Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Дәріс № 3. Бас қаңқасы. Бас сүйегінің топографиясы



бет9/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова
ЭСТАФЕТА, 9 б тж
Дәріс № 3. Бас қаңқасы. Бас сүйегінің топографиясы.
Жоспары:
3.1. Ми сауытының сүйектері
3.2. Бет бөлшектерінің сүйектері
3.3. Бас сүйектерінің дамуы, өлшемдері
3.4. Бас қаңқасы сүйектерінің байланысы
3.1. Ми сауытының сүйектері. Бас сүйек (cranium) екі бөлімнен тұрады: біліктік және висцералды (ішкі ағзалық) бөлімдерден. Бас сүйектің біліктік бөлігі тұлғаның біліктік скелетінің жалғасы. Ми сауыты ми мен есіту және иіс сезім органдарын қоршап тұрады. Бас сүйектің висцералдық бөлімі ас қорыту және тыныс жолдарының алдыңғы бөлігінің скелеті болып есептеледі.
Бас сүйектің екі бөлігінің дамуы бір-біріне тәуелсіз және әртүрлі әдіспен жүреді. Бас сүйектің висцералдық бөлігі эктодермадан туындайтын мезенхимадан дамиды. Бастың хордалық бөлігіндегі омыртқалардың элементтері өзара қосылып, бас сүйектің біліктік бөлігінің бастамасын құраған. Ми сауытының сүйектері жұп және тақ болып бөлінеді. Самай мен төбе сүйектері жұп болып келеді, ал маңдай, шүйде, негізгі сына тәрізді, тор сүйектер тақ. Бас сүйектерінінің бет бөлімі көбінесе жұп сүйектерден құралған: жақ, жоғарғы жақ, таңдай, бет, мұрын, көз жасы сүйектерінен құралған. Бас сүйектің күмбезі жұп төбе сүйектер мен маңдай сүйектен және иіс аймағын жауып тұратын жұп мұрын сүйектерінен тұрады.
Төбе сүйегі (os parietale, теменная кость) сыртқы беті дөңес, ішкі беті ойыс келген 4 бұрышты пластинка тәрізді сүйек. Төбе сүйектің орта жеріндегі дөңесті төбе төмпесі деп атайды. Төбе сүйектің ішкі ойыс бетінде артериялық жүлгелер мен екі веналық жүлге өтеді. Төбе сүйектің 4 жиегі жіктер құрап, бас сүйектерімен жалғасады (11-сурет).
Маңдай сүйегі (os frontale, лобная кость) самай шұңқырын, мұрын қуысы мен көз шарасын құрауға қатысады. Қабыршақтан екі көз бөлімдері мен мұрын бөлімдерінен тұрады. Қабыршақ маңдай сүйектің негізгі бөлігі. Оның сыртқы дөңес бетінде төмпешіктер болады.

11-сурет. Төбе сүйегі
1 — сагитталь шеті; 2 — шүйде бұрышы; 3 — маңдай бұрышы; 4 — төбе томпағы; 5 — жоғарғы самай сызығы; 6 — шүйде бұрышы; 7 — маңдай бұрышы; 8 — төменгі самай сызығы; 9 — бізше бұрышы; 10 — сына бұрышы; 11 — қабыршықты шеті




12-сурет. Шүйде сүйек (сыртынан көрініс)
1 — сыртқы шүйделік шоқы; 2 — шүйде қабыршығы; 3 — жоғарғы шүйде сызығы; 4 — сыртқы шүйде қыры; 5 — төменгі шүйде сызығы; 6 — үлкен шүйде тесігі; 7 — айдаршық сайы; 8 — айдаршық ойдымы; 9 — латераль бөлігі; 10 — мойынтұрық ойығы; 11 — шүйде айдаршығы; 12 — мойынтұрық өсіндісі; 13 — жұтқыншақ томпағы; 14-базилляр бөлігі
Шүйде сүйек (os ccipitale, затылочная кость). Бас сүйек артқы жағынан үлкен шүйде тесігін қоршап тұратын шүйде сүйегімен шектелген. Шүйде сүйегі 4 бөліктен тұрады: негізгі бөлімнен, екі бүйір бөлімдерден және қабыршақтан. Шүйде сүйектің негізгі бөлігі алдыңғы жағынан сына тәрізді сүйекпен, бүйір бөлімдері самай сүйектерімен, ал қабыршақ бөлігі төбе сүйектерімен жалғасқан (12-сурет).



Негізгі немесе сына тәрізді сүйек (os sphenoidale, основная или клиновидная кость). Бұл сүйектің құрылысы күрделі. Мұның құрамына бірнеше тақ және жұп сүйектер кіреді. Туар алдында олардың біразы бітісіп кетеді, 3 бөлімі ғана қалады, ал бірінші жылдың аяғында негізгі сүйек деп аталатын бір сүйекті құрайды. Негізі сүйектің орта бөлімін денесі деп атайды. Денесінен 2 үлкен қанат, 2 кіші қанат және қанат тәрізді өсінділер тарайды.


Тор сүйек (os ethmoidale, решетчатая кость). Тор сүйек шеміршекті бос сүйектің этмоидалық бөлігінің сүйектенуі нәтижесінде пайда болған.
Самай сүйегі (os temporali, височная кость). Бас сүйектің екі жағында орналасқан жұп сүйек. Өзінің құрылысы мен шығу тегі жағынан күрделі сүйектің бірі. Самай сүйегі 3 бөлімнен тұрады: қабыршақтан, дабыл бөлімінен және тас тәрізді бөлімнен немесе пирамидадан (13-сурет).

13-сурет. Самай сүйек (сыртынан көрінісі)
1 — қабыршықты бөлігі;
2 — бет өсіндісі;
3 — төменгі жақ шұңқыры;
4 — буын томпағы;
5 — сыртқыі есту тесігі;
6 —тасты-қабыршықты қуыс;
7 — дабылды бөлігі;
8 — емізікше өсінді;
9 — біздей өсінді







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет