Адам физиологиясы; пәні мен мақсаты, даму тарихы, әдістері.
Адам физиологиясы – биологияның тірі организм мен оның жеке жүйелері, органдары, тіндері мен клеткалары қызметтерін (функцияларын) зерттейтін саласы.
Анатомиядағы біліктер мен жазықтықтар және мүшелер шекарасын анықтау арналған сызықтар.
Сүйек мүше ретіндегі сипаттамасы: құрылысы мен жіктелуі.Сүйектің қосалқы құрылымдары.
Сүйек — тірі ағзаның тірек-қимыл мүшелерінің ішіндегі жұмсақ тіндердің тірегі және бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін атқаратын маңызды құрылым. Адамның денесіндегі 200-ден астам тақ және жұп сүйек-тер адамның қаңқасын немесе скелетін құрайды[1]. Сүйек коллагені мен аз мөлшерде суда ерімейтін кальций тұздарымен толыққан майдан тұрады. Сүйек сыртқы қатты қабаттан және ішкі кеуекті қабаттан тұрады.
Адам қаңқасының негізі — сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар. Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Организмде сүйектердің өзара жалғасуының үш түрі болады: қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай қозғалмалы. Сүйектің қозғалмайтын жалғасуына — бас сүйегі, жамбас сүйегі; жартылай қозғалмалы байланыс түріне — омыртқа жотасы; сүйектердің қозғалмалы байланыс түріне буын арқылы жалғасатын, яғни кол сүйектері, иық пен аяқ белдеулері, қабырғалар жатады.
Сүйектердің дәнекер ұлпасы немесе шеміршек ұлпасы арқылы байланысын қосылу деп атайды.
Сүйектер туралы ілім (остеология) | iKaz.info
Достарыңызбен бөлісу: |