Адам анатомиясы: пәні мен мақсаты; даму тарихы, әдістері


Сүйектердің бір-бірімен қосылыстары (синдесмология), түрлері



бет3/19
Дата28.01.2022
өлшемі16,18 Mb.
#130097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
а н

Сүйектердің бір-бірімен қосылыстары (синдесмология), түрлері.

Синдесмология (артрология) сүйектердің өзара байланысы (uniface.kz)

4 Сүйектердің қосылыстары туралы түсінік Қосылыстардың дамуы Сүйек (present5.com)

  1. Буындардың сипаттамасы, жіктелуі және қозғалыс түрлері.

Буындардың жіктелуі мен сипаттамасы Буындардың мынадай принциптер бойынша жіктелуі: 1) Буындық беттерінің саны бойынша 2)Буындық беттерінің пішіні бойынша 3)Қызметі бойынша Буындық беттерінің саны былай ажыратылады: 1. Тек 2 буындық беті бар Қарапайым буын ,мысалы, саусақаралық буындар. 2.Екіден көп буындасқан беті бар күрделі буын ,мысалы, шынтақ буыны. Ол бірнеше қарапайым буындардан тұрады, оларда қозғалыс жеке-жеке жүре алады. 3.Буынды екі камераға бөлетін буын ішіндегі шеміршегі бар кешенді буын. 4.Бірлесе қызмет атқаратын,бірақ бір-бірінен бөлек орналасатын буын-үйлесімді буын деп аталады.Мысалы, шықшыт буындары,проксимальды және дисталды кәрі шынтақ жілік буындары және ,т.б. Пішіні және қызметі бойынша былай жіктеледі: Буынның қызметі айнала қозғалыс жасалатын біліктер санымен анықталады.Айнала қозғалыс жасалатын біліктер мөлшері берілген буында оның буындасқан беттерінің пішініне байланысты.Мәселен,буынның цилиндр пішіні тек бір айналу білігі бойында қозғалыс жасауға мүмкіндік береді. Бұған қарама-қарсы буын басының шар тәрізді пішіні шардың радиустарына сәйкес келетін көптеген біліктілерді айнала қозғалыс жасауға мүмкіндік береді. Демек,біліктердің саны мен буындасқан беттердің пішіні арасында толық сәйкестік бар,буындық беттердің пішіні буын қозғалыстардың сипатын белгілейді және керісінше берілген буын қозғалыстардың сипаты оның пішінін белгілейді.



  1. Адам қаңқасының сипаттамасы, бөлімдері. Тұлға сүйектері: омыртқа бағанасы, бұғана, төс және қабырғалар.

Адам қаңқасының бөлімдері - презентация онлайн (ppt-online.org)

Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы: тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады.

Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді - жамбас белдеулері сүйектері корғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі - қимыл (қозғалу). Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан, минералды алмасуға қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет