Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Кеуде-құрсақ бұлшық еттері



бет17/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

5.3. Кеуде-құрсақ бұлшық еттері.
Кеуде бұлшық еттері
Кеудеде бұлшық еттердің екі тобы болады: бетінде және тереңде орналасқан бұлшық еттер. Кеуденің бұлшық еттері тыныс алу актісіне және төс-бұғана және иық буындарының қозғалыстарына қатысады. Үстінде орналасқан бұлшық еттерге үлкен және кіші кеуде бұлшық еттері, бұғаналық бұлшық ет пен ілгергі ирек бұлшық ет жатады.
Кеуденің үлкен бұлшық еті кеуденің алдыңғы бетінің көпшілік бөлігін алып жататын жақсы жетілген қалың бұлшық ет. Жиырылған кезде иықты алға және ішке қарай тартады, көтерілген қолды төмен түсіреді.
Кеуденің кіші бұлшық еті үлкен кеуде бұлшық етінің астында жатады. І-V қабырғалардан басталып жауырынның құстұмсық тәрізді өсіндісіне бекиді, жиырылған кезде жауырынды төмен және алға тартады, ал жауырын қозғалмайтын болып бекісе, демді ішке алдырушы бұлшық ет қызметін атқарады.
Бұғаналық бұлшық ет нашар жетілген бұлшық ет, бұғанадан бірінші қабырғаға барады.
Алдыңғы ирек бұлшық ет жоғарғы тығыз қабырғалардан басталып, жауырынның медиалдық жиегімен оның төменгі бұрышына бекиді.
Диафрагма инспираторлық тыныс қимылын қамтамасыз ететін денеміздің ең басты тыныс бұлшық еті. Диафрагма сіңірлі және бұлшыкеттік бөліктерден тұратын күмбез пішінді жұқа жапырақша.
Тереңде орналасқан бұлшық еттерге сыртқы және ішкі қабырға аралық бұлшық еттер, қабырғаастылық бұлшық еттер, қабырғаларды көтеруші бұлшық еттер мен кеуденің көлденең бұлшық еті жатады.
Сыртқы және ішкі қабырға аралық бұлшық еттер кұрсақтың киғаш бұлшық еттерінің жалғасы, дем алу процестерінде ерекше рөл атқарады.
Сыртқы және ішкі қабырға аралық бұлшық еттер қабырғалардың аралығын алып жатады. Сыртқы қабырғааралық бұлшық еттер омыртка жотасының қабырғаларынан басталып, төс сүйегіне жетпей қабырға шеміршектерінің басталатын жеріне ғана жетеді.
Қабырға асты бұлшық еттер кеуде клеткасының ішкі бетінің артқы бөлігінде орналасатын тұрақсыз бұлшық ет.
Кеуденің көлденең бұлшық еті кеуденің ішкі жағында орналаскан, жиырылуы демді шығаруға көмектеседі (18-сурет).



18-сурет. Тұлға бұлшық еттері

Құрсақтың бұлшық еттері.


Құрсақтың бұлшық еттері кеуде клеткасының төменгі шекарасы мен жамбастың жоғары шекарасы аралығында орналасады. Құрсактың екі жанында үш-үштен жалпақ бұлшық еттер орналасады. Олар құрсақ қуысының бүйір қабырғасын құрайтын сыртқы және ішкі қиғаш бұлшық еттер мен көлденең бұлшық ет және құрсақтың алдыңғы қабырғасын құрауға қатысатын тік және пирамидалық бұлшық еттер. Бұл бұлшық еттер арқа бұлшық еттерімен бірге тұлғаның қимылдарына қатысады, сонымен бірге құрсақ прессасы ретінде ішкі органдарды ұстап тұрады.
Құрсақтың тік бұлшық еті V-VІІ қабырғалардың шеміршектері мен төс сүйектің найза тәрізді өсіндісінен басталып шат симфизінің сыртқы жағына бекиді. Құрсақтың тік бұлшық етінің жамбас ұшында сүткоректілердің пирамидалықбұлшық ет деп аталатын жеке бұлшық етінің рудименті орналасқан, бұлшық еттің бұл қалдығы адамда көбінесе болмайды. Пирамидалық бұлшық ет шат сүйегінен басталып, ақ сызықтың кіндіктен төменгі шетіне бекиді.
Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті VII-VIIІ қабырғалардың сүйек ұштарынан 7-8 тістермен басталып, мықын сүйектің қырына бекиді.
Құрсақтың ішкі қиғаш бұлшық еті бел-арқа шандырынан, мықын сүйектің қырынан және шат сіңірінен басталып, соңғы үш қабырғаға бекиді. Ішкі қиғаш бұлшық еттен шәует бауымен бірге ұмаға барып ұрық безін қоршайтын көтеруші бұлшық ет оқшауланады.
Құрсақтың көлденең бұлшық еті төменгі алты қабырғалардың шеміршектерінен, бел-арқа шандырынан және мықын сүйектің қырынан басталып, алдыңғы жағынан ақ сызықпен тік бұлшық еті қынабын құрауға катысатын апоневрозға айналады.
Белдің шаршы бұлшық еті құрсақ аймағының артқы қабырғасының құрамыңда орналасады. Мықын сүйектің қырынан, төменгі бел омыртқаларының көлденең қанатшаларынан басталып ХП қабырға мен І-ТҮ бел омыртқаларының көлденең қанатшаларына бекиді. Бұл бұлшық еттің қызметі омыртқа жотасын бір жанына қарап ию.
Құрсақтың сыртқы және ішкі қиғаш бұлшық еттері мен құрсақтың көлденең бұлшық еті және байланыстырушы шат сіңірі каналын құрауға қатысады. Байланыстырушы шат сіңірі адамның тік тұруына байланысты пайда болған арнаулы құрылым.
Шат каналы ерлерде 4-5 см, дәнекер ұлпасымен жабылған шаттың байланыстырушы шат сіңірі үстіңде шат аймағында орналасқан саңылау тәрізді канал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет