3.3. Бас сүйектерінің дамуы, өлшемдері. Бас сүйегі дамудың үш сатысынан өтеді: 1) дәнекер ұлпалық (жарғақтық), 2) шеміршектік, 3) сүйектік.
Бас сүйегі өз дамуын жарғақтық сатыдан бастайды. Жарғақтық бас сүйегі бас сомиттерінің склеротомдарынан дамитын тұтас құрылым. Осы жарғақ бас сүйегі бірте-бірте шеміршекке айналады. Алдымен оның болашақ төменгі қабырғасы аймағында екі жұп шеміршек пайда бола. ды. Бас сүйегінің прехордалық бөлігінің бастамасы болып саналатың шеміршектің бірінші жұбын бас сүйектік трабекулалар деп атайды, ал бас сүйектің хордалық бөлігінің бастамасы болып есептелетін артқы жұбы парахордалық пластинкалар делінеді. Осылардан бас сүйегі негізінің болашақ сүйектерінің шеміршектік бастамалары пайда болады. Кейін трабекулалар мен парахордалық шеміршектер қосылып біртұтас пластинка құрайды.
Осы тұтас шеміршек пластинкасы бастапқы кезде мидың төменгі бетін қаптап, бірте-бірте оның жанына қарай өседі, ақырында иіс, көру және есіту органдары жайғасатын үш капсулалар құрап мидың жоғарғы бетін жабады. Адамда примордиалдық жарғақ бас сүйегі даму кезінде толықтай шеміршекке айналмайды, сондықтан оның едәуір бөлігі жарғақ күйінде қалып, терінің дәнекер ұлпалық қабатынан пайда болатын жабын сүйек деп аталатын сүйектерге алмасады.
Бұл сүйектер өздерінің дамуы кезінде ешкашан шеміршек сатысынан өтпейді. Адамда жарғақ бас сүйегінің төменгі, негізгі бөлігі ғана шеміршекке айналады. Құрсақтық өмірдің екінші айының ортасынан бастап шеміршектік бас сүйегінің әртүрлі бөліктері мен бас сүйегінің төбесінің жарғақ бөлігінде сүйектену нүктелері пайда бола бастайды. Осы нүктелерден сүйек ұлпасының дамуы мен бас сүйегінің негізгінің шеміршегі мен төбесінің жарғақ ұлпасының сүйекке алмасуы басталады.
3.4. Бас қаңқасы сүйектерінің байланысы. Жіктер бас қаңқасының жеке сүйектерінің байланысу әдісі; жіктесіп қосылатын сүйектер арасында талшықты дәнекер ұлпасының жұқа қабаты болады. Жіктер өздерінің мықтылығымен және қимылсыздығымен ерекшеленеді. Жіктердің бірнеше түрін ажыратады: тісті жік, қабыршақты және жалпақ жіктер. Тісті жік деп ұштасатын сүйектердің жиектері бір-біріне кіріп тұратын тістерден тұратын қосылыстарды айтады. Бүған мысал төбе сүйектердің маңдай және шүйде сүйектерімен қосылысы. Қабыршақты жікте байланыстан сүйектердің беттері қиғаш кесілген, бір сүйек өзінің шетімен екінші сүйекті басып тұрады. Қабыршақты жікпен төбе сүйек самай сүйектен жалғасқан. Жалпақ жікте ұштасатын сүйектердің жиегі тегіс болады, астыңғы бетінің көп жерінде ғана ұсақ тістер немесе иректер байқалады. Бастың бет сүйектерінің көпшілігінде кездеседі. Бас қаңқасында жіктерден баска синхондроздар да кездеседі. Мысалы, бас қаңқасының негізінде шүйде сүйек пен сына сүйектің, сына сүйек пен торлы сүйек арасында, шүйде сүйек пен самай сүйектің бас бөлімінің арасында.