Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Бүйрекүсті безі, параганглия



бет32/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

10.2.3. Бүйрекүсті безі, параганглия.
Бүйрекүсті безі – екі бүйректің үстінде орналасқан сарғыш түсті жұп мүше. Оның оң жақтағы бүйрекбезі үш бұрышты, төменгі қуысты вена күретамырына жабысып орналасады. Сол жағындағы бүйрекбез жарты ай тәрізді, бүйректің ортаңғы жиегіне ауып орналасқан, қарынға және көкетке тиіп тұрады. Олардың салмағы тұрақты емес. Жаңа туған сәбилерде - 6-7 г, ересек кісілерде - 11-20г, ұзындығы - 49-60 мм, ені - 15-20мм, қалыңдығы - 8-6 мм.
Бүйрекбездің сыртқы қыртысы және жұмсақ заттары болады. Қыртысты заттың қызметіне қарай үш аймағы болады. Сыртқы қыртысы - түйінді аймақ, ортаңғы қабаты - будалы аймақ, ең ішкі қабаты - торлы аймақ деп аталады. Түйінді аймақтан - кортикостерон, дезоксикортикостерон; будалы аймақтан - гликокортикоидтар, торлы аймақтағы - жыныс бездерінен: еркектерде - андроген, әйелдерде - эстрогендер мен прогестерон гормондары түзіледі. Тек қыртысты заттан ғана 20 шақты гормондар бөлінеді. Олардың ішінде ағзадағы тұз бен судың алмасуын реттеуге қатысатың кортикостерон және дезоксикортикостерон, қантамырлары қабырғаларының өткізгішітігін реттеуге және көмірсутек, ақуыз (белок), майдың алмасуына қатысатын глюкокортикоидтарды ерекше атауға болады.
Бездің жұмсақ заты адреналин және норадрспалин гормондарын бөледі. Бұл гормондар ағзаға симпатикалық жүйкеге ұқсас әсер ететін болғандықтан, симпатикалық гормондар деп аталады. Адреналин гормоны 1902 жылдан бері синтездеу арқылы алынып келеді. Адреналин жүрек жұмысын күшейтіп, қан тақырларының қабырғаларын тарылтады, қан қысымын және көлденең жолақты бұлшықеттердің жиырылуын арттырады.
Адамның бүйрекбезі қызметінің жалпы нашарлауынан аддисон ауруы пайда болады. Онда тері күңгірт тартып, түрленіп, қола түске енеді де, қан қысымы кеміп, арықтайды, көмірсутектің алмасуы бұзылады. Бұл бездің қызметі артса, жас баланың жыныс гормондары күшейеді де, жыныс жүйесі тез жетіледі.
Параганглия хромафинді денелерге, яғни адреналинді жүйеге жатады. Олар симпатикалық мүшелерге қосымша болып, оның түйіндерінің қызметіне тікелей қатысады. Параганглиялер үлкен артерия және қолқанарға жабысып орналасады. Олардан ұйқы күре тамырының ішкі және сыртқы тармақтарының ажырар жерінде, бел-құрсақ қолқасының алдыңғы бетінде, сегізкөз артериясының ортаңғы тармаққа бөлінген жеріне орналасқан параганглиялерді атауға болады (28-сурет).

28-сурет. Бүйрекүсті безі мен параганглия

10.2.4. Ұйқы және жыныс бездері. Ұйқыбездердің эндокринді бөлігі эндодермальды бездерге жатады. Ұйқыбездері, күрделі көпіршікті, аралас бездер. Өйткені ұйқыбездердің бір бөлігі сыртқы (экзокринді) бездерге, екінші бөлігі ішкі (эндокринді) бездерге жатады. Ұйқыбездердің ішкі бөліктерінде пішіні домалақ эпителий жасушалы Ларгерганс аралшықтары бар. Аралшықтардың саны 80 мыңнан 2,5 млн, ал салмағы 0,6-1,5 грамға жетеді. Оны аралшық бездері дейді. Ол бездерден инсулин гормоны бөлінеді. Бұл гормондар көмірсутектің зат алмасуын реттейді. Инсулин қандағы қант мөлшерінің артып кетпеуінен сақтайды. Ұйқыбездерде бұл бөлшектердің қызметі нашарлап кетсе, адам қант ауруына (диабетке) ұшырайды оңғы кездерде ірі қараның ұйқы бездерінен инсулин алынып, оны диабетпен ауырған адамдарды емдеуге колданып жүр (29-сурет).





29-сурет. Ұйқы безі


Жыныс бездері де, ұйқыбездер секілді, аралас бездерге жатады. Жыныс бездері жыныс жасушалардан (ұрық және аналық жасушадан) басқа өздеріне тән жыныстық гормондарын бөліп шығарады. Бұл гормондар екіншпі реттік жыныс белгілерге әсер етеді. Екінші реттік жыныс белгілері дегеніміз мыналар: әйелдерге қарағанда, еркектерде бұлшықеттері жақсы дамиды және теріде өсетін түктер (сақал, мұрт және шат жүндері) көп, олардың қалқанша безі де күшті жетіледі. Әйелдердің ерекшелігі: бөксесі - үлкен, теріасты майлы қабаты - қалың, сүт безі дамыған, қалқанша безінің қызметі өмір бойы нәзік болады. Соған орай әйелдердің дауысы жіңішке, жоғары әуезді болады.


Аталық бездің эндокринді бөлігінен андрогенді гормондар - тестостерон және андростерон пайда болады. Тестостерон гормоны еркектердің алғашқы реттік белгілері (ұрықтың даму кезеңінен бастап) - аталық жыныс мүшелерінің қалыптасып, дамуына және еркектің екінші белгілерінің қалыптасуына әсер етеді, сондай-ақ жыныстық қатынасқа қабілеттілігін арттырады. Андростерон гормоны болса, тек екінші реттік белгілердің дамуына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет