Адам анатомиясы электронды оқу құралы



бет6/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова
ЭСТАФЕТА, 9 б тж
Сүйек ұлпасы
Сүйек – қатты, негізгі затта орналасқан клеткалардан тұратын әктенген дәнекер ұлпа. Өсуші организмнің сүйек ұлпасында клеткалардың 3 түрі болады: остеобласт, остеоцит және остеокласт (4-сурет).
Остеобласт (сүйек құрау клеткалары) – сүйек ұлпасын түзуші клеткалар. Өсуші сүйек ұлпасының бетінде орналасады. Оларға белокты синтездейтін клеткалардың ультрақұрылыысы тән. Цитоплазмасында жақсы жетілген гранулалық (түйіршікті) эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, сонымен бірге РНК болады.
Остоецит – бөліну қабілетінен айырылған жоғары дәрежеде мамандалған көптеген өсінділермен өзара жалғасқан жұлдыз пішінді сүйек ұлпасының негізгі клеткалары. Остеоциттер сүйек қуыстарында орналасады. Остеоциттер сүйектің негізгі затын өңдеуге және оған қаннан заттарды жеткізуге қатысады. Сүйек құрылысының өзгеруі кезінде остеоциттер қайтадан ұлпаның бетіне өтуі және кері остеобластқа айналуы мүмкін.
Остеокласт – көп клеткалардың қосылуынан пайда болған мамандалған макрофактар. Негізгі қызметі әктенген шеміршік пен сүйекті бұзып+талқандап+сіңіру.



4-сурет. Сүйек ұлпасы

Пластинкалық сүйек ұлпасы кемік және тығыз болып бөлінеді. Кемік сүйек іштегі нәрестелер мен өсуші организмдерге тән, ал ересек организмде жіліктің эпифиздерінде ғана болады.


Тығыз сүйек пластинкалардан құралған, бір-біріне кигізілген цилиндрлерден тұрады; осы цилиндрлердің ортасында Гаверс каналшасы болады.
Ортасында Гаверс каналшасы бар пластинкалар жүйесін Гаверс жүйесі, немесе остеон деп атайды. Остеон сүйектің құрылымдық бірлігі.
Сүйектің дамуы. Сүйек ұрық жапырақшасының мезодермалық бөлігінен қалыптасады. Сүйектер екі әдіспен дамиды:
1) эмбриондық дәнекер ұлпасынан (төбе сүйектері мен бет сүйектері);
2) шеміршектің орнына (омыртқалар, аяқ пен қолдың сүйектері, бастың негізі және басқалары) түзілуінен.
Бірінші әдістен дамыған сүйектерді дәнекер ұлпалық сүйектердейді, ал екіншілерін – шеміршектік сүйектер деп атайды. Сүйектердің осы екі түрі де мезенхимадан дамиды. Эмбриондық дәнекер ұлпасынан сүйектің дамуы сүйектің шеміршек орнына дамуынан ерте басталады.
Шеміршек ұлпасы. Шеміршек ұлпасында клеткалар (хондроциттер) мен клеткадан тыс талшықтар, құрылысы жоқ негізгі заттың ішінде орналасқан. Коллагендік және эластиндік талшықтардың, сол сияқты негізгі заттың санына байланысты шеміршек ұлпасының үш түрін ажыратады: гиалинді, эластинді, талшықты шеміршектерді.
Шеміршектің көп тараған түрі гиалинді шеміршек. Ересек организмдерде гиалинді шеміршек сүйектердің буын беттерін жауып тұрады және кеңірдектің, ірі бронхтардың қабырғасында, қабырғаларының ұштарында, мұрын пердесінде болады.
Құлақ қалқаны мен көмейүсті шеміршектің механикалық негізін құраушы эластинді шеміршек ұлпасы оның клетка аралық кеңістігін тесіп өтетін эластинді талшықтарының торымен ерекшеленеді.
Талшықты шеміршек санның жұмыр байланыстырушы сіңірінде, омыртқааралық байланыста және сіңірлердің сүйекке бекитін жерлерінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет