Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Бұлшық еттердің қосалқы аппараттары



бет14/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

4.3. Бұлшық еттердің қосалқы аппараттары. Бұлшық еттердің жұмысын қамтамасыз ететін және оның сүйектермен өзара әрекеттесуінде ерекше рөл атқаратын бұлшық ет жүйесінде қосалқы құрылымдар болады. Бұлшық ет жүйесінің қосалқы аппараттарына шандырлар, кілегейлі қалталар, фиброзалық және кілегейлі сіңірлі қынаптар, шығыршықтар мен сесма тәрізді сүйектер жатады.
Шандыр (фасция) жеке бұлшық еттерді қаптап немесе олардың тобын бірі-бірінен бөлетін ерекше құндақ құраушы дәнекерұлпалық пластинкалардың күрделі жүйесі.
Шандырлар құрылымдык және қызметтік ерекшеліктеріне қарай беткей, терең және ағзалар шандырлары деп бөлінеді. Беткей (теріасты) шандырлар, терінің астында жатады. Олар теріасты шелмайының тығыздалған түрі больш, сол аумақтын барлық бұлшықеттерін қоршайды. Беткей шандырлар морфологиялық, қызметтік жағынан теріасты шелмайы, терімен байланысты және олармен бірге дененің серпімді тірегін қамтамасыз етеді.
Синовиялық қалталар синовиялық сұйыққа толы қабырғасы жұқа дәнекерұлпалық қалталар. Синовиялық қалталар сіңір мен сүйектердің арасындағы үйкелісті азайтады.
Сесматәрізді сүйектер сіңірдің ішінде дамиды, кейбір блоктәрізді буындарда кездеседі.
4.4. Бұлшық ет жұмысы. Бұлшық еттері жұмысына негіз болатын бұлшықет тінінің негізгі қасиеті оның жиырылғыштығы болып табылады.
Бұлшык ет жиырылғыштығында қысқарып, бекіген екі нүкте өзара жақындайды. Бұл екі нүктеден жылжымалы беку пункті, punctum mobile қозғалмайтын нүктеге, punctum fixum, тартылып, нәтижесінде дененің сол бөлігі қозғалады.
Осылай әрекет ете, бұлшық ет белгілі бір күшпен тартады да, жүкті (мысалы, сүйек салмағын) қозғап, белгілі мөлшердегі механикалық жұмысты атқарады. Бұлшық етгің кіші оның құрамына кіретін бұлшық ет талшықтарының санына байланысты және физиологиялык көлденеңі деп аталатынның ауданымен, яғни бұлшық еттің барлық талшықтары өтетін жердің кесіндісінің ауданымен анықталады. Жиырылу шамасы бұлшық еттің ұзындығына байланысты. Буындарда бұлшық еттердің әсерінен қозғалатын сүйектер механикалық тұрғыдан рычагтар, яғни ауырлықты қозғалтуға арналған карапайым машиналар түзетін сияқты.
Бұлшық еттер тірек жерден неғұрлым алыстау бекісе, соғырлым пайдалы, өйткені рычаг иінінің ұзаруы арқасында олардың күші толығырақ пайдаланылады. Осы тұрғыдан П.Ф. Лесгафт тірек нүктесінен алыстау бекитін күшті бұлшық еттерді және оған жақын бекитін етті бұлшық еттерді ажыратады. Әрбір бұлшық еттің басталатын жері — origo, және бекитін жері — insetiro, болады.
Бұлшық етке сыртқы орта факторларының әсері. Бұлшық етте жұмыс істеген кезінде одан сайын үдейтін күшті зат алмасу үрдісі жүреді. Бұл кезде бұлшықетке тамыр арқылы келетін қан ағыны күшейеді. Бұлшық ет қызметінің күшеюінен оның қоректенуі жақсарып, салмағы артады (бұлшықеттің жұмысшы гипертрофиясы). Еңбек пен спорттың әр түрлерімен байланысты жасалатын дене қимылдары ең көп жүк түсетін бұлшықеттердің жан — жақты дамуына, үлкеюіне әкеледі.
Еңбек пен спорт гигиенасы адам денесінің жарасымды дамуына жағдай тудыратын әмбебап дене шынықтыруды керек етеді. Дұрыс таңдап алған дене жаттығулары бүкіл дене бұлшықетін үйлесімді дамытады. Бұлшықеттердің қарқынды жұмысы бүкіл организмнің зат алмасуына әсер ететіндіктен, дене шынықтыру және спорт организм дамуына қолайлы әсер ететін күшті факторлардың біріне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет