Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Бет бөлшектерінің сүйектері



бет10/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

3.2. Бет бөлшектерінің сүйектері. Бас сүйегінің висцералдық бөлігі эктодермадан туындайтын мезенхиманың есебінен дамиды. Бас сүйектің бет бөлімімінің сүйектерінің көпшілігі - жоғарғы жақ, таңдай, шықшыт, мұрын, көзжасы сүйектері жұп келеді, ал төменгі жақ пен танау сүйегі дара сүйектер. Бет сүйектерінің ішінде жоғарғы жақтың(mahilla, верхняя челюсть) ролі ерекше. Жоғарғы жақ құрылысы күрделі жұп сүйек, алуан түрлі қызмет атқарады. Атап айтқанда, көзшарасымен танау қуысын құрауға қатысады, мұрын қуысын ауыз қуысынан бөліп тұратын бөлімнің негізін құрайды.
Таңдай сүйек (os palatinum небная кость). Танау қуысын, ауыз қуысын, көз шарасын құрауға қатысады. Оның горизонталь және вертикаль пластинкаларын ажыратуға болады. Екі мұрын сүйектірінің горизонталь пластинкалары өзара қосылып, қатты таңдайдың артқы бөлігін құрайды.
Бет сүйегі ( os zetyqomaticum, скуловая кость). Жұп сүйек, бет сүйектерінің ішінде ең мықтысы самай, маңдай және жоғарғы жақтың шықшыт өсінділерімен қосылып шықшыт доғасын құрайды. Жоғарғы жақ сүйегінің бас сүйегіне бекуіне көмектеседі.
Мұрын сүйегі (os nasalos, носовая кость). Жұп сүйек, мұрынның үстіңгі бетін құрайды. Мұрын сүйегінің төменгі жиегі мұрын қуысының алмұрт тәрізді тесігін құрауға қатысады, ал жоғарғы жиегі маңдай сүйекке жалғасады.
Көз жасы сүйегі (os lacrimale, слезная кость ). Тор тәрізді сүйектің қағаз пластинкасымен жоғарғы жақтың маңдай өсіндісінің аралығында орналасқан жұп сүйек. Көз шарасының медиальдық қабырғасын құрауға қатысады. Көз жасы каналы өтетін тесігін байқауға болады.
Танау сүйек (vomer, сощник). Бас қаңқасының бет бөлімінің тақ сүйегі. Пішіні соқаның күрегіне ұқсас болуына байланысты түрен деп аталады. Алдыңғы жиегі мен тор тәрізді сүйектің перпендикуляр пластинкасына бекіп, мұрын пердесін құрауға қатысады. Танау сүйектің артқы бос жиегі, артқы мұрын тесіктерін – хоаноларды – бөліп тұрады.
Төменгі жақ (mandibular, нежняя челюсть). Бас сүйектің бір-бірімен қозғалмалы сүйегі. Ересек адамда тақ болғанымен, сәби өмірінің екінші жылында қосылып кететін жұп құрылымнан пайда болады.
Аша сүйек (os hyoideun, подъязычная кость). Төменгі жақ пен тілдің арасында орналасқан. Тікелей жақ сүйекпен жанаспайды, мойын бұлшық етін қоршап тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет