7.3. Өкпе, кеңірдек. Кеңірдек — шырышты қабықпен қапталған шеміршек түтігінсін тұратын тыныс алу мүшесі, көмендеп басталады және бастаңқы негізгі тарамымен жалғасады: томенгі тыныс жолдарыпа жатады. Кеңірдек көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен-бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдек қабырғасының қабысып қалмай, ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды. Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады.
Ауатамыр (гр. bronchus — тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауатамырлық тармақшалар (бронхиола) (гр. bronchioli - кішірею) деп аталады. Ауатамыр тармақшаларының ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршік-терімен (альвеолалармен) аяқталады.
Альвеоланың (лат. alveolus - ұяшық, көпіршік, қуыс) (11-бейне) диаметрі 0,2-0,3 мм, қабырғалары бір қабатэпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады. Қылтамырлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан оттекі қанға өтеді. Қылтамырлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газ өкпе көпіршігіне өтеді.
Өкпе (pulmones, легкое) әр алуан қызмет атқарады: қан құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, қанның қайсыбір клеткаларының тұрақтылығын сақтайды және жүректің сол жақ камерасының қанға толуын белсенді түрде реттейді, липидтік, көмірсу және жартылай белоктық алмасуларды реттейтін бірнеше ферменттерді бөледі. Ең маңызды қызметі сыртқы газ алмастыруды қамтамасыз ету.
Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады (12-бейне). Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады.
Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады.
Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршік сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы – 2680'120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, белок, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады.
Плевра (pleura). Плевра - өкпелерді қаптап тұратын шырышты қабықша болып табылады және кеуде қуысының қабырғаларын төсеп тұрады. Плевра жапырақшалары (париетальды, висцеральды) арасында қалыпты жағдайда 20-25 мл. сұйықтық болады.