Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Анатомияның зерттеу әдістері



бет3/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова
ЭСТАФЕТА, 9 б тж
1.3. Анатомияның зерттеу әдістері. Адам денесіндегі мүшелердің құрылымдық заңдылықтары көптеген әдістермен зерттеледі. Солардың ең негізгісі және бұрыннан қолданылып келген ескі түрі – осып-кесу әдісі. Бұл әдіс қазір де маңызын жойған жоқ. Адам денесінің барлық мүшелерімен танысу үшін денені бұзып, осып-кесу арқылы көрнекі құралдар – үлкен әзірмелер (макропрепараттар) жасайды.
Лықыту (иньекция) әдісі - қан мен сарысу тамырларының ішіне тез қататын бояулы зат құю арқылы зерттейді, бұл әдіс іші қуыс мүшелерге де пайдаланылады. Лықыту әдісі осып-кесу және бүлдіру әдістерімен қоса жүргізіледі.
Бүлдіру (коррозия) әдісі – құрылысы нәзік әрі күрделі мүшелерді (өкпе, бауыр) зерттеуде пайдаланылады. Мұндай мүшелердің ішкі құрылысындағы пішіндерді анықтау үшін олардың ішіне тез қатаятын сұйық заттар құйылады. Қатқан сұйықтықтың сыртындағы ұлпаларды бүлдіргіш ерітінділермен өңдейді.
Ағарту әдісі – көбінесе қаңқа сүйектерін арнайы сұйықтықпен ағартуға пайдаланылады.
Микроскопиялық әдіс – адам денесінің көзге көрінбейтін ұсақ құрылысын анықтап көру үшін арнайы ұсақ әзірмелер (микропрепараттар) жасауда пайдаланылады.
Ауторадиографиялық әдіспен (радиоактивті изотоптардың жәрдемімен) мүшелердің ( тіс, қаңқа сүйектері т.б.) даму кезеңдері тексеріледі.
Антропометрлік әдіс – дене мүшелерінің бір-біріне салыстырмалы шамаластығын (пропорциясын) зерттеу арқылы олардың қалыптасу барысындағы заңдылықты анықтайды.
1.4. Анатомиялық терминдер
Органдардың кеңістіктегі орнын анықтау мақсатында бір-біріне перпендикуляр үш жазықтықты – сагиттальдық, фронтальдық және горизонтальдық жазықтықтарды қолданады.
Сагиттальдық жазықтық (латынша sagitta – садақ оғы) денені алдынан артына қарай вертикальдық бағытта кесіп өтеді. Сагиттальдық жазықтық денені дәл ортасынан оң және сол симметриялық бөліктерге бөлсе, медиандық (орталық) жазықтық болып аталады.
Фронтальдық (frontis - маңдай) жазықтық сагиттальды және горизонтальды жазықтарға перпендикуляр өтеді. Оның бағыты маңдайға параллель болады. Денені алдыңғы және артқы бөлімдерге бөледі. Горизонтальдық жазықтық жер бетіне параллель өтеді; денені жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.
Органдардың горизонтальдық жазықтыққа қатынасын белгілеу үшін төмендегі терминдерді пайдаланды:
Краниальдық (лат. cranium – бас қаңқасы) – басқа жақын орналасуы, каудальдық (лат. cauda – құйрық) – дененің төменгі бөлігіне жақын орналасуы; вентральдық (лат. vinter – іш) – дененің алдыңғы бетіне жақын орналасуы; дорзальдық (лат. dorsum – арқа) – дененің арқа бетіне жақындау орналасуы.
Орта жазықтан шетірек жатқандарды латеральдық (лат. lateralis– бүйір), орта жазықтыққа жақындау орналасқандарды медиальды (лат. medialis – ортасы) деп белгілейді.
Қол мен аяққа қатысты орналасуды белгілеу үшін «проксимальдық» және «дистальдық» деген терминдерді пайдаланады. Проксимальдық (лат. proximalis – жақын) – тұлғаға жақын орналасқан. Қол мен аяқтың бөліктерін белгілеу үшін қолданылады, ал дистальдық (лат. distalis – алыстағы) – қол мен аяқтың тұлғадан алыстау орналасқан бөліктерін белгілеу үшін пайдаланылады (2-сурет).


2-сурет. Адам денесіндегі біліктер мен жазықтықтар схемасы
1 - вертикалді білік
2 - фронталді жазықтық
3 - горизонталді жазықтық
4 - көлденең білік
5 - сагиталді білік
6 - сагиталді жазықтық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет