Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Қалқанша без, қалқанша маңы, айырша без



бет31/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

10.2.2. Қалқанша без, қалқанша маңы, айырша без. Қалқанша без – сыңар, бірақ ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең үлкені. Оның түсі сарғыш-қызыл, жұмсақ, салмағы - 80-50 г, ұзындығы - 50 мм, көлденеңі - 50-60 мм. Қалқанша без мойынның ортасындағы бұлшықеттің астында, құрмау сүйектен төмен кеңірдектің алдын, екі бүйірін және көмекейді қаптап жатады. Қалқанша без үш бөліктен: аралық оң және сол жақ бүйір бөліктерден тұрады. Оның аралық бөлігі кеңірдектің алдыңғы жағында ІІ-ІҮ сақиналардың тұсында орналасып, екібүйір бөліктерді жалғастырып жатады. Қалқанша бездің аралық бөлігінен кейде жоғары қарай пирамидалық бөлік өскіндеп, құрмау сүйегіне жетеді. Қалқанша без бөлшек-бөлшек болып, көпіршіктеніп тұрады. Көпіршіктердің іші 2 сарғыш түсті қоймалжың затқа толы. Қоймалжың заттан тетрайодтиронин (тироксин) және трийодтиронин гормондары бөлініп, қанға араласады. Безді қалқанша бездің төрт артериясын қанмен жабдықтайды. Оның екеуі сыртқы ұйқы артериясынан, екеуі бұғана асты артериясынан таралады. Без жыныстық жетілу кезеңінде өте үлкейіп, қартайғанда, керісінше кішірейіп кетеді.
Қалқанша бездің қызметі өте күрделі. Ол заталмасу жұмысын арттырады. Оның тотығу және азот алмасуларда, дене қызуын (температурасын) реттеуде де маңызы зор. Сүйектің ұзарып өсуіне, канның құрамына, орталық жүйке жүйкесіне және көңіл күйге бездің тирокальцитропин гормоны әсер етеді.
Қалқанша бездің ерекшелігі – денедегі қан құрамынан йодты сіңіріп алады. Йод қалқанша безден шығатын тироксин (тетрайодтиронин) және тетрайодтиронин гормондары үшін өте қажет. Қалқанша без шамадан тыс гормон бөлсе немесе гормонды нашар бөлсе, ағза (организм) әр түрлі ауруларға ұшырайды. Бездің әрекеті асқынғанда: бақшаңкөз ауруы пайда болып, қалқанша без үлкейеді. Мұндайда адамның көзі аларып, айналып, алға шығады. Жүректің соғуы жиілеп, адам азып кетеді, қолдың басы қалтырауық болып қалады. Ал бездің әрекеті нашарласа: адамның бойы аласарып, келбетсізденеді, ақылсызданып, меңіреу (кретинизм) болып, микседема (кілегейлі қабаттардың ісуі) күшейеді және жыныс безі жоғала бастайды. Егер ағзадағы қалқанша безді алып тастаса, онда ағзада минералды заттың алмасуы бұзылады, сүйек жұмсарып қисая бастайды, жұқарып, морттана бастайды, бұлшықеттің күші кеміп адамның мінез-құлығы өзгереді. Жаңа туған балаларда қалқанша бездің массасы - 5-6 г аралығында болады, ал 18--20 жасқа дейін қалқанша без баяу өсіп, 80 грамға жетеді. Адам есейген сайын қалқанша бездің көлемі көпіршігі мен ондағы қоймалжың заттың (коллоид) есебінен үлкейеді.
Қалқаншамаңы безі – ішкі бездері ішіндегі ең кішкенесі. Оның салмағы - 0,05-0,09 г, ұзындығы – 4-8 мм, ені - 3-4 мм, қалыңдығы - 1,5-8 мм. Қалқаншамаңы безі сопақтау, домалақ,сырты жылтыр болып келеді. Жас өспірімдердің қалқаншамаңы безінің түсі таза - реңсіз, түссіз жылтырақ болады да есейе келе біртіндеп күңгірт тарта бастайды. Қалқаншамаңы безі (4-8 дана болып) қалқанша бездің екі бүйірінің артқы бетінде көбінесе екі-екіден қалқанша артериясының үлкен тамырына жабысып орналасқан. Бұл бездер жұтқыншақ қалталарының эпителийінен пайда болады.
Қалқаншамаңы бездердің қызметі жақсы зерттелмеген. Одан шығатын паратиреоидты (паратгормон) гормон сүйектің және тістің өсуіне әсер етеді. Ағзадағы, әсіресе қан құрамындағы кальцийді, фосфорды реттеуге қатысады. Бұл – ағзаның тіршілігі үшін өте қажетті мүше. Мәселен, қалқаншамаңы бездерін алып тастаса, ағза бірнеше күннен кейін қалтырауық (тетания) ауруына ұшырап, ақырында өледі. Егер 1-2 жастағы сәбилердің қалқаншамаңы бездері нашар қызмет атқарса, онда олар спазмофилия (қалтырап-дірілдейтін) аурына ұшырап, қызметі артып кетсе, онда Геклин-Гаузин және Бехтерев ауруымен ауыратыны анықталған (27-сурет).



27-сурет. Қалқанша, қалқанша маңы безі
Айырша без немесе төсасты без – жұтқыншақтың үшінші қалтасынан пайда болған сарысу эпителийінен түзілген негізгі иммундық мүше, ол көкірек қуысы аралығындағы жоғары бөлікте, төс сүйегі алқасының астында орналасады. Бұл без оң және сол жақ бөліктерге)бөлінеді. Оларды болбыр (борпылдақ) ұлпа қаптайды. Әрбір бөліктің ортасында жұмсақ зат бар, оны қыртысты зат қаптайды. Бұл екі зат бірінен-бірі айқын шектелмеген. Қыртыстың домалақ ядролы дөңгелек жасушалары - ақтүйіршік (лимфоцит), ал жұмсақ затта миллиондаған әпителий жасушаларынан түзілген Гассаля денешіктері болады. Сөйтіп, айырша без эпителий және сарысу ұлпаларынан түзілгендіктен, лимфоциттер тимуста иммундық қасиеті бар Т-лимфоциттерге айналады.
Айырша бездің қызметі: кәмелетке жеткенше жасөспірімдердің жыныс бездерінің дамуын тежеп тұрады. Тимустан бөлінетін гормон тимозин қанмен келген лимфоциттерді ағзаға зиян келтіретін бөгде денелерді жоятын иммундық Т-лимфоцитке айналдыруға және түйін бездері мен талақтың қызметін арттыруға да белгілі дәрежеде септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет