Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Дәріс № 6. Спланхнология. Ішкі органдар туралы ілім



бет19/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

Дәріс № 6. Спланхнология. Ішкі органдар туралы ілім
Жоспары:
6.1. Ішкі мүшелер туралы ілім
6.2. Ас қорыту жүйесі: бас, мойын және кеудедегі ас қорыту мүшелері
6.3. Бауыр және өт қабы
6.4. Құрсақ қуысының серозалық қабығы және оның туындылары
6.1. Ішкі мүшелер туралы ілім. Ішкі органдарға ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару және жыныс органдары жатады. Осы жүйелердің бәрі, көбею қызметін атқаратын жыныс органдарынан басқалары, организмде заттар алмасу процесіне қатысады.
Ішкі органдарды зәр шығару-жыныс органдары және ас қорыту-тыныс органдары деп екі топқа бөліп те қарастырады. Ішкі органдарды бұндай топтарға бөліп қарастыру даму тарихына негізделген. Зәр шығару – жыныс аппаратының басты элементтері мезодермадан дамиды, ал ас қорыту – тыныс жүйесінің негізгі бөлігі энтодермадан жетіледі. Зәр бөлу органдары мен көбею органдарының атқаратын қызметі түрліше болғанмен, онтогенездік дамуы жағынан омыртқалыларда тығыз байланысты. Сонымен бірге шығару өзектері жартылай немесе толықтай бір болады.
6.2. Ас қорыту жүйесі: бас, мойын және кеудедегі ас қорыту мүшелері. Тіршілік процестерінің негізін организмде үздіксіз жүріп отыратын және оның тіршілігіне қажет энергияның бөлінуіне әкеліп соғатын зат алмасуы, немесе метаболизм құрайды.
Заттардың алмасуы үшін организм қоректік заттарды үнемі қабылдап отыруы керек. Тамақты қабылдау мен өңдеуді және оны әрі өткізіп қан мен лимфа тамырларына жеткізуді ас қорыту жүйесі қамтамасыз етеді. Ас қорыту жолына түскен тамақ тіс пен ішек қабырғасының бұлшық етінің қатысымен өңделіп, оның құрамындағы күрделі жоғары молекулалық қосылыстар ферменттердің әсерімен ыдырайды. Қорытылған суға ерігіш жабайы қосылыстар ас қорыту жолының қабырғасы арқылы сіңіп қан мен лимфа жүйелеріне өтіп ұлпалардың бәріне тарайды.
Ас қорыту жолының қабырғасы төрт қабаттан тұрады: кілегейлі қабықшадан, кілегейасты қабаттан, бұлшық ет қабықшасы мен серозалық қабықшадан.
Кілегейлі қабықша ас қорыту жолын толықтай астарлап тұрады.
Кілегейасты қабат кілегейлі қабықшаны астарлап тұрады. Кілегейлі қабықша арқылы ірі қан тамырлары мен лимфа тамырлары өтеді.
Кілегейасты қабықшаның сыртқы жағында бұлшық ет қабықшасы жатады. Ас қорыту жолының алдыңғы және соңғы бөліктерінің бұлшық ет қабаты көлденең салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады, ал қалған бөліктері бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан құралған.
Ас қорыту жолының сыртқа беті ұзына бойына спланхноплеврадан дамитын құрсақ қуысының серозалық қабықшасымен қапталған. Осы аталған серозалық қабықша париеталдық және висцералды серозалық қабықшалар деп аталатын екі жапырақшадан тұрады. Құрсақ қуысының қабырғасын париеталдық серозалық қабықша астарлайды, ал висцералдық серозалық қабықша ішкі органдарды қаптап тұрады (19-сурет).

19-сурет. Ас қорыту жүйесі

Ауыз қуысы және оның органдары


Ауыз қуысын кіреберісі және ауыздың өз қуысы деп екіге бөледі. Ауыздың кіреберісі деп алдыңғы жағынан және жанынан ерінмен және ұртпен, ал артқы жағынан қызылиекпен, тістермен шектелген ауыз қуысының бөлігін айтады. Ауыздың кіреберісіне көптеген бездердің өзектер, атап айтқанда кілегей қабықшада жайғасқан ұсақ бездер мен ірі сілекей безі – шықшыт безі ашылады. Шықшыт безінің өзегі екінші жоғарғы азу тіске қарсы жатады.
Ерін сыртқы жағынан терімен, ішкі жағынан кілегейлі қабықшамен астарланған бұлшықеттен тұрады. Еріннің қызыл түсі қан тамырлар торына байланысты. Адам еріні сезгіш келеді, себебі нерв ұштарына бай. Ерінде оның кеуіп қалмауынан сақтайтын ұсақ май бездері болады. Үй жануарларының ішінде қозғалғыш және сезгіш ерін жылқыға, қой мен ешкіге тән, ал ірі қара малдың еріні қатты және қимылы кем келеді. Ұрт ауыз кіреберісінің бүйір қабырғасы. Ұрт бұлшықеттерден тұрады. Сәбилердің ұртының үстіңгі бетінде май жиналады. Қызылиек альвеолалық өсінділердің сүйек қабығына жабыса біткен кілегейлі қабықша: кілегей асты қабаттың болуына байланысты ақшыл қызғылт келеді. Қызылиекте қан тамырлары мен нерв көп болады.
Ауыз қуысының өзі алдыңғы жағынан және жанынан қызылиекпен және тістермен, үстіңгі жағынан қатты және жұмсақ таңдаймен, астыңғы жағынан тіл орналасқан ауыз диафрагмасымен, артқы жағынан көмей тесігімен шектелген. Ауыз қуысының барлық бездерінің өнімі сілекей деп аталады (20-сурет).

20-сурет. Ауыз қуысы

Шықшыт безі (Glandula parotis, околоушная железа) сілекей бездерінің ішіндегі ең ірісі. Латеральдық беті шықшыт доғасының төменгі жағында терінің астында жатады, жоғарғы жағынан сыртқы есіту жолдарымен шектеледі, төменгі жағы жақтың бұрышына дейін созылады. Дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Шығару өзегі ұрт етінен өтіп, жоғарғы екінші үлкен азу тіс тұсынан, ауыз қуысының кіреберісіне ашылады. Шықшыт безі өзінің құрылысы жағынан күрделі альвеолалы без ауыз қуысының көп қабатты эпителиінен дамиды.


Жұмсақ таңдайдың бос бөлігін таңдай пердесі деп атайды.
Төменгі жақ асты безі (glandula sumadibularis, поднижнечелюстная железа) жақ асты шұңқырда орналасқан, дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Шығару өзегі ауыз диафрагмасы арқылы өтіп, тіл астына шығады.
Тіласты без (glandula sublingualis, подъязычная железа) ауыз қуысының түбінде кілегейлі қабықшаның астында орналасқан. Шығару өзегі бірнеше ұсақ тесіктер болып тіл астындағы қатпарға ашылады. Ең ірі шығару өзегі төменгі жақасты бездің шығару өзегімен қатар ашылады (21-сурет).
Төменгі жақасты және тіласты бездер құрылысы жағынан альвеолалы-түтіктәрізді бездер, ал секретінің түрі бойынша аралас бездер. Ауыз қуысының жоғарғы қабырғасын қатты таңдай құрайды. Қатты таңдайды жоғарғы жақсүйек пен таңдай сүйектері құрайды. Қатты таңдайдың жалғасы тілшемен аяқталатын кілегейлі қабықшамен қапталған бұлшық еттен тұратын жұмсақ таңдай.

21-сурет. Сілекей бездері


Тіл. Адамның тілі (linqua, язык) көлденең салалы бұлшықеттен тұратын, нервке бай және клігейлі қабықшамен қапталған қозғалғыш орган. Алуан түрлі қызмет атқарады. Тіл орган ретінде алғаш рет балықтарда байқалады. Бұлшық ет талшықтары амфибийден бастап дамитын, ал тілдің лимфалық аппараты сүтқоректілерде ғана болады. Тілдердің төменгі жақпен аша сүйекке бекейтін түбірін ортаңғы бөлігін, денесін және шын ажыратады. Тіл, ерекше емізікшелерде орналасқан, көптеген хеморецепторлармен жабдықталған. Емізікшелердің 4 түрін ажыратады: жіп тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді, жапырақ тәрізді және орлы еміздікшелер. Соңғы үш түрі дәм сезеді, ал жіп тәрізді емізікшелер жанасуды ғана қабылдайды (22-сурет).

22-сурет. Тіл

Тіс. Тістер (dentes) жоғарғы және төменгі жақтардың альвеолалық өсінділерінің ұяшықтарында жайғасады. Әрбір тіс қызылиектен шығып тұратын тіс сауытынан, мойыннан және жақ сүйектің тіс альвеоласына кіріп тұратын түбірінен тұрады. Тістің түбірі мен сауытының жалғасатын аймағын тістің мойыны деп атайды. Тістер альвеоларда дәнекер ұлпалық талшықтармен бекінген. Тіске азды - көпті қимыл тән, осының нәтижесінде тістің шайнау кезіндегі сыныу қаупі кемейді. Әрбір тістің ішінде тіс пульпасына толы қуыс болады; бұл қуысты пульпалық қуыс деп атайды. Пульпа талшықты дәнекер ұлпасынан, нерв талшықтары мен ұсақ қан тамырларымен тұрады (23-сурет).



23-сурет. Тіс

Тістің негізгі массасы дентин деп аталатын әктелген дәнекер ұлпасының ерекше түрінен тұрады. Дентиннің қоректенуі тіс пульпасының есебінен жүреді. Тіс сауытының дентині эмаль деп аталатын эпителийден пайда болатын өте тығыз әктелген ұлпамен қапталған.Тістің түбірі кемік сүйекке ұқсас метериалмен – цементпен қапталған. Тіс қуысын қоршаушы дентин одонтобластлер деп аталатын ерекше клеткалар қабатының астында жатады.


Адамның тістері, жалпы сүтқоектілердің тістері сияқты әдетте дифиодонт, екі рет тісейді және текодонтты келеді. Сүтқоректілердің тіс жүйесіне тән белгі гетеродонтизм, яғни тістер біркелкі болмайды, құрылыс күрделі және топтарға бөлінген. Тістерді күрек тістер, ит тістер, кіші азу тістер, және үлкен азу тістер деп бөледі. Ересек адамның тұрақты тістерінің саны – 32. Әрбір жоғарғы және төменгі жарты жақта екі – екіден күрек тістер, бірден ит тістер, екіден кіші азу тістер,үштен үлкен азу тістер болады. Тістердің құрамы бөлшек түрінде жазылған формуламен белгіленеді:
і 2/2С1/1рm2/2m3/3
(i – incisive – күрек тіс, C – canini – ит тіс, pm – premolars – кіші азу тіс, m – molars – үлкен азу тіс)
Жұтқыншақ. Жұтқыншақ (pharynx) бас сүйектің негізінен басталып ҮІ – ҮІІ мойын омыртқалардың шамасына дейін созылып жататын бұлшық еттік орган. Ол ауыз бен мұрын қуысын хоана арқылы көмекей қуысымен жалғастырып тұрады. Жұтқыншақта ас қорыту мен тыныс алу жүйелері қиылысады. Осыған байланысты оның құрылыс күрделі келеді.
Жұтқыншақ қуысы үш жерден көршілес қуыстармен : жоғарғы бөлігі хоана арқылы мұрын қуысымен, ортаңғы бөлігі – ауыз қуысымен, төменгі бөлігі – көмекеймен жалғасып жатады. Жұтқыншақ қабырғасының негізін ішкі жағынан кілегейлі қабықшамен қапталған фиброзалық қабықша құрайды, сыртынан көлденең салалы бұлшық еттен тұратын бұлшық ет қабықшасы қаптап тұрады.
Өңеш. Өңеш (oesophagus,пищевод) құрамында сілекей бездері бар көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған бұлшық еттерден тұратын түтік. Ересек адамның өңешінің ұзындығы 25 см жуық; ҮІ мойын омыртқасының шамасынан басталып ХІ көкірек омыртқасының деңгейінде аяқталады. Өңештің мойын және кеуде, құрсақ бөлімдерін ажыратады. Мойын бөлімінің артқы жағында орналасқан. Өңештің құрсақ бөлігі диафрагманың астында құрсақ қуысында жайғасқан, ал алдыңғы жағы мен екі жанын құрсақтың серозалық қабықшасы жауып тұрады.
Өңеш үш жерінен тарлып жіңішкерген: біріншісі- басталған жерінде ҮІ –ҮІІ мойын омыртқаларының шекарасында, екіншісі ІҮ көкірек омыртқасының тұсында, сол бронхпен қиылысқан тұсында, үшіншісі – диафрагманың өңеш тесігінің деңгейінде орналасқан.
Өңеш қабырғасы төрт бөлімнен тұрады: кілегелі қабықшадан, кілегейасты негізден, бұлшық ет қабықшасы мен адвентициялық қабықшадан.
Асқазан. Асқазан (8-бейне) ас қорыту жолының кеңейген бөлігі. Асқазанның ¾ бөлігі диафрагме күмбезінің астында, құрсақтың сол жағында, ал ¼ бөлігі оң жақ қабырға астында жатады. Асқазан тамақтың жиналатын орыны. Сонымен бірге тамақ асқазанда механикалық өзгерістерге ұшырайы, бірақ химиялық өңделуі мұнда басым болады.
Адам асқазанының пішіні организмнің жасына, жынысына, тамаққа толуына, дененің орналасуына және басқа жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Асқазанның өңешпен жалғасқан бөлігі кардиалық, ал он екі ішекке орналасқан бөлігін пилорустық бөліктер деп аталады. Асқызанның төменгі дөңес жиегі үлкен илімді, жоғарғы ойыс жиегі кіші иілімді қалыптастырады.
Кілегейасты қабықша құрамында бұлшық ет талшықтары, қан тамырлары мен лимфалық тамырлар және кілегейасты нерв тораптар бар борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Асқазан серозалық қабықшамен қапталған. Серозалық қабықшаның беті тегіс және серозалық сұйықтықпен қапталған. Асқазан қоршаушы органдар арасында еркін қимылда болады.
Ащы ішек. Ащы ішек (intestinum tenue, тонкая кишка) асқазанның жалғасы, бүйенге дейін созылып жатады. Ересек адамның ащы ішегінің ұзындығы орта есеппен 6-7 метр, дене ұзындығынан 3-4 есе көп. Жануарлар ішегінің ұзындығы тіршілік жағдайларына, әсіресе қорегінің түріне байланысты. Шөппен қоректенушілердің ішегінің ұзындығы тұлғасының ұзындығынан 24-30 есе артық, ал жыртқыштар ішегінің ұзындығы дене ұзындығынан 3-5 есе ғана артық болады.
Ащы ішекте алдыңғы жағынан үлкен ішмай жауып тұрады, ал жоғарғы жағынан және жанынан тоқ ішек шектейді.
Ащы ішектің құрылысы тамақты қорыту мен сіңіруге бейімделген. Сіңіру қызметін нәтижелі атқару үшін көлемді аудан қажет. Қорыту және сіңіру бетінің артуына ішектің ұзындығы жеткіліксіз, сондықтан сіңірудің арнаулы аппараты болып саналатын кілегейлі қабықшаның қатпарларының алуан саны мен бүрлердің және микробүрлердің көптеген санының болуы қажет.
Ащы ішектің қабырғасы төрт қабықшадан – кілегейлі қабықшадан, кілегейасты қабықшадан, бұлшық ет пен серозалық қабықшалардан тұрады.
Ащы ішекті 3 бөлімге бөліп қарастырады: он екі елі ішек, аш ішек және мықын ішек. Ащы ішектің бұл бөлімдері шажырқай арқылы құрсақ қуысының артқы қабырғасына бекіген.
Он екі елі ішек (duodenum, двенадцатиперстная кишка) ұйқы безінің басын орап орналасқан таға пішінді ащы ішектің ең кең бөлімі. Ащы ішектің басқа бөлімдерінен он екі елі ішектің айырмашылығы оның байқалатын шажырқайы болмайды. Оның ұзындығы 30 см жуық. Он екі елі ішекте бүрлер көп болады. Оның бүрлері ащы ішектің басқа бөлімдерінің бүрлерінен кем келеді. Он екі елі ішектің кілегейасты негізінде түтік тәрізді жалпы ішектік (Либеркюн) бездерден басқа құрамы асқазанның пилорустық бездерінің секретіне ұқсас секрет бөлетін кілегейлі (Брунер) бездері болады. Әдетте олар он екі елі ішектің кілегейлі қабықшасында сақина тәрізді қыртыстардан басқа бой қыртыстары да болады. Он екі елі ішекпен екі ірі ас қорыту бездерінің бауыр мен ұйқы безінің өзектері жалғасып тұрады.
Аш ішек пен мықын ішек
Он екі елі ішектің жалғасы аш ішек (jejunum, тощая кишка). Ащы ішектің 2/5 бөлігін құрайды. Аш ішектің диаметрі үлкен, қабырғасы қалың, тамырлар көп болады; оның кілегейлі қабықшасының сақина және спираль тәрізді қыртыстары, мықын шұңқырында орналасқан мықын ішекке (jleum) ұласады. Аш ішектің ұзындығы ішектің 3/5 бөлігін құрайды. Мықын ішекке тән белгі лимфалық Пейер түйіндері күйінде болатын лимфалық ұлпа жинағының болуы. Оң мықын шұңқырында мықын ішек тоқ ішекпен жалғасады.
Тоқ ішек
Тоқ ішек (intesinum crissum, толстая кишка) бүйенге, өрлеме тоқ ішекке, көлденең тоқ ішекке, төмендеме тоқ ішекке, сигма тәрізді тоқ ішекке және тік ішекке бөлінеді. Ұзындығы 1,0-1,5м.
Тоқ ішекте қорытылу процесі негізінде аяқталады. Кейбір қалдық химиялық өңдеу бактериялардың есебінен жүреді. Осыған сәйкес тоқ ішектің құрылысы ащы ішектен өзге келеді. Ащы ішекке тән бүрлер мен Пейер түйіндері болмайды. Тоқ ішектің қыртыстары ірі және олар кілегейлі және бұлшық ет қабықшаларынан түзілген. Тоқ ішектің бұлшық ет қабықшасы жақсы жетілген және екі қабаттан – ішкі және сыртқы қабаттан тұрады. Тоқ ішектің ең кең бөлігі бүйен (caecum, слепая кишка). Бүйен оң жақ мықын шұңқырында орналасқан, ұзындығы еніне тең (7-8 см); оның артқы қабырғасынан тарайтын аппендикс деп аталатын құрт тәрізді өсіндісі болады. Оның ұзындығы 3-4 см – 18-20см арасында ауытқиды. Құрт тәрізді өсінді адам мен адам тәрізді маймылдардан басқа көптеген кемірушілерде, кейбір жыртқыштарда кездеседі.
Бүйен өрлеме тоқ ішекке (colon ascendens, восходящая ободочная кишка) ұласады. Өрлеме тоқ ішектің ұзындығы 17-18см. Өрлеме тоқ ішек құрсақ қуысының оң жақ бүйір бетінде орналасқан, бауырдың астыңғы жағынан көлденең тоқ ішекке айналады. Оның ұзындығы орта есеппен 50 см. Көлденең тоқ ішекті алдыңғы жағынан үлкен іш майы жауып тұрады. Сол жақ қабырға асты аймағында көлденең тоқ ішек ұзындығы 25см төмендеме тоқ ішекке айналады. Жамбас қуысына келгеннен кейін төмендеме тоқ ішек сол жақ мықын шұңқырының аймағында сигма тәрізді ішекті қалыптастырады. Сигма тәрізді тоқ ішектің ұзындығы орта есеппен 45 см. Сигма тәрізді тоқ ішек ІІІ сегізкөз омыртқасының жоғарғы жиегінің шамасында тік ішекке айналады.
Тік ішек (rectum, прямая кишка) ұзындығы 15-20 см тоқ ішектің соңғы бөлігі. Тік ішек қабырғасының тоқ ішектің басқа бөліктерінен айырмасы оның бойлық бұлшық ет талшықтары оны толықтай қаптап тұрады, сонымен бірге тоқ ішекте болатын гаустр мен жарты ай тәрізді қатпарлар болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет