екі буын арқылы будандасады. І қабырғадан VІІ - VІІІ қабырғаларға дейін олардың ұзындығы өсіп отырады, содан кейін қысқара бастайды. І және VІІ қабырғалар стернальдық қабырғалар деп аталады, олардың әрқайсысы төс сүйекпен өздерінің шеміршектері арқылы жалғасады: VІІІ, ІV, Х қабырғалар төс сүйекке жетпей алдыңғы қабырғалардың шеміршектерімен қосылып, қабырға доғасын құрайды. Бұл қабырғалар астернальдық немесе сүбе қабырғалар делінеді. Ең соңында екі төменгі қабырғалар (ХІ, ХІІ) төс сүйекке жетпейді және ұштарында шеміршектері де болмайды. Бұлшықеттерде аяқталады, бұларды бос қабырғалар дейді.
Төс немесе төс сүйегі. Төс (sternum) алғаш рет құрлықты мекендеуші омыртқалыларда қалыптасқан, аяқтарынан айырылғандарда (жыландарда) болмайды. Төс сүйек қабырғалардың вентральдық ұштарының бірлесіп кетуінің нәтижесінде пайда болған. Төс сүйектің бұғана мен қабырғалар жұбына буындасатын сүріншегінің, шеміршек қабатымен сегменттерге бөлінген орта бөлімін, төменгі қабырғалардың алдыңғы ұштарының қосылуынан пайда болған төменгі бөлігін ажыратады.
Қол скелеті. Қол скелеті иық белдеуінің скелеті мен қолдың өз скелетінен тұрады.
Иық белдеуі. Иық белдеуін байланыстырушы сіңірлермен, бұлшықеттер мен көкірек клеткасына бекінген екі бұғанадан, екі жауырыннан тұрады. Бұғана (clabicula, ключица) S әрпі тәрізді иілген жұп сүйек, оның денесін және екі ұшын – төстік және акромиальдық ұштарын ажыратады. Екі ұшында буын беттері болады, бұл ұшы төспен буындасса, ал екінші ұшы жауырынның акромиальдық өсіндісімен жалғасады.
Бұғананың маңызы зор: көкірек кеуде клеткасының иық буынын тиісті қашықтықта ұстап тұратын тірек.
Жауырын (scapula, лопатка) үшбұрышты жалпақ сүйек. Оның үстіңгі бетінде акромиондық өсіндімен аяқталатын қырқа орналасқан. Акромиоындық өсінді мен жауырын бұғанамен жалғасады.
Қол сүйектері. Қол мен аяқтың скелеттері негізінде ұқсас. Олардың әрқайсысы 3 негізгі бөлімнен – параксимальдық, ортаңғы және дистальдық бөлімдерден тұрады. Қолдың үстіңгі бөлімін тоқпан жілік құрайды. Оның үстіңгі ұшы жауырынның буын ойпаттарына кіріп, иық буынын құрайтын басы. Жіңішке анатомиялық мойыны тоқпан жіліктің басын денесінен бөліп тұрады. Анатомиялық мойынның астында бұлшықеттер бекитін үлкен және кіші төмпешіктер орналасқан. Осы төмпешіктерден төменірек хирургиялық мойын жалғасады.Білек екі сүйектен – шынтақ және кәрі сүйектен тұрады.
Шынтақ сүйек кәрі жілікке қарағанда ұзынырақ. Оның параксимальдық ұшында екі өсінді бар: шынтақтық және тәждік. Шынтақ сүйектің төменгі ұшы жуандап, оның дистальдық басын құрайды. Оның артқы жағында біз тәрізді өсінді орналасқан. Кәрі жіліктің параксимальды ұшы басы деп аталады. Басы денесінің мойыны арқылы бөлінген, мойынның төменгі жағында кәрі жіліктің бұдыры болады. Кәрі жілік пен шынтақ сүйек өзара сүйекаралық жарғақпен байланысқан.
Қол басы (manus, кист) әр алуан еңбек процесстерін атқаруға байланысты пайда болған құрылыс ерекшеліктері эволюиялық процесі кезінде пайда болады. Саусақтардың қозғалғыштығына байланысты, олардың фалангалары аяқ басыныкіне қарағада ұзын және жеңіл. Қол басы 3 бөлімнен тұрады: қоспадан, алақаннан және саусақтардың фалангаларынан тұрады. Қол басының скелеті 27 сүйектен тұрады. Оларды 40 бұлшықет қимылға келтіреді.
Қолдың қоспасы (carpus, запястья). Қоспа сүйектердің саны 8, өзара байлаушы сіңірлер жүйесімен бекіген 2 қатардан тұрады. Үстіңгі қатар қайық тәрізді, жартыай тәрізді, үшқырлы және бұршақ тәрізді сүйектер орналасқан. Дистальдік қатарды үлкен көпбұрышты, кіші көпбұрышты, басты және қармақ тәрізді сүйектер құрайды. Параксимальдық қатардың біріші 3 сүйектері қоспа – кәрі жіліктік буынның құрамына кіреді, ал бұршақ тәрізді сүйек бұған қатыспайды.
Алақан (metacarpus, пясть) бес қысқа сүйектерден тұрады. Бұлардың әрқайсысының денесін және екі ұшын ажыратады. Алақан сүйектерінің бәрі, бас бармақтікінен басқалары, біржазықта орналасқан.
Саусақтардың сүйектері. Саусақтардың скелеті фалангалардан тұрады. Бас бармақ екі фалангадан, ал қалғандары үш фалангадан тұрады. Әр фаланганың негізін денесін және басын ажыратады (9-сурет).
9-сурет. Қол сүйектері
Аяқ скелеті. Адамның аяғы жамбас сүйектерінен тұратын белдеуден және аяқ сүйектерінен тұрады.
Жамбас белдеуі. Жамбас сүйегі 3 жұп жеке сүйектерден тұрады. Мықын, шат, шонданай сүйектерінен тұрады. Осы аталған сүйектер ұршық шұңқырының аймағында бірігіп екі жамбас сүйегін құрайды. Белдеудің алты бөліктері өзара және сегізкөз омыртқаларымен берік қосылған. Белдеудің екі жартысанан сүйектері алдыңғы жағынан шат симфизі деп аталатын аз қимылды байланыс құрайды. Осы аймақтағы майысқақ шеміршек босану кезінде жамбас тесігінің кеңеюі қамтамасыз етеді.
Мықын сүйек (os ilium, подвздошная кость) денесінен және мықын қырқасымен аяқталатын қанаттан тұрады. Қырқаға құрсақтың жалпақ бұлшықеттері бекиді. Мықын сүйектің бөксе бетінде бөксе бұлшықеттері бекитін үш бөксе бұдыр сызықтары бар.
Шонданай сүйегі (os ischia, седалищная кость) ұршық шұңқырын құрауға қатысатын денесі болады, ал оның бұтағы жамбастың қол сұғарын шектеуге қатысады.
Шат сүйегінде (os pubis, лобковая кость) ұршық шұңқырын қалыптастыруға қатысатын денесі бар.
Аяқтың сүйектері. Аяқтың скелеті ортан жіліктен, сирақтың екі сүйегінен және аяқ басының сүйектерінен тұрады.
Ортан жілік (femur, бедренная кость) жамбас белдеуімен, тізе буынында асық жілікпен буындасатын аяқтың ең ірі сүйегі. Ортан жіліктің үлкендігі дененің үлкендігін анықтайды. Ортан жіліктің ұршық шұңқырымен буындасатын шар тәрізді басы денесімен ұзын мойны арқылы жалғасады.
Сирақ сүйектері. Сирақ сүйекаралық жарғақпен өзара байланысқан асықты жілік пен шыбық сүйектен тұрады. Шыбық сүйек асық жілікке қарағанда нашар жетілген.
Асықты жілік (tibia, большеберцовая кость) сирақтың медиальдық бетінде орналасқан біздің денеміздегі ең мықты сүйек. Медиальдық және латеральдық екі айдаршығы бар жоғары эпифизі жақсы жетілген.
Шыбық сүйек (fibula, малоберцовая кость) асықты жіліктің жанында онан сәл төменірек орналасқан, ұзындығы бірдей, бірақ өте жіңішке және өте мықты қосымша сүйек.
Аяқ басының сүйектері
Аяқ басы тілерсектен, табан сүйектерінен және башпайлардан тұрады. Аяқ басы тірек және кеңістікте қозғалу қызметін атқаратын болғандықтан қол басына қарағанда оның қимылы кем және мықтылығы жоғары. Тілерсек екі қатар болып орналасқан жеті қысқа сүйектерден тұрады. Проксималдық қатарда асық сүйек пен өкше сүйек, дистальдық қатарда куб тәрізді, қайық тәрізді және үш сына тәрізді сүйектер орналасқан. Аяқ басының табан бөлімі бес сүйектен тұрады. Табан сүйектерінің әр қайсысының негізін, денесін және басын ажыратуға болады. Өздерінің негізі арқылы тілерсек сүйектерімен, ал бастары арқылы башпайлардың негізгі фалангаларымен буындасады. Аяқтың башпайлары қолдың саусақтары сияқты 3 фалангадан (бақайшақтан), үлкен башпай 2 фалангадан тұрады. Адам аяғының үлкен башпайы тік жүруге байланысты қалған башпайларға қарама-қарсы орналасу қабілетінен айырылған және жақсы жетілген (10-сурет).
10-сурет. Аяқбасы сүйектері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет