Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Дәріс № 4-5. Миология. Бұлшық еттер туралы ілім



бет12/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

Дәріс № 4-5. Миология. Бұлшық еттер туралы ілім
Жоспары:
4.1. Бұлшық еттің құрылысы
4.2. Бұлшық еттің жіктелуі
4.3. Бұлшық еттердің қосалқы аппараттары
4.4. Бұлшық ет жұмысы
5.1. Бас пен мойын бұлшық еттері
5.2. Тұлға бұлшық еттері
5.3. Кеуде – құрсақ бұлшық еттері
5.4. Қол – аяқ бұлшық еттері
4.1. Бұлшық еттің құрылысы. Бұлшық ет жүйесін зерттейтін анатомияның тарауын миология дейді. Бұлшық ет жүйесі скелетпен қосылып қимыл органдарының тұтас жүйесін құрайды.
Бұлшық ет жүйесі жиырылу қызметін атқаратын мамандалған клеткалардан немесе талшықтардан құралған.
Адам денесінде 400-ден астам, ал кейбір мамандардың мәліметі бойынша 600 бұлшық ет, немесе мускулдар бар. Мускул деген сөз латынның musculus – тышқан деген сөзінен шыққан. Адам денесінің билатеральдық (екі жақты ) симметрия типі бойынша түзілуіне сәйкес скелет бұлшықеттерінің барлығына жуығы жұп келеді. Аздағаны ғана тақ, масылы, диафрагма.
Ересек адамның скелет еттері дененің жалпы салмағының 45-50% жуығын құрайды. Жаңа туған нәрестенің бұлшық еті өте нашар жетілген, дене салмағының 20% ғана құрайды, сол сияқты кәрі адамдарда да бұлшық ет салмағы елеулі кемиді, 23-30% дейін. Ауыр атлетикамен шұғылданатын спортшылардың мускулатурасы дене салмағының 50% дейін жетуі мүмкін. Дене бұлшық етінің негізгі бөлігінің 80%-ын қол мен аяқтың еттері құрайды.
Дененің қозғалысы мен қызметі бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсерімен рефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары жәнелимфалық құрылымдар орналасады. Бұлшықетте белсенді жиырылатын бөлігін — қарыншаны және пассивті, соның көмегімен сүйекке бекитін бөлігін — сіңірді ажыратады. Сіңір тығыз дәнекер тіннен тұрады және қызыл-қоңыр түсті бұлшықет қарыншасынан тым өзгеше келетін жылтыр ақшыл-алтын түсті. Көбіне сіңірлер бұлшық еттің екі шетінде орналасады.. Сөйтіп қаңқа бұлшықеті тек көлденең жолақты бұлшықет тінінен ғана емес, сонымен бірге дәнскер тіннің әр түрінен (perimysium) (сіңір), нерв тінінен (бұлшықет нервтері), эндотелийден және бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан (қантамырлары) тұрады (14-сурет).



14-сурет. Бұлшық ет талшығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет