5.2. Тұлға бұлшық еттері. Тұлғаның бұлшық еттері үстіңгі бұлшық ет және бірнеше кабат ҡұрап орналасқан тереңдегі бұлшық еттер болып екі топқа бөлінеді. Өздерінің шығу тегіне қарап бұлшық еттерді меншікті және ауысып келген еттер деп ажыратады.
Ауысып келген еттер қол мен аяқта дамып немесе висцеральдық доғалардың мезодермасынан пайда болып кейін тұлғаға ауысады. Осыған байланысты олар тұлға мускулатурасының үстіңгі тобын құрайды.
Арқаның бұлшық еттері. Арқаның үстіңгі бұлшық еттеріне трапеция тәрізді бұлшық ет, арқаның жалпақ бұлшық еті, үлкен және кіші ромбатәрізді бұлшық еттер, жауырынды көтеруші бұлшық ет, жоғарғы және төменгі артқы ирек бұлшық еттер жатады.
Трапеция тәрізді бұлшық ет мойынның артқы бетінде және арқаның жоғары бөлігінде терінің астында орналасады. Трапеция тәрізді бұлшық еттің астында ромбатәрізді бұлшық ет жайғасқан.
Ромба тәрізді бұлшық еттер екеу: үлкен және кіші. Жиырылған кезде жауырынды омыртқа жотасына тарталы және жауырында көкірек клеткасына қысады.
Арқаның жалпақ бұлшық еті жиырылған кезде көтерілген қолды төмен түсіреді және оны артка қарай бұрайды.
Жауырынды көтеруші бұлшық ет төрт жоғары мойын омыртқаларының көлденең қанатшаларынан басталып жауырынның жоғары бұрышына бекиді. Жиырылған кезде жауырынды көтереді.
Артқы жоғарғы ирек бұлшық ет екі төменгі мойын және екі жоғарғы арқа омыртқаларының артқы сүйір өсінділерінен басталып жоғарғы қабырғаларға бекиді.
Артқы төменгі ирек бұлшық ет ХІ, ХІ арка омыртқалары мен І, ІІ бел омыртқаларының артқы сүйір өсінділерінен басталып төменгі төрт кабырғаларға бекиді.
Бұл екі бұлшық ет инспираторлық және экспираторлық тыныс алу қимылдарын қамтамасыз етеді.
Қайыс бұлшық еті жалпақ және қуатты бұлшық ет. Жоғарғы арқа және төменгі мойын омыртқалардың артқы сүйір өсінділерінен басталып І және ІІ мойын омыртқаларының көлденең қанатшаларына және самай сүйектің емізікше өсіндісіне бекиді (17-сурет).