Адам анатомиясы электронды оқу құралы



бет26/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

9.1. Жыныс мүшелері. Аталық жыныс жүйесі. Жыныс мүшелері аталық жыныс мүшесі және аналық жыныс мүшесі болып екіге бөлінеді.
Аталық жыныс жүйесі
Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі. Сыртқы аталық мүшелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкі аталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г. Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.
Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.
Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтық өзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жыныс жасушаларының жетілуі де, екінші реттік жыныстық жетілумен тікелей байланысты. Аталық бездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен ұрықтық көпіршіктерге жиналады. Ұрықтық көпіршіктеріндегі және қуықасты бездерінен бөлінген сұйықтық шәует (сперма) деп аталады.
9.2. Аналық жыныс жүйесі. Аналық жыныс бездері. Аналық жыныс жүйесі жұп аналық бездерінен, Фаллопий түтігінен, жатырдан, қынаптан және сыртқы жыныс органдарынан тұрады. Аналық жыныс бездерінде аналық жыныс клеткалары түзіледі және ол ішкі секреция органы болып та есептеледі. Қалған бөліктері шығару жолдарына жатады.
Аналық жыныс безі. Аналық жыныс безі (яичник); (лат. ovarium – жұмыртқалық) - аналық жыныс жасушасы ( овоцит ) пісіп жетілетін және аналық жыныс гормондары түзілетін ұрғашы жануарлардың негізгі жыныс безі. Аналық жыныс безі (жұмыртқалық) - жануарлар организмінде құрсақ қуысында орналасады. Ол пішіні сопақ не дөңгелекше келген паренхималы мүше. Жүмыртқалық сыртынан сірлі қабық тың жалғасы бастама эпителиймен (бір қабатты текше тәрізді эпителий) қапталған. Бастама эпителийдің астында тығыз дәнекер ұлпасынан құралған ақшыл қабық болады. Аналық жыныс безінің кесіндісінде құрылысы бір-бірінен ерекше ажыратылатын екі аймақ көрінеді. Олар: сыртқы - фолликулалы аймақ және ішкі - тамырлы аймақ (бие жүмыртқалығында аталған аймақтар керісінше орналасады). Фолликулалы аймақ паренхимасын әртүрлі даму сатасындағы алғашқы (примордиальды) фолликулдар, өсуші фолликулдар, көпіршікті фолликулдар, жетілген фолликулдар, сары дене, ақ дене, ыңырама (атреттік) дене және олардың аралығындағы дәнекер ұлпасында орналасқан интерстициоциттер (паренхимааралық жасушалар) құрайды. Тамырлы аймақта аналық жыныс безін қоректендіретін ірі қан және лимфа тамырлары мен бездің қызметін реттейтін жүйкелер орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет