Адам анатомиясы электронды оқу құралы



бет43/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

15.2. Тері туындылары. Шаш, тырнақ, май, тер және сүт бездері терінің туындылары болып есептеледі. Шаш дермаға еніп тұратын эпидермистің клеткаларынан пайда болады.
Теріден шығып тұратын шаштың бөлігін діңгегі, ал терідегі бөлігін оның түбірі деп атайды. Шаштың түбірін тамыр қапшығы қаптап тұрады, шаш емізікшесіне кіріп тұратын шаш баданасымен аяқталады. Шаш емізікшесі дәнекер ұлпасынан, қан тамырларынан және нервтердең тұрады. Шаш теріге эпителийден пайда болған бұлшық ет будандармен бекіген, ал кірпіктерде бұлшық ет будандары болмайды. Шаштың түсі пигментке және ондағы ауа көпіршіктеріне байланысты. Жастың ұлғаюы кезінде шаш ағарып түсе бастайды.
Тырнақ мамандалған эпидермалық құрылым болып саналады; эпидермистен пайда болады.
15.3. Май және сүт бездері. Май безі кориумның емізікше қабатында орналасқан қарапайым тармақталған альвеолалық голокриндік без. Май бездері алақан мен табаннан басқа дененің бетін толықтай алып жатады. Олардың шығаруөзектері шаштың фолликулдарына ашылады. Май бездерінің секреті терінің шаш пен түктерін және эпидермистің мүйіз қабатының майлануын қамтамасыз етеді. Секрет бөлу қызметі нәресте туғанға дейін іске қосылмайды. Секреттің бөлінуін тері мускулатурасының жиырылуы қамтамасыз етеді. Шын мағынасындағы май бездері сүткоректілерге ғана тән.
Сүт безі өзгерген тер безі болып танылады, көптеген жеке түтік-альвеолалық ұсақ безшелерден тұрады. Бездік бөлімі бірыңғай салалы клеткалармен қоршалған. Сүт безінің құрылысы өмір бойында үлкен өзгерістерге ұшырап отырады. Екіқабат болғанға дейін ересек әйелдің омырау безі (сүт безі) май клеткаларына бай дәнекер ұлпасынан тұрады. Лактацияға дайындық кезінде май клеткаларының көпшілігі майынан айырылып дәнекер ұлпалық клеткаларға айналады. Сәбиді суалтқаннан кейін безде дәнекер ұлпасының май клеткалары көбейіп кері дами бастайды. Жаңа туған нәрестенің екі жынысыңда да сүт бездері мен гормондардың әсерімен плаценталық (қағанақ) кедергі арқылы ана қанынан нәресте қанына өткен құрамы уызға ұқсас сүттің бөлінуі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет