Адам анатомиясы электронды оқу құралы



бет25/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

8.3. Несепағар, қуық құрылысы. Несепағар немесе зәрағар (мочеточник); (лат. ureter) — бүйректен зәрді қуыққа алып баратын түтікше мүше, ұзындығы 30 см қуықпен жалғасатын жұп өзек. Несепағардың қабырғасы үш қабықтан: ішкі — кілегейлі қабықтан, ортаңғы — етті қабықтан және сыртқы — сірлі қабықтан тұрады. Кілегейлі қабығын көпқабатты ауыспалы эпителий астарлайды. Оның астындағы екінші қабаты — өзіндік тақташаны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Ортаңғы етті қабығы (бірыңғай салалы ет ұлпасы) — ішкі және сыртқы ұзынша қабаттардан, олардың арасындағы сақинаша қабаттан тұрады. Сыртқы қабығы — сірлі қабық (сыртқы мезотелий және оның астындағы жүқа борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат).
Қуық (vesica urinaria, мочевая пузырь) шат сүйектердің артқы жағында жамбас шоңқимасының (малый таз) қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады. Ол ересек адамда кабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да, қуықтың да кабырғасындағы бұлшықет талшықтары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады.
Қуықтың бұлшықеті жиырылғанда жиналған зәр зәр-шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Ересек адамда қуықтың сыйымдылығы шамамен 500 мл. Қуық бос тұрғанда ішкі сілемейлі кабығы қатпарлы болады. Зәрге (несепке) толғанда қатпарлары жазылып тегістеледі. Қуықтың қабырғасындағы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналаскан.
Зәршығару өзегінің құрылысы ер адамдар мен әйел адамдарда бірдей емес. Әйелдердің зәршығару өзегінің ұзындығы 3-3,5 см. Зәршығару өзегінің сыртқа ашылатын тесігі қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа орналасады. Зәршығару өзегінің ішкі сілемейлі қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы зәршығару тесігімен аяқталады. Ер адамның зәршығару өзегінің пішіні түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см. Ол қуықтан басталып, жыныс мүшесінің ұшына дейін созылып жатады. Ер адамдардың зәршығару өзегі 2 түрлі қызмет атқарады: зәр және жыныс жасушалары (спермалар) сыртқа шығарылады.
8.4. Зәр шығарушы канал. Қызметі. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады. Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефрит, пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет