Адам анатомиясы электронды оқу құралы



бет30/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

10.2.1. Гипофиз, эпифиз. Гипофиз немесе ми қосалқысы негізгі ми бөлімінің астында, аралық мидың жиегіне таман, сына сүйектегі түрік ері шұңқырында орналасады. Оның салмағы -0,3-0,7 г, ұзындығы -8-10 мм, ені -12-15 мм, қалыңдығы -5-10 мм. Жалғыз мүше. Гипофиз алдыңғы, артқы және аралық бөліктерге бөлінеді. Гипофиздің әрбір бөлігінің шығу тегі және қызметі де әр түрлі
Гипофиздің артқы бөлігі мидың ІІІ қарыншасының қабырғасынан, ал алдыңғы бөлігі жұтқыншақтың эпителийлі қалташасындағы қабырғаның аударылуынан пайда болады. Кейін бұл екі бөлік біріне-бірі бірігіп, дәнекер ұлпаға оралады да бір мүшеге айналады. Аралық бөлік жұтқыншақ эпителийінен пайда болады.



26-сурет. Ішкі секреция бездері


Гипофиздің алдыңғы бөлігі – безді гипофиз. Ол қан тамырларына өте бай. Гипофизден шыққан өнімдер тек қанға ғана емес, жұлын-ми өзегіндегі сұйық заттарға да бөлінеді деген пікір бар. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен 20-шақты гормондар бөлінеді. Солардың бірі – соматотропты өсу гормондары. Егер ол гормон жетіспей қалса, онда адамның денесі дамымай, ергежейлі күйге ұшырайды; ал гормон күшті дамыса, жас өспірімдер алып болып, ересек адамдар акромегалия ауруына тап болып, төменгі жақ, бет, мұрын сүйектері және табан, саусақ сүйектері ебдейсіз мөлшерде өсіп кетеді. Мұны сүйектердің тасуы деп атайды.


Бонадотропты гормондардан пролактин гормонын атауға болады. Ол желінде сүттің пайда болуына әсер етеді. Фолликуланы дамытатын гормон аналық жыныс жасушасының (клеткасының) жетілуіне әсер етіп, қалқанша және бүйрек бездерінің қызметін күшейтетін тиретропты, аденокортикотропты, т. б. гормондар шығарады.
Гипофиздің артқы бөлігі – жүйкелі бөлігі немесе нейрогипофизден де екі окситоцин және вазопрессин гормондары бөлінетіні анықталды. Олар ағзада түрлінше әрекет - жасап, мысалы, қан қысымын арттырады, бірыңғай салалы бұлшықеттердің, әсіресе, жатыр бұлшықеттерінің босанған кезде күшті жиырылуына әсер етеді. Вазопрессиннен бөлінген антидиурездік гормон бүйректен несеп бөліну қызметін тежейді.
Эпифиз немесе томпақ без де аралық ми томпағының үстінде, мидың ақ затының астында ІІІ қарынша қабырғасының артқы жағына орналасады. Эпифизді жұмсақ милы қабықша қаптайды, оған көптеген тамырлар таралады. Эпифиздің ұзындығы - 1,2 см, ені - 5-8 мм, қалыңдығы 4-5 мм, салмағы - 0,25 г. Аралық ми төмпегінен пайда болатын без, бала жеті жасқа келгенде толық жетіледі де кейін жасушалары бұзылады. Эпифиздің қызметі жете тексерілмеген. Алайла эпифиз бұзылғанда жасөспірімдердің екінші жыныс белгілері мерзімінен бұрын дамып жетілетіні байқалады. Сондықтан эпифиз жыныс мүшелерінің дамуына және қалқанша бездің қызметіне кедергі жасайтын гормондар бөлуі мүмкін деген болжау бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет