Адам анатомиясы және гигиенасы (8-сынып) ТҮсінік хат



Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50411
Байланысты:
тандау19

АДАМ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ГИГИЕНАСЫ

(8-сынып)

ТҮСІНІК ХАТ

Адам анатомиясының негізгі міндеті адам ағзасы мүшелерінің даму зандылықтарын ашумен бірге, мұшелердің қалыпты жағдайын ажыратуға көмектесу болып табылады. Сондықтан да анатомия пәні – медицина ғылымының негізгі бір саласы. Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын және мүшелері мен оның жүйелерінің тіршілігі мен тарихи даму қызметіне байланысты тексереді. Өйткені, адамның әрбір мүшесінің құрылысы оның қызметін білу өте маңызды. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында дайындалған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 201 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы – білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту үшін білім мазмұнын түбегейлі жаңғырта отырып, білім саласында кезек күттірмей тұрған мәселелерді шешуге бағытталған. Қәзіргі таңда Қазақстан қөғамының әлеуметтік – экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі – мектепте жан – жақты, терең білім беруді жолға қою болып табылады. Білім мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ащатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Сондықтан бұл курс мектеп бағдарламасындағы адам анатомиясы курсына негізделіп жасалды, бағдарлама тереңдетіліп жан – жақты түсініктерді үш тілде түсінік қалыптастыруды қамтиды. Курс оқушылардың білім, білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамытады.

Мақсаты: Адам анатомиясы курсы бойынша білім аясын тереңдету, адамды түр ретінде екені туралы түсінік қалыптастыру,осы сала бойынша терминдерді үш тілде қолдана алуға және ғылыми терминологиялық түсініктерді білуге үйрету.

Міндеттері:



  • Адам анатомиясы курсы бойынша білім аясын тереңдету.

  • Адамның жеке түр ретінде екені туралы түсінік қалыптастыру.

  • Атқаратын қызметіне байланысты адам ағзасындағы жекелеген ұлпаларды, мүшелер жүйесі туралы түсініктерді үш тілде оқыту.

  • Терминдерді үш тілде қолдана алуға және ғылыми терминологияны түсінуге үйрету.

  • Функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

  • Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

  • Адам анатомиясы бойынша білім аясын тереңдейді.

  • Адамның жеке түр ретінде екені туралы түсінік қалыптасады.

  • Адам ағзасы, құрылысы туралы терминдерді үш тілде қолдана алады.

  • Ғылыми терминологияны біледі, білімдерін үш тілде пайдалана біледі.

  • Биологиялық терминдерді өмірмен байланыстыра алады.

Өзектілігі: Қазіргі заманда көптілді білім – өп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Сондықтан үш тілде білім беру жағдауында адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым «Адам анатомиясы» туралы білу, терминдерді үш тілде пайдалану бүгінгі күнде өзекті болып табылады.

Қолданылатын технологиялар: Сыни тұрғыдан ойлау, кейс технологиясы, үшөлшемді оқыту, жобалам оқыту.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Интербелсенді оқыту әдістері, жадыны дамыту, шатастырылған логикалық бау, топтық, жұптық, жеке жұмыс.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ



(34 сағат, аптасына 1 сағаттан)



МАЗМҰНЫ

Сағат саны

1

Кіріспе

1

2

Адамның табиғаттағы орны

1

3

Адам ағзасындағы ұлпалар

1

4

Сыртқы секреция бездері

1

5

Ішкі секреция бездері

1

6

Аралас секреция бездері

1

7

Жүке жүйесі. Ми мен жұлын

1

8

Нейрон құрылысы

1

9

Құлақтың құрылысы

1

10

Көздің құрылысы

1

11

Тілдің құрылысы

1

12

Сипап сезу

1

13

Иіс сезу мүшесі

1

14

Тірек – қимыл жүйесі

1

15

Сүйек түрлері

1

16

Бұлшық еттер

1

17

Қайталау

1

18

Организімнің ішкі құрылысы

1

19

Қанның құрамы

1

20

Қан топтары. Резус фактор

1

21

Жүректің құрылысы

1

22

Қантамырлар түрлері

1

23

Тыныс алу мүшелері

1

24

Ас қорыту мүшелері

1

25

Тіс құрылысы

1

26

Зат және энергия алмасу

1

27

Қоректік заттар

1

28

Тамақтану мөлшері

1

29

Дәрімендер түрлері

1

30

Зәр шығару мүшелері

1

31

Тері құрылысы

1

32

Ұрықтану, көбею

1

33

Онтогенез

1

34

Қорытынды

1

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жаминова Р.Ж. Моддульдік оқыту технологиясын қолдана балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру. //Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер. 2-халықаралық ғылыми-тәжирибелік конференция. 2 том. Астана -2012ж.

  2. Bilimland.kz – сайты




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет