Адам анатомиясы электронды оқу құралы



бет18/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

5.4. Қол – аяқ бұлшық еттері.
Қолдың бұлшық еттері миотомдардың вентралды бөлігінен пайда болады және иық белдеу мен колдың өз бұлшық еттері болып бөлінеді. Қолдың өз бұлшық еттері қар, білек және қол басы бұлшық еттеріне бөлінеді.
Иық белдеуінің бұлшық еттері. Иық белдеуінің бұлшық еттеріне иық буынын қоршаушы дельта тәрізді бұлшық ет, жауырынның көлденең қыры үсті және асты бұлшық еттер, кіші және үлкен жұмыр бұлшық еттер мен жауырын асты бұлшық ет жатады. Иық белдеуінің бұлшық еттері иық торабының бұтақтарымен нервтеледі.
Дельта тәрізді бұлшық ет қиғаш орналаскан талшықтардан тұратын қуатты бұлшық ет. Бұғананың акромиалдық ұшынан, жауырын қыры мен акромиалдық өсіндісінен басталып, тоқпан жіліктің дельта тәрізді бұдырына бекиді. Жиырылған кезде тұлғадан қолды горизанталь күйге дейін көтереді.
Жауырынның көлденең өсіндісі үстіндегі бұлшық ет жауырынның көлденең өсіндісінің үстіндегі шұңқыршадан басталып тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне бекиді. Жиырылған кезде дельта тәрізді бұлшық еттің синергисі ретінде қолды көтереді.
Жауырынның көлденең өсінді асты бұлшық еті жауырынның көлденең өсіңдісі шұңқыршасынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне бекиді. Жиырылғанда қолды иық буынынан сыртқа қарай айналдырады.
Кіші жұмыр бұлшық ет жауырынның латералдық имегінен басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне бекиді. Қолды сыртқа қарай айналдырады.
Үлкен жұмыр бұлшық ет жауырынның төменгі жиегінен басталып, тоқпан жіліктің кіші төмпешігінің қырына бекиді. Қолды ішке қарай тартады.
Жауырын асты бұлшық ет жауырынның қабырға бетінен басталып тоқпан жіліктің кіші төмпешігіне бекиді. Жиырылған кезде тоқпан жілікті ішке қарай айналдырады.
Қолдың өз бұлшық еттері. Қардың бұлшық еттері
Қардың бұлшық еттерінің бәрі (біреуінен басқалары) білектің сүйектеріне бекиді де, колды шынтақ буынынан қимылға келтіреді. Қардың алақан бетінде шынтақ буынында қолды бүгетін бұлшық еттер орналасқан, ал арткы бетінде -жазушы бұлшық еттер болады. Қарлың алдынғы бетіңде екі басты бұлшық ет, тоқпан жіліктік бұлшық ет, құстұмсық-тоқпан жіліктік бұлшық ет орналасады. Қардың артқы бетіңде үшбасты бұлшық ет пен шынтақ бұлшық ет жайғасады.
Қардың екібасты бұлшық еті. Бұл бұлшық еттің екі басын ұзын және қысқа деп ажыратуға болалы. Ұзын басының сіңірі жауырынның көлденең өсіндісінің үстіндегі бұлырдан басталып, иық буынының қабына кіреді, ал қысқа басы кұстұмсық өсіндісінен тарайды. Екі басы косылып сіңір арқылы кәрі жіліктің бұдырына бекиді. Білекті шынтақ буыныңда бүгеді және білекті айналдырады.
Құстұмсық-тоқпан жіліктік бұлшық ет жауырынның құстұмсық тәрізді өсіндісінен басталып тоқпан-жіліктің медиалдық бетіне бекиді. Иық буынында қолды бүгеді.
Тоқпан жіліктің бұлшық еті тоқпан жіліктің алдыңғы бетінен басталып, шынтақ сүйектің бұдырына бекиді. Шынтақ буынын бүгілдіреді.
Қардың үшбасты бұлшық еті қардың артқы бетінде орналасқан, алдыңғы топ бұлшық еттердің антагонисі. Үш басын ажыратуға болады. Ұзын басы жауырынның буынасты ойындысының бұдырынан басталады, латералдық және медиалдық бастары тоқпан жіліктің артқы бетінен басталады. Үш басы қосылып, шынтақ сүйегінің шынтақ өсіндісіне бекитін жалпы сіңірді құрайды. Бұл бұлшық еттің негізгі қызметі шынтақ буынын жазу.
Шынтақ бұлшық еті кішкене үшбұрышты бұлшық ет, тоқпан жіліктің сыртқы айдаршық үстінен басталып, шынтақ сүйектің артқы жиегіне бекиді. Жиырылған кезде шынтақ буында білекті жазады. Білектің бұлшық еттері
Білекте бұлшық еттердің көбі орналасқан. Бәріне жуығы тоқпан жіліктің айдаршықтарынан басталып, қол басының сүйектеріне бекиді. Жиырылған кезде қол басы мен саусақтарды қимылға келтіреді.
Еңбек қызметіне сәйкес түрлі айналдырғыштар-пронаторлар мен супинаторлар (бүккіштер мен жазғыштар), сол сияқты әкелу мен әкету қимылдарын қамтамасыз ететін бұлшық еттер ерекше жетілген.
Білектің бұлшық еттері екі топқа бөлінеді – алдыңғы және артқы.
Білектің бұлшық еттерінің әрбір тобы үстіңгі және тереңдегі қабаттардан тұрады. Алдыңғы топтың үстіңгі қабатын мына бұлшық еттер құрайды: жұмыр пронатор, қоспаның кәрі жіліктік бүккіші, алақанның ұзын бұлшық еті, қоспаның шынтақтық бүккіші, саусақтардың үстіңгі бүгілдіргіштері.
Жұмыр пронатор тоқпан жіліктің ішкі айдаршығы мен шынтақ сүйектің тәждік өсіндісінен басталып кәрі жіліктің сыртқы бетіне бекиді. Білекті айналдырады және бүгеді.
Қоспаның кәрі жіліктік бүккіші тоқпан жіліктің медиалдық айдаршық үстінен басталып ІІ алақан сүйектің негізіне бекиді. Қол басын бүгеді және білекті жартылай айналдырады.
Алақанның ұзын бұлшық еті қалдық ет, болмауы да мүмкін. Тоқпан жіліктің медиалдық айдаршық үстінен басталады. Оның қысқа және жіңішке денесі алақан апонервозына бекитін ұзын, жіңішке сіңірге айналады. Бұл бұлшық ет апоневрозды керіп, қол басының бүгілуіне себепші болады.
Қоспаның шынтақтық бүккіші тоқпан жіліктің медиалдық айдар үстінен басталып бұршақ сүйек пен Ү алақан сүйегіне бекиді. Қол басын бүгілдіреді.
Саусақтардың үстіңгі бүккіші тоқпан жіліктің медиалдық айдаршық үстінен, шынтақ сүйектің тәждік өсіндісінен және кәрі жіліктің жоғары бөлігінен басталып, ІІ-Ү саусақтардың алақан бетіне бекиді. Жиырылған кезде ортаңғы фалангтерінде бүгілдіреді және қол басын бүгуге қатысады.
Алдыңғы топтың тереңдегі қабатына жататын бұлшық еттер - бас бармақтың ұзын бүккіші, саусактардың терең бүккіші және шаршы пронатор.
Саусақтардың ұзын бүккіші кәрі жіліктің алдыңғы бетінен басталып бас бармақтың дистальдық фалангісіне бекиді. Жиырылған кезде бас бармақ пен қол басын бүгеді.
Саусақтардың терең бүккіші шынтақ сүйегі мен сүйекаралық жарғақтан басталып ІІ-Ү саусақтардың дистальдық фалангаларына бекиді. Жиырылған кезде фалангілердің бәрін де бүгеді және кол басын бүгуге қатысады.
Шаршы пронатор білектің дистальдық бөлігінде орналасқан. Шынтақ сүйектің алдыңғы бетінен басталып, кәрі жіліктің алақан бетіне бекиді. Білектің пронаторы.
Артқы топтың үстінгі қабатына жататын бұлшық еттер – тоқпан-кәрі жіліктік бұлшық ет, қоспаның ұзын және қысқа кәрі жіліктік жазғыштары, саусақтардың жазғышы, шынтақтың жазғышы, қоспаның шынтақтық жазғышы.
Тоқпан-кәрі жіліктік бұлшық ет тоқпан жіліктің латералдық бетінен басталып, кәрі жіліктің біз тәрізді өсіндісінің үстіне бекиді. Жиырылғанда білекті шынтақ буынына бүгеді.
Қоспаның ұзын кәрі жіліктік жазғышы білектің артқы латералдық бетінде жатады. Тоқпан жіліктің латералдық айдаршығы үстінен басталып ІІ алақан сүйегінің негізінің сыртқы бетіне бекиді, Қол басын жазады және оны бір жанына алып кетеді, білекті бүгеді.
Қоспаның қысқа кәрі жіліктік жазғышы коспаның ұзын кәрі жіліктік жазғышының артында жатады. Токлан жіліктің латералдық айдаршық үстінен басталып ІІІ алақан сүйектің негізінің сыртҡы бетіне бекиді. Қол басын жазады және бір жанына алып кетеді.
Саусақтардың жазғышы тоқпан жіліктің латералдық айдаршық үстінен, білектің шандырынан басталып төртке бөлінеді, бөліктерінің әр қайсысынан ұзын сіңір басталады. Сінір қол басының сыртқы бетіне келеді де, кейін төрт саусакка (ІІ-Ү) барады. Жиырылғанда саусактар мен қол басын жазады.
Шынашақтың жазғышы токпан жіліктің латералдық айдар үстінен және білектің шандырынан басталады. Оның ұзын сіңірі қол басының сыртқы бетімен шынтаққа барады да, жалпы бүгілдіргіштердің сінірімен жалғасады. Шынашақты жазады.
Қоспаның шынтақтық жазғышы тоқпан жіліктің сыртқы айдаршық үстінен және білектің шандырынан басталып Ү алақан сүйегінің негізіне бекиді. Қол басын жазады.
Артқы топтың тереңдегі кабатының бұлшық еттеріне жататындар: супинатор, бас бармақты сыртқа қарай әкетуші, ұзын бұлшық ет, бас бармақтың қысқа жазғышы, бас бармақтың ұзын жазғышы және сұқ саусақтың жазғышы.
Супинатор білектің артқы жағында орналасады. Токпан жіліктің сыртқы айдаршық үстінен, шынтақ сүйектен басталады да, кәрі жіліктің сыртқы және алақан беттеріне бекиді. Білек пен қол басын сыртқа қарай айналдырады.
Бас бармақты сыртқа қарай әкетуші бұлшық ет кәрі жілікпен шынтақ сүйектің артқы бетінен және білектің сүйек аралық жарғағынан басталып 1 алақан сүйектің негізіне бекиді. Бас бармақ пен қол басын бір жанына әкетеді.
Бас бармақтың қысқа жазғышы кәрі жіліктің артқы беті мен білектің сүйекаралық жарғағынан басталып бас бармақтың проксималдық фалангісінің негізіне бекиді. Жиырылған кезде бас бармақты бір жанына әкетеді және жазады.
Бас бармақтың ұзын жазғышы шынтақ сүйектің артқы беті мен сүйекаралық жарғақтан басталып І саусақтың дистальдық фалангісіне бекиді. Жиырылған кезде бас бармақты жазады.
Сұқ саусақтың жазғышы шынтақ сүйек пен сүйек аралық жарғақтан басталады. Сіңірі сұқ саусаққа барып жалпы жазғыштың сіңірімен жалғасады. Сұқ саусақты жазады.
Қол басының бұлшық еттері. Қол басында ептілік пен түрлі қимылдарды қамтамасыз ететін бұлшық еттердің бірнешеуі орналасқан. Олардың көбі бас бармақ пен шынашаққа арналған.
Аяқтың бұлшық еттері
Аяқтың бұлшық еттері қызметінің ерекшелігіне байланысты қолдың бұлшық еттеріне қарағанда күшті жетілген.
Аяқтың бұлшық еттері жамбас белдеуінің және аяқтың еттері болып екіге бөлінеді.
Жамбас белдеуінің бұлшық еттері
Жамбас белдеуінің бұлшық еттері алдыңғы және артқы бұлшық еттер болып екі топқа бөлінеді.
Бұлшық еттердің алдыңғы тобына мықын-бел бұлшық еті жатады. Бұл бұлшық еттің екі басын ажыратуға болады. Олардың әрқайсысы дербес маңызы бар үлкен бел бұлшық еті және мықын бұлшық еті болып аталады.
Үлкен бел бұлшық еті ХІІ кеуде омыртқасы мен жоғарғы төрт бел омыртқаларынан, ал мықын бұлшық еті мықын шұңқыршасының бетінен басталады. Екі бастарының сіңірлері қосылып ортан жіліктің кіші ұршығына бекиді.
Мықын бел бұлшық еті жамбас-ортан жілік буынның куатты бүккіші. Омыртқа жотасы мен жамбасқа бекіп қимылсыз тұрған кезде санды бүгіп сыртқа қарай бұрады.
Жамбас белдеуінің бұлшық еттерінің артқы тобын төмендегі бұлшық еттер құрайды: бөксенің үлкен, ортаңғы және кіші бұлшық еттері, жалпақ шандырды керуші бұлшық ет, алмұрт тәрізді бұлшық ет, ішкі және сыртқы қолсұғарлық бұлшық еттер, санның шаршы бұлшық еті және екі егіз бұлшық еттер.
Бөксенің үлкен бұлшық еті жамбас-сан буынының қуатты жазғышы. Адамның бөксесі үлкен бөксе бұлшық еті мен теріасты майы есебінен жетіледі. Бөксенің үлкен бұлшық еті мықын сүйектің сыртқы бетінен, сегізкөз бен құйымшақтың сыртқы бетінен басталып, ортан жіліктің бөксе бұдырына бекиді.
Жалпақ шандырды керуші бұлшық ет ортаңғы бөксе бұлшық етінің оқшауланған бөлігі. Мықын сүйектің алдыңғы жоғарғы бөлігінен басталып, төмен түсе келе санның жалпақ шандырына айналады да, асықты жіліктің латералдық айдаршығына бекиді. Санның жалпақ шандырын кереді және санды бүгуге, айналдыруға катысады.
Алмұрт тәрізді бұлшық ет сегізкөздің алдыңғы бетінен, екінші және төртінші сегізкөз омырткаларынан басталып, сыртқа және төмен қарай жүріп отырып үлкен шонданай тесігі арқылы өтеді. Сіңірі ортан жіліктің үлкен ұршығына бекиді. Санды сыртына қарай айналдырады.
Ішкі қол сұғарлық бұлшық ет жамбастың бүйір кабырғасында жатады. Жамбастың қол сұғарының жиегінен және оның жарғағының ішкі бетінен басталады да, өзінің сіңірімен үлкен ұршықтың медиалдық бетіне бекиді. Санды сыртына карап айналдырады.
Жамбастың сыртқы бетінен ішкі қол сұғарлық бұлшық еттің сіңіріне екі кішкене егіз бұлшық еттер жоғарғы және төменгі, жалғасады. Жоғарғы егіз бұлшық ет шонданай өсіндісінен, ал төменгісі шонданай төмпешігінен басталады. Ішкі қол сұғарлық бұлшық еттің сіңірімен бірге егіз-бұлшык еттер ортан жіліктің ұршық шұқырына бекиді. Санды сыртына қарай айналдырады.
Санның шаршы бұлшық еті төменгі егіз бұлшық етке параллель жатады. Санды сыртына қарай айналдырады.
Сыртқы қол сұғарлық бұлшық ет жамбастың сыртқы жағында жатады. Қолсұғарлық тесіктің жиегінен және оның жарғағының сыртқы бетінен басталады да үлкен ұршықтың шұңқырына бекиді. Жиырылған кезде санды сыртына қарай айналдырады.
Аяқтың бұлшық еттері. Санның бұлшық еттері
Санның бұлшық еттері үш топқа бөлінеді: алдыңғы, артқы және медиалдық топтарға.
Санның алдыңғы бетінде екі бұлшық ет орналасқан – санның төртбасты бұлшық еті мен тігінші бұлшық еті.
Санның артқы бетінде сирақтың үш ұзын бүккіштері орналасқан: жартылай сіңірлі бұлшық ет, жартылай жарғақты бұлшық ет және санның екі басты бұлшық еті.
Санның медиалдық бетінде қырқалы бұлшық ет, жіңішке бұлшық ет пен үш келтіруші бұлшық еттер (алдукторлар) орналасады.
Тігінші бұлшық ет біздің денеміздің ең ұзын бұлшық еті. Мықын сүйектің алдыңғы жоғарғы дөнесінен басталып, асықты жіліктің бұдырына бекиді. Аяқты жамбас-сан буынынан бүгеді, ал бүгулі аяқты ішіне қарай айналдырады. Сонымен бірге жамбас-сан буынында санды бүгеді және айналдырады.
Төртбасты бұлшық ет тігінші бұлшық еттің астында жатады және біздің денеміздің ең куатты бұлшық еті. Ортан жілікті жан-жағынан қоршап санға тән бейне береді. Жеке бұлшық ет ретінде оқшауланған төрт бөліктерден тұрады. Олардың бірі санның тік бұлшық еті мықын сүйектің алдыңғы төменгі дөңесінен басталады. Төртбасты бұлшық еттің қалған үш бөлігін, немесе бастарын, санның жалпақ бұлшық еттері деп атайды. Бұлардың ішіндегі ең ірісі санның жанында орналасқан санның латералдық жалпақ бұлшық еті; ортан жіліктің үлкен ұршығынан және оның бұдыр сызығы мен латералдық бұлшық ет аралық пердеден басталады.
Санның медиалдық жалпақ бұлшық еті тік бұлшық еттің ішкі жағында жатады. Ортан жіліктің бұдыр сызығынан және медиалдық бұлшық ет аралық пердеден басталады.
Сирақтың бұлшық еттері
Сирақтың бұлшық еттері аяқ басы мен башпайларды бүгуші бұлшық еттер. Аяқ басы мен башпайларды жазушы артқы бұлшық еттер және аяқ басын бүгуші және айналдырушы латералдық бұлшық еттер болып үш топқа бөлінеді.
Сирақтың алдыңғы бетінде төмендегі бұлшық еттер орналасқан: ілгергі асық жіліктік бұлшық ет, башпайлардың ұзын жазғыштары мен үлкен башпайдың ұзын жазғышы.
Алдыңғы асықжіліктік бұлшық ет асықты жіліктің латералдық айдаршығынан және сирақтың сүйек аралық жарғағы мен шандырынан басталып, төмен түсіп аяқ басына келіп І сына тәрізді сүйектің медиалдық бетімен табан бетіне және І табан сүйектің негізіне бекиді. Жиырылған кезде аяқ басын жазады жөне сыртқа қарай айналдырады.
Башпайлардың ұзын жазғышы ілгергі асықжіліктік бұлшық еттің сыртқы жағында жатады. Асықты жіліктің сыртқы айдаршығынан, шыбық сүйектің басы мен алдыңғы қыратынан, сүйек аралық жарғақтан және сирақтың шандырынан басталады; төрт сіңірге бөлініп аяқ басында шығады да, екінші және үшінші фалангілерге бекиді. Аяқ басын ішіне айналдырады және бірінші башпайдан басқа башпайлардың бәрін жазады.
Аяқ басының үлкен башпайының ұзын жазғышы шыбық сүйектің алдыңғы бетінің орта бөлігінен және сүйекаралық жарғақтан басталып, үлкен башпайдың тырнақ фалангісінің негізіне бекиді. Үлкен башпай мен аяқ басын, сонымен бірге, аяқ басын сыртқа қарай айналдырады. Бұлшық еттердің латералдық тобы ұзын және қысқа шыбық сүйектік бұлшық еттерден тұрады.
Шыбық сүйектің ұзын бұлшық еті шыбық сүйектің басынан және оның сыртқы бетінен, сирақтың шандыры мен бұлшық ет аралық пердеден басталып, табан сүйектің негізіне және І сына тәрізді сүйекке бекиді. Негізгі қызметі аяқ басын ішіне қарай айналдыру және оны алып кету.
Шыбық сүйектің қысқа бұлшық еті шыбық сүйектің сыртқы беті мен бұлшық ет аралық пердеден басталады. Сіңірі сыртқы тобықты орай өтіп Ү табан сүйектің бұдырына бекиді. Аяқ басын ішіне қарай айналдырады және оны бүгеді.
Сирақтың артқы бетінде бұлшық еттердің екі қабаты орналасқан үстіңгі және тереңдегі қабаттар.
Үстіңгі қабаттың құрамына үшбасты бұлшық ет пен табан бұлшық еті кіреді, ал тереңгі қабатын тақым бұлшық еті, башпайлардың ұзын бүккіштері, артқы асық жіліктік бұлшық ет пен үлкен башпайдың ұзын бүккіші құрайды.
Сирақтың үш басты бұлшық еті аяқтың ең күшті бұлшық еттерінің бірі, 2454 г. дейін салмақты көтереді. Бұл бұлшық еттің үш басын ажыратуға болады - екі үстіңгі бастары ортан жіліктің айдаршықтарынан басталатын балтыр бұлшық етін (т. газіғоспетінз, икроножная мышца) құрайды. Үшінші басы камбала тәрізді бұлшық ет. Сирақтың екі сүйегінің артқы бетінен басталады. Аталған бұлшық еттердің төменгі ұштары бірге қосылып өкше сүйегінің төмпешіктеріне бекитін өкше, немесе Ахилл сіңірін құрайды. Бұл бұлшық еттердің құрылысы мен қызмет ерекшеліктері түрліше. Камбала тәрізді бұлшық ет талшықтарының қысқалығымен және беку бетінің кеңдігімен ерекшеленеді, ал балтыр бұлшық етінің талшықтары ұзын және беку беті кем болады. Сирақтың жоғарғы жартысындағы балтыр бұлшық етінің жақсы жетілген денесі адамға ғана тән, сирақтың балтыр деп атала. тың, маймылдарда кездеспейтін, бөлігін құрайды. Балтыр бұлшық еті екі буынды аттап өтеді. Жиырылған кезде тізені бүгеді.
Камбала төрізді бұлшық ет бір ғана буын арқылы өтеді. Дененің тік тұруын сақтауға көмектесетін бұлшық еттердің бірі.
Табан бұлшық еті сирақтың артында балтыр бұлшық еті мен камбала тәрізді бұлшық еттің арасында жататын рудименттік құрылым. Бұл бұлшық еттің атауы өзінің орнына сәйкес келмейді, табанға ешқандай қатынасы жоқ. Ортан жіліктің затералдық айдаршығы мен фиброзалық қапшықтан басталып Ахилд сініріне бекиді. Төменгі сатыдағы маймылдарда әдетте жетілген және табан апоневрозына дейін жетеді, антропоморфтарда редукцияға ұшыраған, адамда елеулі қызмет атқармайды.
Тақым бұлшық еті тізе буынының буын қапшығының артқы бетінде жатады. Асықты жіліктің жоғарғы бөлігінің арткы ішкі бетінен басталып, ортан жіліктің сыртқы айдаршығына бекиді. Жиырылған кезде аяқты тізе буынынан бүгеді және сыртка қарай айналдыруға себепші болады.
Бапшайлардың ұзын бүккіштері. Асықты жіліктің артқы бетінен басталады. Бұл бұлшық еттің сіңірі ішкі тобықтың астынан өтіп, табанға барады да І, ІІ, ІҮ, Ү башпайларға арналған төрт жеке сіңірлерге бөлінеді. Дисталдық фалангілердің негізіне бекиді. Жиырылған кезде башпайлар мен аяқ басын бүгеді.
Асықты жіліктің артқы бұлшық еті асықты жілік пен шыбық сүйектің артқы бетінен сүйек аралық жарғақтан басталады. Бұл бұлшық еттің сіңірі ішкі тобыкқты айналып өтіп, қайық тәрізді сүйекке, үш сына тәрізді сүйектерге және ІІ, ІҮ табан сүйектерінің негіздеріне бекиді. Аяқ басын бүгеді және оны сыртқа қарай айналдырады. Аяқ басының бұлшық еттері
Сирақтың сіңірлерінен басқа аяқ басында өзінің меншікті қысқа бұлшык еттері бар. Олардың бәрі аяқ басының өзінен басталады. Бүгушілер табанда орналасады, ал жазғыштар аяқ басының сыртқы бетінде жайғасқан. Аяқ басының сыртқы бетінде екі кысқа жазғыштар – башпайлардың қысқа жазғыштары мен үлкен башпайдың қысқа жазғышы жайғасқан.
Башпайлардың қысқа жазғышы өкше сүйектің алдыңғы бөлігінен бастақалы. Алға қарай жүріп І-ІҮ башпайларға баратын төрт жіңішке сіңірлерге бөлінеді де, башпайлардың ұзын жазғыштарының сіңірлерімен, башпайлардың сіңір қынаптарын құрайды. ІІ-ІҮ башпайларды жазады.
Аяқ басының үлкен башпайының қысқа жазғышы өкше сүйектің алдыңғы бөлігінің жоғарғы бетінен басталады да, үлкен башпайдың екінші фалангісіне бекиді. Үлкен башпайды жазады.
Аяқ басының үлкен башпайын жанына қарай әкетуші бұлшық ет аяқ басының медиалдық жиегін бойлап үстінде жатады. Өкше сүйектің төмпешігінің ішкі бетінің төменгі бөлігінен басталып қайық тәрізді және үлкен сына тәрізді сүйектер үстімен жүріп үлкен башпайдың ішкі сесма тәрізді сүйектің ішкі жағынан өтіп, үлкен башпайдың екінші фалангісіне бекиді. Үлкен башпайды жанына әкетеді.
Аяқ басының үлкен башпайының қысқа бүккіші қос денелі бұлшық ет. Екі басы да сына тәрізді сүйектерден, өкше және табан сүйектерінің табан бетін жалғастыратын байланыстырушы аппараттан және табан апоневрозынан басталып, сесма тәрізді сүйектерге бекиді. Үлкен башпайдың негізгі фалангісін бүгеді.
Кіші башпайды жанына қарай әкетуші бұлшық ет өкше сүйектің астыңғы беті мен табан апоневрозынан басталып, кіші башпайдың проксимальдық фалангісінің негізіне бекиді. Кіші башпайдың проксимальдық Фалангісін бүгеді және жантайтады.
Табанның шаршы бұлшық еті башпайлардың қысқа бүккіштерінің астында орналасқан. Өкше сүйектен басталып, башпайлардың ұзын бүккішінің сіңірінің латералдық жиегіне бекиді. Жиырылған кезде башпайларды бүгеді.
Аяқ басының құрт тәрізді бұлшық еттері башпайлардың ұзын бүккіштерінің сіңірлерінен басталып, башпайлардың ІІ-Ү бірінші фалангілерінің ішкі жағына бекиді. Жиырылған кезде башпайлардың проксималдық фалангілерін бүгеді және ортаңғы фалангілерін жазады.
Аяқ басының сүйек аралық бұлшық еттері. Бұлардың саны жетеу, төртеуі аяқ басының үстіңгі бетінде, үшеуі табанда орналасқан. Бәрі де табан сүйектерінің аралығында жатады. Сыртқы төрт башпайлардың табан сүйектерінің негізінің ішкі бетінен басталып, олардың бірінші фалангілерінің ішкі бетіне бекиді. Башпайларды бір-бірінен алшақтатады және жақындатады.
Аяқ басының кұрт тәрізді бұлшық еттері мен сүйек аралық бұлшык еттері қол басының аттас бұлшық еттеріне қарағанда нашар жетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет