Адам анатомиясы электронды оқу құралы



бет13/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

4.2. Бұлшық еттің жіктелуі. Микроскопиялық құрылысының айырмашылығының негізінде бұлшық еттердің үш типін ажыратады: әдетте ішкі органдардың қабырғаларында орналасқан бірыңғай салалы бұлшық еттер, жүрек еті және сүйекке бекіп, оны қимылға келтіретін скелет еті (15-сурет).
Көлденең жолақты ет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus ) – қаңқа бұлшықет ұлпасы және жүрекет ұлпасы болып екіге бөлінеді. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus sceletalis) - қаңқаның, тілдің, жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, құлақтың, көкеттің бұлшық еттерін құрайды.
Жүрек еті өзінің ультрақұрылысы жағынан қанқа бұлшық етіне ұқсас. Дене бұлшық еті сияқты ол көлденең салалы (жолақ ) келеді. Электрондық микроскоп шыққанға дейін жүрек етін бір-бірімен жалғасып жататын бұлшық ет талшықтарынан тұратын симпласт деп атаған.
Бірыңғай салалы бұлшықет (гладкая мышца); (musculus visceralis; лат. musculus — бұлшық ет, viscera — ішкі) — ішкі түтікше мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын құрайтын бүлшықет. Бірыңғай салалы бұлшықетті екі ұшы сүйірленіп келген, пішіні ұршық сабына ұқсас бірыңғай салалы ет үлпасының жасушалары – миоциттер құрайды.



15-сурет. Бұлшық еттің түрлері


Денедегі орнына және атқаратын қызметіне байланысты бұлшық еттердің пішіні әр түрлі болады. Бұлшық еттерді ұзын, жалпақ және қысқа еттер деп ажыратады (16-сурет).


Ұзын (1а) бұлшық еттердің пішіні ұршық пішінді келеді. Олар негізінде қол мен аяқта кездеседі. Жалпақ бұлшық еттер көбінесе тұлғада орналасады және олардың апоневроз деп аталатын жалпақ сіңірі болады. Апоневроздар бұлшық еттердің тірегі болып саналады. Апоневроз дене қуысының қабырғасын қалыптастыруға қатысатын бұлшық еттерге тән.
Бұлшық еттер арасымен сүйектен шығатын апоневроздардың жалғасын бұлшық ет аралық байланыстырушы сіңір деп атайды.
Жалпақ еттерге (5а) құрсақ еттері және арқа мен кеуденің беткі бұлшық еттері жатады.
Қысқа бұлшық еттер омыртқалар арасында орналасады. Сонымен бірге дөңгелек бұлшық еттерде кездеседі. Олар ауызды, көзді, артқы тесікті және адамның басқа тесіктерін қоршап тұрады.
Бұлшық еттерді қарапайым және күрделі бұлшық еттер деп те ажыратады. Қарапайым бұлшық еттер деп талшықтары бір бағытта орналасқан бір ғана бұлшық ет денесінен тұратын бұлшық еттерді айтады, ал күрделі бұлшық еттер талшықтары түрлі бағытта орналасқан екі немесе бірнеше денесі бар бұлшық еттер. Қарапайым пішінді бұлшық еттер тік талшықты, қиғаш талшықты, бір бұрышпен қиылысатын, немесе қауырсынды бұлшық ет (6,7), доға тәрізді талшықты бұлшық еттер деп бөлінеді. Күрделі бұлшық еттерге екі басты (2а), үш басты, төрт басты (4а), қос денелі бұлшық еттер (3а) жатады.



16-сурет. Бұлшық еттердің пішіні


Бұлшық еттердің атқаратын қызметіне қарай аталады: бүгілдіргіш, жазылдырғыш, әкелуші (аддуктор), әкетуші (абдуктор), бұраушы (ротатор), пронатор (ішке қарап айналдырушы), суринатор (сыртқа қарай айналдырушы), қысушы (констриктор), кеңейтуші, көтеруші, төмен түсіруші.
Бұлшық еттердің ұзындығы мен үлкендігі және топографиясымен де аталатын бұлшық еттер де болады. Мысалы, сыртқы және ішкі қанат тәрізді бұлшық еттер, ілгері және артқа асық жіліктік бұлшық еттер, кеуденің үлкен және кіші бұлшық еттері т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет