Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Құрсақ қуысының серозалық қабығы және оның туындылары



бет21/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

6.4. Құрсақ қуысының серозалық қабығы және оның туындылары. Құрсақ қуысының серозалық қабығы құрсақ қабырғасын астарлайтын париетальдық жапырақша мен ішкі органдарды қаптаушы висцералдық жапырақшадан тұратын тұйық серозалық қапшық. Периеталдық жапырақша висцералдық жапырақшаға, яғни ішкі органдарға, ауысқан кезде серозалық қабықтың екі еселенуінің (дубликатура) есебінен түрлі байланыстырушы сіңірлер мен шажырқайлар (брыжейка), іш май пайда болады.
Құрсақ қуысының серозалық қабығының байланыстырушы сіңірі деп құрсақ куысының серозалық қабығының органнан органға ауысуын атайды. Құрсақ қуысының серозалық қабығының байланыстырушы сіңірі серозалық қабаттың екі немесе бір жапырақшасынан тұрады. Екі жапырақшалардан тұратындарына бауырдың үшбұрышты байланыстырушы сіңірі мен шажырқайлардың бәрі жатады, ал бір жапырақшадан тұратын байланыстырушы сіңірі бауырдың тәждік байланыстырушы сіңірі, бауыр-бүйрек байланыстырушы сіңірі, бүйрек-он екі елі ішек байланыстырушы сіңірі жатады.
Шажырқай құрсақ қуысының серозалық қабығының екі еселенуінен тұратын серозалық қабықшаның қатпары. Шажырқай арқылы ашы ішек құрсақтың артқы қабырғасына бекиді. Шажырқайдың төрт түрін ажыратады: ашы ішектің шажырқайы, көлденең тоқ ішектін шажырқайы, сигма тәрізді ішектің шажырқайы және тік ішектін хоғарғы бөлігінің шажырқайы. Бүйеннің құрт тәрізді өсіндісінде де шажыркай болады. Шажырқайдың серозалық жапырақшаларының аралығы арқылы қан тамырлары, нервтер, лимфа бездері мен лимфа тамырлары өтеді.
Іш май серозалық қабықшалардың майға толы көлемді қатпарлары. Іш май сүткоректілерге ғана тән.
Үлкен іш май асқазанның үлкен иілімінен жамбасқа дейін созылып құрсақ қуысының органдарын алдыңғы жағынан жауып тұрады. Үлкен іш майда лимфа бездері болады.
Кіші іш май асқазан мен бауырдың аралығында орналасқан құрсақ шажырқайының бөлігі. Бауыр-асқазан байланыстырушы сіңірі мен бауыр-он екі елі ішек байланыстырушы сіңірі кіші шажырқайдың құрамына кіреді. Осы аталған екі іш май қапшықтары жалпы құрсақ қуысымен жіңішке іш май тесігі арқылы жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет