ЖШС «Республикалық медицина академиясы»
Медициналық колледж
Анатомия және физиология пәні бойынша 21-23Ф, 21-23ДТ топтарына арналған емтихан сұрақтары. (2021-2022 оқу жылы)
Адам анатомиясы: пәні мен мақсаты; даму тарихы, әдістері.
Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален
Анатомия ғылымы адам денесін жан- жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді :
Жүйелік немесе жалпы анатомия – ағзаның тірек –қимыл аппаратын, ішкі мүшелерді, жүрек- тамырлар, жүйке және сезім жүйелерін зерттейді.
Топографиялық анатомия – адам денесіндегі мүшелерінің өзара орналасу тәртібін медициналық мақсатқа орай зерттейді.
Мүсіндік анатомия – адам денесінің сыртқы құрылысы мен оның мүшелерінің аралық қатынастарын үйретеді
Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірідей тексеретін саласын – функционалдық әдіс деп атауға болады.
Морфологиялық немесе құрылымдық әдістерге мыналар жатады:
А) осып-кесу әдісі-ең кең таралған әдіс
Ә)борсыту әдісі
Б)лықыту әдісі
В)ағарту әдісі
Г)бүлдіру әдісі
Ғ)микроскоптық әдіс
Функционалдық немесе қызметтік әдістерге мыналар жатады:
Д) рентгеноскопиялық әдіс
Е) рентгенографиялық әдіс
Ж) ауторадиографиялық әдіс
З) сынама-тәжірибелік әдіс
Ағзаның қызмет атқару жүйелеріне сәйкес, қалыпты анатомияның өзі бірнеше тарауға бөлінеді :
Остеология – сүйектер және олардың байланыстары туралы ілім;
Синдесмология – сүйектің, буын байланыстары туралы ілім;
Миология – бұлшық еттер туралы ілім;
Спланхнология – ішкі органдар туралы;
Ангиология – қан тамыр, жүрек туралы;
Неврология – ми, жұлын, жүйке жүйесі туралы;
Эстезиология – сезім мүшелері туралы;
Эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім.
Достарыңызбен бөлісу: |